Ключевые слова: звук, буква, гласные звуки, согласные звуки, правописание, графика
Annotation: The article analyzes the features of the Kazakh alphabet based on Latin graphics. It also
compares the features of the Kazakh, Uzbek, Karakalpak alphabet based on Latin graphics.
Keywords: sound, letter, vowels, consonants, spelling, graphics.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында: «2017 жылдың аяғына дейін
ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы
бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды
және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» – деп көрсете отырып, жазу
реформасының кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін айтады. 2018 жылдың ақпан айында Елбасымыздың
жарлығымен акутқа негізделген жаңа қазақ әліпбиі бектілді. Бекітілген әліпбиде алты әріп акутқа
негізделген (Áá, Ǵǵ, Ńń, Óó, Úú, Ýý) графемамен таңбаланса, ал екі әріп (ш, ч) диграфпен (sh, ch)
таңбаланды. Ендігі кезекте үлкен мәселелердің бірі – қабылданған жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережесін
жасау, шет тілінен енген кірме сөздер мен терминдерді игеру болып табылады. Ал осындай емле-ережені
жасау мен шет тілінен енген кірме сөздер мен терминдерді игеру сияқты лингвистикалық мәселелерді
латын графикасына көшкен түркі тілдері қалай шешті? Қазіргі түркі мемлекеттерінің ішінде латын графи-
касына негізделген әліпбиді түрік (1928 ж.), әзербайжан (1991 ж.), өзбек (1993 ж.), қарақалпақ (1993 ж.),
түркімен (1993 ж.) тілдері қолданады. Аталған тілдердің ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері қыпшақ
ноғай тобына жатады. Қазақ тіліне жақын болып есептелетін қарақалпақ тілі 1993 жылы латын графика-
сына көшкен болатын. Қарақалпақ тілінің қазіргі қолданып жүрген латын әліпбиі акутқа негізделген және
екі әрпі (sh, ch) диграфпен таңбаланады. Осымен байланысты қарақалпақ тілінің әліпбиі мен кейбір емле
ережесін қарастырған едік. Сонымен қатар латын графикасына көшкеннен кейін кірме сөздер өзбек
тілінде қалай берілгенін де айтып өтеміз.
Бізге белгілі 1926 жылы Бакудегі I түркологиялық съезден кейін барлық түркі халқы латын графика-
сына көше бастады. Осымен байланысты 1927 жылдың шілде айынан бастап, қарақалпақ облыстық
комитетінде жаңа әліпби жасақтайтын бөлім құрылды. 1928 жылдың шілдесінде К.Авезов, С.Маджитов-
тың құрастыруымен жаңа әліпби жобасы ұсынылды. Ұсыныстар мен талқылаулардан кейін кейін 1928
жылдың аяғында 32 әріптен тұратын мына әліпби жобасы қабылданады: а, b, c, ç, d, e, f, g, h, x, i, ь, j, k, l,
m, n,
ƞ, o, ө, p, q, ƣ, r, s, t, u, v, y, z, ş. Бас әріп болмады
[1].
1930 жылы «Mijnetkeş Qaraqalpaq» газетіндегі пікір алмасудан кейін әліпбиден с әрпі шығарылып,
орнына ş таңбасын қолдану шешілді. 1932 жылдың қыргүйек айындағы қарақалпақ I орфографиялық
конференциясында бас ірп таңбасы қабылданып, әліпби тәртібі былай өзгерді: Aа, Bb, Vv, Gg, Dd, Ee, Çç,
Zz, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Ff,
Xx, Şş, Hh, Әә, Qq,
Ƣƣ, Өө, Үу, Ьь [1].
Ал 1935 жылы Төрткілде II лингвистикалық конференция өтеді. Конференцияда орфография мәсе-
лесімен қатар әліпби реформасы да сөз болады. Әліпбиден /Әә/, /Өө/, /Үү/ әріптерін алып тастау ұсыныл-
ды. Алайда бұл ұсыныс кейінге қалдырылды.
Кейінірек 1938 жылдың қазан айында Төрткілде III орфографиялық конференция өтеді. Төрткілде
өткен бұл конференцияда да әліпби реформасы сөз болып, әліпбиге /Ŭŭ/ әрпі енгізіледі. Сөйтіп әліпби
тәртібі өзгереді. Нәтижесінде Қарақалпақ АССР Жоғары Кеңесінің Призидиумы төмендегідей әліпбиді
ұсынады: Aa, Bв, Vv, Gg, Dd, Ee, Çç, Zz, Ii, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Ff, Xx, Şş, Ŋ
ƞ, Әә, Өө,
Hh, Qq,
Ƣƣ, Yy, Ŭŭ, Jj, Ьь. Әліпби құрамы 32 әріптен тұрды. Оның 11 дауысты дыбыс, ал 21 дауыссыз
дыбысты білдірді. /У/ әрпі [ў] дыбысын білдірумен бірге суў, oқыў сияқты сөздердегі /уў/, /иў/ қосарды
білдіру үшін жұмсалды. Сондықтан суў, oқыў сөздері су, оқу түрінде жазылды. Қысаң дауыстылар бірінші
буында блим, ктап сияқты сөздерде жазылмады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1990 жылы Өзбек елінде латын графикасына көшу жұмыстары жүргізіле
бастайды. Ал 1993 жылы латын графикасына негізделген Өзбек әліпбиінің жобасы бекітіледі. Ізінше 1994
88
жылдың ақпан айында қарақалпақ елінде латын әліпбиіне негізделген әліпби жобасы бекітілді. Бұл
әліпби-жоба түрік тілінің әліпбиіне ұқсас келді. Аа, Ää, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Xx, Ιι, İi, Jj, Kk, Qq, Ll,
Mm, Nn, Ňň, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Vv, Ww, Yy, Zz.
Алайда бұл жоба 1995 жылы қайта қаралып, әліпби-жобадан диакритикалық таңбалар алынып тас-
талды. Диакритикалық таңбалардың орнына диграфтар мен апострофтар алынды. Аталған әліпби жоба
төмендегідей болды: Аа, Aʽaʽ, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Gʽgʽ, Hh, Xx, Ιι, İi, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Nʽnʽ, Oo, Oʽoʽ,
Pp, R
r, Ss, Tt, Uu, Uʽuʽ, Vv, Ww, Yy, Zz, Sh, sh. Қарақалпақ тілінің зерттеушілерінің айтуынша, әлипбени
еле жетилистириў кереклиги ҳәм оны техникалық қураллардан пайдаланыўға ийкемлестириўдиң
зәрүрлиги сезилди. Солай етип айырым ҳәриплердиң формасын өзгертиў ҳәм бир ҳәрипти жаңадан
киргизиўге туўра келеди. Нәтийжеде гейпара өзгерислер киргизилген 32 ҳәриптен қуралған латын жазыў
тийкарындағы жаңа қарақалпақ әлибпси 1995 жылдың 29-декабринде Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңеси-
ниң бесинши сессиясында қабыл етилди (Г.Алпаров). Бұдан қарақалпақ тілінде де әліпби жобаны
қабылдауда техникалық принципті басшылыққа алғанын көруге болады.
Бұл жоба 2005 жылы жүзеге асырылуы керек еді. Алайда 2009 жылы әліпби-жобасы қайта қаралып,
бірнеше өзгерістер болды. 2009 жылдың 8 қазандағы Қарақалпақстан Республикасының заңына сәйкес
мынадай әріптерге өзгеріс енгізілді: /ts/ әріп тіркесінің орнына /с/ әрпі алынды. /Ιι/ әрпі /Ιʽіʽ/ әрпіне
ауыстырылды. Ch диграфы енді. /Ts/ әріп тіркесінің орнына /с/ әрпінің алынуы жазуды жеңілдеткен:
«Buri’ng’i’ ts ha’ripler birikpesi arqali’ bildiriletug’i’n dawi’ssi’z sestin’worni’na /c/ ha’ribinin’ qabi’l yetiliwi
procent, cex, docent, cement, cirk, cirkulsi’yaqli’ so’zlerdin’ qoljazba ha’m baspa islerinde, sonday-aq
kompyutertexnologiyasi’nda jazi’li’wi’n jen’illestirdi [2].
Ендігі ретте Қарақалпақ тілінің әліпбиі
төмендегідей болды. Аа, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ιi, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv,
Ww, Xx, Yy, Zz, Aʽaʽ, Oʽoʽ, Ιʽiʽ, Uʽuʽ, Gʽgʽ, Nʽnʽ, Sh sh, Ch ch.
Зерттеушілердің арасында пікірталас дауысты [е], [о], [ө] дыбыстарына қатысты болды. Себебі
дауысты [е], [о], [оʽ] дыбыстары сөз басында келетін болса, /ye/, /wo/, /woʽ/ қосар әріптермен жазылды.
Мысалы, wo’zinshelik, yesapqa, won. Дауысты [е], [о], [ө] дыбыстары сөз басында келсе, /ye/, /wo/,
/wo’/
түрінде таңбаланады деген ереженің негізінде біраз уақытқа дейін аталған дыбыстар сөз басында
қосар әріппен таңбаланып жүрді. Сөз басында дауысты [е], [о], [ө] дыбыстарының естілуі қазақ тілінде де
бар. Алайда қазақ тілінде сөз басында дауысты [е], [о], [ө] дыбыстары
й
е,
у
о,
ү
ө болып естілгенімен, жазуда
ол еленбейді, бір әріппен таңбаланатыны белгілі.
Сөз басында келетін дауысты [е], [о], [оʽ] дыбыстарын қосар /
Достарыңызбен бөлісу: |