өмірін көру. Мезгілімен тауға шығып, аңшыларға еру.
Бұл жерде туған жер – кірбеңдеген елдің ортасы, ел аралау, тауға шығу, аңшыларға еру – схема.
«Конфликтіні шытырман, қат-қабат ете, асқындыра дамытуда, адам характерлерін тау қиясындай
құж-құж қалпында бейнелеуде, қайраткерді даралауда, олардың табиғатындағы ішкі қайшылықтарды
аяусыз ашуда М.Әуезовтің суреттемелері көп жағдайда Л.Толстоймен үндес шығып отырады» [3], –
дейді Т.Нұртазин.
Әр заманның өзіндік ғаламдық бейнесі тілді қолданушыларға әсерін беріп, келесі дәуір көрінісінің
баспалдағы болды. Ғаламның тілдік бейнесі адамда ғана көрінетін, оның тілдік ерекшелігінен байқалатын
тілдік бірлік. Л.Толстойдың барлық шығармаларындағы қоршаған орта, әлемге деген баға ұлтжандылық,
ұлтты сүю тұрғысынан берілетіні байқалады. Сол себепті, ағартушы тіліндегі ұлттық бояу қай жерде де
қоюланып көрінеді.
Жазушының көптеген шығармалары орманның алқаптарының және ескі саябақтарда
серуендеп жүрген уақыттарда ойластырылған.
«Өзі туып өскен Ашық алқабынсыз Россияны және менің оған қарым-қатынасымды елестету өте
қиын», – деп жазады Л.Н. Толстой.
Әр адамның туған жері өз үйінен, ауласынан бастауын алатындығына «үй», «аула алды» фреймі
мысал бола алады. Мысалы: Чурисеноктың баспанасы жарым-жартысы шіріп, бұрыш-бұрышы көгеріп
кеткен, құлауға шақ тұрған қима ағаш үй еді; бір жағы қисайып, жерге жәпірейе кіріп кеткені соншалық-
іргені көмкерген көңнің қалқасынан қақпағы жартылай жұлынған негізгі терезесі мен көзіне мақта тыға
салған кішірегі әрең көрінеді. Бас үйге жанаса табалдырығы лас, есігі аласа қима сенек, одан да аласа,
одан да көнелеу екінші қима үйшік, қақпа мен талдан тоқыған лапас салыныпты. Кезінде бәрі де бір
шатырдың астында болған сияқты, ал енді шіри бастаған қара сабан кенереден ғана қобырайды; төбеде
тек кереге көз жаппа мен итарқа қалыпты. Аула алдында діңгегі мен дөңгелегі тозып біткен, шегені кете
бастаған құдық көрінеді; су іше келген сиырлар әбден шиырылған шалшық суда үйректер жүзіп жүр.
Құдыққа таяу көк сұр жапырақты бұтақтары сирек біткен, шыт-шыт жарылған қос кәрі қызыл шілік
бүкірейе бой көтереді [4, 211 б.].
«Туған жер» лексемасын қолданғанда міндетті түрде адамның өзіне меншіктеу қасиетінің басымды-
ғын көруге болады. Ондай сөздерді өз есімдігінің тіркесіп келуінен айқын аңғаруға болады. Л.Н. Толстой-
дың «Адамға қанша жер қажет» туындысында: Сөйтіп, Пахом жерлі болады да қалды... Хош, сонымен
Пахом помещик болып шыға келді: өз жерін жыртып, егін егеді, өз жерінің шөбін шабады, өз жерінің
ағашын кесіп, өз жеріне малын жаяды. Пахом мәңгі меншігіндегі жерін жыртуға шыққанда да, жас егін-
нің көбі мен шабындығын көруге келгенде де көңілі өсіп, бір жасап қалады. Өз жеріндегі шөп те өзгеше
өсіп, гүл де басқаша шешек атып тұрғандай көрінеді. Бұрын осы арамен талай-талай жүрген-ешбір ерек-
шелігі жоқ кәдімгі жер сияқты еді, енді қарап тұрса, мүлде басқа[4, 188 б.]. Бұл жерде «туған жер»
86
концептісі «өз жерін жырту, егін егу, өз жерінің шөбін шабу, өз жерінің ағашын кесу, өз жеріне малын
жаю» тәрізді сценарилік құрылым арқылы бейнеленген.
Ойсурет – концепт қалыптастырудың ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада
метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Осы жерде Л.Н. Толстойдың шығармасынан алынған мына бір
үзіндіге назар салайық.
«–
Беу, мәртебелі тақсыр – ием әкетай-ау, о не дегеніңіз, қалай салыстыруға болады! – деп безек
қақты, – бұл жер ел іші, көңілді жер, үйреншікті мекен; жүрем десең жолы бар, қатын-қалаш кір
шайқайтын, мал суғаратын тоспасы бар; өзіміз мұжық болғалы бері жиған-терген азғантай шаруа –
жайымыз да осында: қора-қопсы деймісің, огород па, анау ата-бабам тігіп кеткен тал-терек; үлкен
әкем де, өз әкем де осы жерде дүние салған, өзім де осы арада тыныштық тапсам деймін, мәртебелі
тақсыр, басқа ештеңе де сұрамаймын. Рақымың түсіп, мынау үйшігімізді жөндеп алуға жәрдемдессең,
өзіңе көптен-көп қарыздар боламыз; оның реті келмесе, қалған ғұмырымызды о ғып бұ ғып осы
лашықта-ақ өткіземіз ғой. Өмір бойы құдайға құлшылық еткізіп, сиындырып қойсаң да, - деп ол басын
жерге жеткізе иіп, тәжім жасай бастады, - туған ұямыздан қуа көрмеші, әкетай!..
Бұл мысалда туған жер – ел іші, көңілді жер, үйреншікті мекен - фрейм, яғни қарапайым нобай;
қатын-қалаш кір шайқайтын, мал суғаратын тоспасы бар жер, ата-баба тал – терек тігіп кеткен жер –
сценарий, яғни оқиғалар мен жағдаяттар жүйесі; шаруа – жайы бар жер, қора-қопсы, огород - схема, яғни
көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай формада түсіндіріліп тұр.
Тағы бір мысал келтірелік: «Чурис пен оның әйелі үшін мынау құлағалы тұрған лашықтың, айна-
ласына шалшық су жайылған тозынды құдықтың, шіріген мал қораның, шағын қоймалар мен терезе
алдында тырбия өскен тал – шіліктің қаншалық мәні бар екенін жас помещик енді ғана ұққандай болып,
өз-өзінен әлденеге ыңғайсызданып, мұңайып қиналып қалды» [4, 114 б.]. Ал мұнда туған жер - кішкентай
лашық, туған ұя - фрейм, шалшық су жайылған тозынды құдық - схема, шіріген мал қора - схема болып тұр.
А.Ислам: «Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным
құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін
дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен
туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концеп-
тілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырады» [5].
Олай болса, «Туған жер» концептісінің семантикалық өрісін анықтауда, ең алдымен, олардың өзегін
анықтайтын сөзге, яғни базалық концептілерге назар аударылды. Сол базалық концептілер арқылы, яғни
өзексема (ядро) арқылы бірте-бірте концептілер тізбегін түздік.
Қорыта айтқанда, «туған жер» концептісінің қазақ пен орыс халықтары танымында қандай ұғым
беретінін Мұхтар Әуезов пен
Достарыңызбен бөлісу: |