екендігін, ру басы Құнанбай әулетіне тиесілі үйлерді ел «үлкен үй» санайтынын байқаймыз. Ортасында
мәдени код жатыр. Ол кодтың мазмұны жоғарыдағы мәтінде рубасы анасының шаңырағы ғана емес,
бүкіл елдің құрметті анасы ретінде танылатындығымен байланысты. Оған барша жұрт үлкен құрметпен,
сыйластықпен қарайды. Яғни бұл да халқымыздың менталитетінің айрықша бір ерекшелігін айғақтайды
және үлкенге, анаға, оның ақыл-парасаты мен кемеңгерлігіне деген құрмет халқымыздың ізгілік пен
«Өскен өркен» романында туған жер былай өрбіледі: «Ильяс болса Айсұлудай емес, өзі туып, оқып,
азамат боп келе жатқан қаласы, туған қаласы, бесігіндей Алматысын ашық қорғады. Алматы әрине жақсы
қала. Москвадан, Киевтен, Ленинградтан, тіпті Ташкенттей Орта Азияның өзіндегі қалалардан Алматыға
алғаш келген кісілерден сұраңызшы. Алматының табиғаты, тау тоғайлары, бау – бақтары, көшелер
пландары дұрыс емес, жаман деп кім айтады екен. Бәрі мақтайды, - деп өзінің шүбәсіз сенімін ашық, анық
85
айтты. – Бұл қаланы жаман деушілер әділ айтады деп ойламаймын, - деп қалды. Соңғы сөзінің тұсында
Жандос пен Карповқа салқындау қарап, қою қасты қабақтарын түйе түсіп сөз тастаған».
Мұндағы «туған жер» - өзі туған, оқыған, азамат боп келе жатқан жер - сценарий; туған қаласы, бесігі
–
схема; туған жерін қорғау, мақтау – сценарий. Сондай-ақ «бесік» - ұлттық – мәдени концепт.
Ал ұлттық – мәдени концепт дегеніміз – әрбір ұлтқа тән өзіндік танымы. Қазақ халқы үшін бесік
нәресте бөлеуге арналған киелі, қасиетті, құтты мүлік болып саналады.
Сөзді ойната білу шеберлік, шешендік болуы мүмкін, бірақ ойды ойната отырып, белгілі бір ұлттың
концептуалдық дүниетанымындағы когнитивтік кеңістікті тілдік астармен әдіптеу кез келген суреткердің
пешенесіне жазылмаған қабілет болса керек.
«Абай жолы» романындағы көлемді
концептілік құрылымның бірі «туған жер» макроконцептісі
аясында «атақоныс» микроконцептісі қаралады. «Атақоныс» концептісіне жайлау, атамекен, күзеу,
қыстау т.б. лингвокультуремалары семантикалық тұрғыда қызмет атқарады.
Белгілі бір қауымдастық үшін «Атақоныс» концептісін құрайтын тілдік бірліктердің «киелі» деген
ұғымдық ассоциацияны беретінін де айқын аңғаруға болады. Мысалы: Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын
жырасы мынау» деген Есембай-Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары. Көктем
мен күз уақыттарында, жылында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт
отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі-
барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл
осы қоныстан, Есімбайдан кеткен болатын. Сонда тайға шапқан, асық ойнаған құрбы балалармен жаяу
жарыс жасап, асыр салған ең соңғы бір ыстық қоныс осы болатын [2, 7 б.].
Жазушының «Сөніп-жану» әңгімесіндегі «туған жер» концептісі былайша суреттеліп берілген:
Қарлы – боранды ұзақ қыста жабырқау тартып, кірбеңдеген елдің ортасында, ешбір дүниеден хабар-
сыз меңіреу – мылқау болып жату. Ел аралап жүріп, кішкене бала күннен соң көрмеген елдің қыстыгүні
Достарыңызбен бөлісу: