Тәрбиелік: а) студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, оларды адамгершілікке, шын-
дыққа, достыққа, мейірімділікке, тәрбиелікке үйрету; ә) студенттердің өмірді бағалау, нағыз өмір құнды-
лықтары туралы түсініктерін кеңейту; б) тақырыпқа қатысты лексиканы беру арқылы студенттердің
бойындағы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ұштау.
Дамытушылық: а) студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту; ә) қазақ тілінде дұрыс айта
және дұрыс жаза білуге дағдыландыру; б) өтілген материалды жүйелі түрде қорытындылап айтып жеткізе
білуге үйрету; в) ойды жинақы жеткізе білуге машықтандыру; г) шығармашылықпен жұмыс істеуге
ұмтылдыру; д) оқушының адамгершілік-рухани, қоршаған ортамен байланысын дамыту; е) аналитикалық
ойлауды, танымдылықты дамытуға ықпал жасау.
Сабақтың барысы төмендегідей болды. Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушы: Құрметті студенттер! Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Мінез және келбет». Біздің сабағымыздың мақсаты: біздің мінез және келбет
туралы білімдерімізді кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |