Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет290/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   548
Байланысты:
2

АмандасуСабақ  дөңгелек  үстел  басында өткізілді.  Студенттермен  қатар  отырып,  оң қолымды  оң 

жағымда отырған бала ұсынып, сол қолын алдым, амандастым, оған жақсы тілектер, мадақтаулар айттым. 

Келесі кезекте  ол  өзінің  оң жағында отырған көршісінің  сол  қолын алып, амандасты, солайша топтың 

барлық мүшелері амандасып, қол алысқанда, шеңбер пайда болуы қажет. Менің сол жағымда  отырған 

бала шеңберді тұйықтап, менімен амандасты. Дәрісханада жылы, жағымды жағдай туды. 

Сөйтіп, жаңа сабаққа көштік. «Келбет» деген не? деген сұраққа студенттер жауап берген соң, слайд-

ты ашып, сөздің анықтамасымен таныстырдым. 

Келбет – 1) бет-әлпет, пішін, түр-тұлға, кескін, мүсін; 2) ауыспалы поэтикалық, көркемдік мағынада 

қолданылғанда бейнелік ұғым. Мысалы, өмір келбеті, сұлулық келбеті, ел келбеті. Бірақ, мұндағы келбет 

жай ғана бейне ұғымында емес – көркем, көрікті, сымбатты, ажарлы бейне ұғымында қолданылады. 

Сабақта меңгерілуге тиісті лексикамен таныстырдым (Үлестірме материалдарды таратып беру). Адам 

келбетін сипаттау үшін қолданылатын тірек сөздер: шаш, көз, мұрын, ерін, қас, маңдай, мойын, бой, дене, 

бет-пішін. Бұлар – актив лексика, сонымен қоса мен студенттерге пассив лексиканы таратып бердім. 

Актив  және  пассив  лексиканы  пайдаланып,  студенттер  қоғамдағы  түрлі  нәсілдерді  суреттеді 

(еуропеидтік, монголоидтік, негроидтік), (австралоидтік). Аралас және аралық нәсілдік топтар (эфиоптар, 

малагасийліктер,  полинезиялықтар,  меланезиялықтар  және  т.б.).  Нәсілдік  араласу  нәтижесінде  метис, 

мулат, самбо топтары шықты. Студенттер нәсілдерге слайдтардағы суреттерге сүйене отырып, сипаттама 

беріп шықты. Сонан соң слайдта нәсілдерге берілетін дәстүрлі сипаттамалар ашылып, оқылды. 



197 

Келесі  кезекте  «Мінез»  сөзінің  мәні  ашылды.  «Мінез»  сөзі  өмірде  және  көркем  әдебиетте  кеңінен 

қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. 

Күнделікті өмірде көпшілік, қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. 

Мінез  ерекшеліктері  жайлы  білім  мамандарды  жұмысқа  қабылдауда,  жауапты  қызметке  тағайын-

дауда,  бірлескен  әрекетті  орындауды  тапсыруға  байланысты  топтарға  біріктіруде  маңызды.  Сонымен 

қатар,  шиеленістерді  шешуде,  ұжымда  жағымды  психолгиялық  ахуалды  орнатуда,  қарым-қатынас 

тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет. 

Мінез  дегеніміз  адамның  белгілі  жағдаяттарда  жасайтын  типтік  әрекеттерін  сипаттайтын  тұрақты 

даралық ерекшеліктердің бірлігі. 

Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан 

өзін  тыйып  ұстауға  мүмкіндік  алады.  Мінез-құлық.  адамның  өзіне,  айналасындағы  басқа  адамдарға 

қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне 

әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді 

«Мінезді» ашатын лексиканы ұсындым. Үлестірме материалдарды бердім. Оқытушы: 

Мінезді сипаттайтын сөздерге қандай сөздер жатады?  



Адамның жағымды мінездерін атаңыздаршы!? 

Адам бойында қандай жағымсыз мінездер болуы мүмкін? 



Жақсы,  сонымен  қоса  адам  мінезін  сипаттайтын  тұрақты  тіркестер  де  тілімізде  өте  көп.  Енді, 

балалар, мен сіздерге адамның келбеті мен мінезін сипаттауға қажетті тіркестерді беремін.  

Фразеологизмдерді оқып бердім. Кейбір фразеологизмдердің мағыналарына талдау жасалды. 

Үй тапсырмасын тексеру. Оқытушы:  

Мінез адамның заттық әлем және  басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына 



қарай,  әлеуметтенуі  мен  тәрбиесіне  байланысты  қалыптасатын  болса,  темперамент  тума  факторларға, 

анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болады. 

Үйге берілген тапсырма: Жұппен жұмыс, слайд қорғау. Адам темпераментінің түрлеріне сипаттама 

беру. Талаптар: жаңашылдық, түсініктілік, ұтқырлық. Регламент сақтау: 2 минут. 

Балалар! Қазір біз «Өмір құндылықтары аукционы» ойынын ойнаймыз. Ол үшін «Шаттық шеңберін» 

құрайық! Бәріміз бірге мына әнді салайық. 

 

Өзіңмен тұрмағанмен, сый мен сымбат 



Адамға қай жаста да өмір қымбат, достар-ай! 

Шарықтап шыққанменен, шыңдарыңа 

Жас келер шын жүректе шыдам бар ма, достар-ай? 

                    

Ай-ай-ай, гүл дәурен, 

                    

Бал-бұл дәурен, бал дәурен! 

                    

Өмір әлі сын ғой, дәурен, сол дәурен! 

 

«Өмір құндылықтары аукционы» ойыны ойналды (25 мин.). 



Құрметті  студенттер,  қазір  мен  «Өмір  құндылықтары  аукционын»  жариялайын  деп  тұрмын... 

(лоттар слайдтарда берілді: намыс, бақыт, мәнсап, шетелге саяхат, кітап жазу, президент болу мүмкіндігі, 

ғарышқа  ұшу  мүмкіндігі,  жақсы  және  адал  достар,  теңіз  жағасындағы  үй,  бақытты  отбасы,  «Оскар» 

сыйлығын  алу,  киноға  түсу,  шетелдік  гранттарды  ұтып  алу,  махаббат,  белсенді  өмір,  пайдалы 

байланыстар, жақындарымыздың денсаулығы, қаржылық тұрақтылық, қоғамдағы өзіндік орын, даналық, 

туған-туысқандардың амандығы, әділеттілік, ерлік, жаңалық ашу мүмкіндігі, уақыт, өмір). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет