Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет325/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   548
    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
Ключевые  слова: 

информационно-коммуникационные  технологии,  мультимедийные  средства, 

информационная компетентность. 

 

Annotation: The impact of in formational-communication altechnologies for the language interest and for 

the development of literature skills of pupils is quite high. In the article you can find the practical usage of 

informational-communicational technologies for learning foreign language.       

Keywords: 

information and communication technologies, multimedia, information competence. 

 

Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптас-



тыру   десек,  онда   сол  шетел   тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  шетел  тілін 

оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. 

«Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет –  қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы»   екендігі  бүгінгі 

күнде бұлтартпас ақиқат  екендігі  белгілі  [1]. Сол  себепті  де мемлекеттік тілімізді  басқа ұлт өкілдеріне 

меңгертуде  дүние  жүзінің  әдістеме  ғылымында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізіп  жүрген  қатысымдық 

бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. 

Ғалым Ф.  Ш.  Оразбаеваның «Тілдік  қатынас    негіздері» атты  еңбегінде:  «Коммуникация  –  қарым-

қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы 

сөйлесу  процесін,  тілдесу  ерекшеліктерін,  тілдің  әлеуметтік  мәні  мен  қоғамдық  қызметін,  адамдар 

арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді»,- деп атап өтті [2]. Ал осы коммуникацияны 

жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-

қатынасты қамтамасыз  ететін, белгілі  бір  орта мен  араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды 

хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, 

қарым-қатынастық мәні бар бірліктер». «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, 

оқыту,  баға»  стандартында  бұл  «қатысымдық  тұлғалар»  -  тілдік  дағдылар  деп  аталған  [3].  Тілдік  төрт 

дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.  Оқушылар 

оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  дағдыларын қалыптастыра  отырып,  еркін  қарым-қатынас 

жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады.  

Білім  беру  үрдісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  мынадай  

әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады: 

– 

білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше 



жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және  т.б. 

– 

жеке тұлғаны жетілдіру (тұлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану 



іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.) 

– 

әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру; 



– 

оқу-тәрбие  жүмысын  жетілдіру  (танымдық  әрекеттің  мотивін  қамтамасыз  ету,  пәнаралық 

байланыстарды тереңдету  және т. б. 

Тілдік қатынасты сипаттау барысында қабылдау, ес, ойлау, бейнелеу, көңіл қою секілді сөйлеудің 

жүзеге асуына қатысатын сөйлеу механизмдері қарастырылады.  



228 

Әрбір  білім  беретін  мекеме  мен  көпшілік  үйлерде  ақпарат  көзі  болып  табылатын  теледидар  мен 

компьютерлер  баршылық.  Бүкіләлемдік  желіге  қосылған  компьютер  арқылы  оқушы  да,  оқытушы  да 

ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалануға зор мүмкіндіктері бар. «Актив студио» бағдарламасы арқылы 

флипчартқа алдын-ала даярланған тапсырмаларды орындау оқушыларға өте ұнайды. Уақытты үнемдеп, 

пәнге  деген  қызығушылықты  арттыра  отырып,  бала  бойында  қазақ  тілінде  сөйлеу,  қарым-қатынасқа 

жетелеу өте тиімді. Балалардың өздері слайдтар дайындап, интерактивті тақтамен жұмыс істеуді жақсы 

көреді.  Мысалы,  анимациялық  суреттер,  видео-көріністер,  презентациялар  және  т.б.  әртүрлі  дыбыстар 

арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп 

отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде 

оқушының белсенділігі оянады.  Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және ынтасы 

мен қызығушылығы жоғарылайды. 

Орта  бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандырудың  мемлекеттiк  бағдарламасының  негiзгi  бағыттарының 

бiрi  –  оқыту  процесiн  ақпараттандыру.  Күнделікті  сабақ  барысында  қолданылатын    оқу  құралдарынан 

басқа төмендегідей ақпараттық материалдарды пайдалануға болады: 

·   


компьютерлiк үйрету бағдарламалары 

·   


электрондық оқу құралдары 

·   


компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау 

·   


электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар 

·   


аудио және видеоматериалдар 

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi 

әсерiн  тигiзедi. 

Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішіндегі ACTIVboard интерактивті тақта революциялық 

жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білімің болып, инновациялық 

құрал-жабдықтарды  қолдана  білу  шеберлігіңіз  жетіп  жатыр.  Компьютер  және  интерактивті  құралдар 

арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды 

жүйелік  байланыстармен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  –  өздерінің  кәсіби  шеберлігінің 

қалыптасуына  жол  ашу  керек.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағында,  оқушылардың  ойлау 

қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын 

педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады [4,75]. 

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, 

өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны 

қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, 

жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға  лайықты,  жаңашыл  тұлғаны  қалыптастыру.  Интерактивті 

тақтаның керемет мүмкіндіктері  оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде 

интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп 

жүрген  мұғалімдер  бар.  Алайда  интерактивті  тақтаның  қолдану  мүмкіншіліктері  өте  көп.  Мысалы, 

ActiveBoard  электрондық  тақтасы:  материалды  қызу  талқылауға  ерекше  бөліп  көрсетуге,  нақтылауға, 

қосымша  ақпарат  қосуға,  электрондық  маркер  арқылы  түсін  және  сызықтың  қалыңдығын  өзгертуге; 

сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай 

аударуға;  flash–анимацияларды  пайдаланып,  өлеңдер  мәтінін  жаттауға,  суреттермен  слайдтар  жасауға; 

ағылшын  тілінде  сөйлеушілердің  дауысымен  жазылған  видео-роликтер  көруге,  сол  тілде  жазылған 

мәтінді  тыңдауға;  тест  сұрақтарымен  таныстырып,  бір  топ  оқушыны  тесттен  өткізуге;  суреттерді  бір 

фонға  қойып,  суреттерді  қимылдатып  сөйлесу  ситуациясын  ұйымдастыруға;  сөз-жұмбақтар  шешуге, 

әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге 

болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды. Инновациялық технологияның 

келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына 

жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Қазіргі таңда АКТ-ны сабақ үрдісінде қолданудың маңызы ерекше. Сабақта ақпараттық-коммуника-

циялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі 

түрде көрсете алуға мүмкіндік туады. 

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі 

болып  саналады.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  амандасудан  басталады.  Оқытушы  сабаққа 

кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы 

сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. 

Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – оқушыларды қызықтырады. 

Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. 




229 

Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. 

 

Яғни осы екі әдісті сабағымда қолдану кезінде маған бірден бір көмекші құрал ол 



– 

аудио материалдар 

болып табылады. Оқушылар компьютер арқылы естіп, тыңдау дағдыларын қалыптастырады. 

Ал,  жазуды  оқыту  кезінде,  сауатты  жазу  дағдыларымен,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытады,  әрі 

пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру  секілді үш іс-әрекетті бір 

уақытта  біріктіреді.  Коммуникативтік  сөйлеу  әрекетінің  қай  түрі  болса  да  лексикалық-грамматикалық 

дайындық  деңгейіне  сүйенеді.  Белсенді  сөйлеу  әрекетін  ұйымдастыруда  ауызекі  жауаптасу  мен  мәтін 

бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, 

аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу 

тілін  қалыптастыруда  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  қолданылуын,  сөйлем  құрастыруды,  тұрақты  сөз 

тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары 

ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, 

жазбаша  да  мазмұндап  беретіндей  дағды-машықтарынан,  шығарма,  хат  жазу  дағдыларынан  құралады. 

Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын 

байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал 

бұл  іс-әрекеттерді  сауатты  да  дұрыс  жүзеге  асыру  үшін  грамматикалық  жұмыс  жүргізілуі  керек.  Оны 

оқушылар  пернетақта  арқылы  компьютерге  енгізу  арқылы  тез  әрі  ыңғайлы  орындай  алады.  Айтылған 

барлық жұмыс түрлерінде АКТ (аудио, видео материалдар, презентациялар және т.б.) сабақтың ажырамас 

бөлігіне айналды. 

Сонымен,    ағылшын  тілі  –  бүгінгі  заманымыздың  кілті,  компьютер  технологиясының  кілті  екені 

белгілі. Ағылшын тілі – ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, 

Вальтер Скотт сөйлеген.  Заманауи ұстаз тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педа-

гогикалық-психологиялық  сауатты,  саяси-экономикалық  білімді  және  ақпараттық-коммуникациялық 

білімді  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  жан-жақты  меңгерген  ақпараттық  құзырлы 

маман болу керек. Мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Әр 

оқытушы үшін компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді 

тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен 

бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді. Инновациялық  технологияларды сабақта  қолдану –  

бұл  оның  нәтижелігіне   қолайлы   жағдайды   жасаудың  бірден-бір   жолы,  ал  ол  өз  кезегінде   бірлесе  

жұмыс  жасауға, адами  қарым-қатынастарға  себепкер болады.  Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, 

тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады, сондай-ақ  оның  сапасы  алынған  

білімнің  нақты   жағдайда  мақсатқа  жетумен  қатар  өмірдің   сапасын   көтеруде   үлкен   сұранысты  

қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет