the text. Several types of active methods are presented. Methods of text analysis are given.
Бүгінгі таңда білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты дайын ақпаратты баяндаудан гөрі
түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдер негізінде ой тастай отырып, білім алушылардың қызығушылығын
арттырып, тақырыпты, сабақта қарастырылатын мәселелерді өздеріне анықтатуға болады. Өздерінің
болжамдарын сабақ соңында сұрап, қаншалықты сәйкес келгенін айттыру да белсенділікті, қызығушы-
247
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және
тұтастық. Тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның
логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік
құралдардың белгілі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдасуынан көрінеді.
Мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен
айқындалады. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де
байланысты
Мәтін – бұл жалпы белгілі бір тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастыққа ие,
ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
Мәтінді ұғыну үшін оны қабылдауға арналған
арнайы тапсырмаларды орындау қажет. Іштей немесе дауыстап оқылған мәтінді тыңдап отырған адам
қандай дәрежеде ұққанын тексеру немесе кездескен түрлі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін түрлі
сан-алуан тапсырмалар қызмет етеді. Мәтінді меңгерту барысында түрлі әдістер іске қосылады[1, 140] .
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, көбінесе ауызша баяндау негізінде
жүзеге асады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтік әдісі, оқытушы білім алушыға мұқият ойластырылған сұрақтарды
жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған
материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу – дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ
шебер
қолданған
,
сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп те атайды. Эвристикалық әңгімелесу
барысында оқытушы білім алушының білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін,
қорытынды жасауын жеңілдетеді. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына
байланысты [2, 35].
Жалпы мәтінді өз бетімен оқыса да, ұжымдық оқу арқылы меңгерсе де оны толық түсінгенін білу үшін
арнайы тапсырмалар ұйымдастырылады. Ондай тапсырмалар интербелсенді немесе белсенді әдістер арқы-
лы жүзеге асырылады. Ондай әдістер тақырыптың күрделілік дәрежесіне байланысты және білім алушының
білім деңгейіне сай таңдалады. Мәтінді оқыту барысында қолданылатын тапсырмалардың түрлері:
-
тақырыпты оқып шығып, мәтіннің негізгі мағынасы не туралы екенін
айтқызу;
-
мәтіндегі оқиғаның қалай өрбитінін болжату;
-
тақырыптың аты мәтін мазмұнын бере ала ма деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын айтқызу;
-
мәтіннің мағыналық жағын ашатын негізгі сөздерді, сөз тіркестерін,
т.б. бөліп көрсетуге
тапсырма беру;
-
мәтінді оқып шығып, ерекше көрсетілген сөздерге назар аударыңыздарту;
-
мәтіндегі қамтылатын негізгі мәселелерді анықтату;
-
мәтінде не туралы айтылғандығын 2-3 атаулы сөйлем арқылы бергізу.
Оқу материалын меңгеру бірінші кезекте оны оқып, түсінуден басталады. Егер де қиындық
туғызатын болса, онда:
-
таныс емес сөздерді табу мақсатында оқып отырған мәтінді қарап шығу: білім алушыға аз уақыт
ішінде (3 бетке- 1 минут) таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін, ұғымдар мен терминдерді табу тапсыры-
лады. Мұнан кейін олар өз жұбымен сөздердің мағынасы туралы пікір алмаса алады. Егер мағынасы
табылмаса, топ болып талқылайды. Бүкіл топ таба алмаса, оқытушы өзі айтып беруі тиіс;
-
мәтіннің мазмұнын меңгеру үшін алғашқы жасалатын қадам – көз жүгіртіп оқу. Сосын кілтті
(маңызды) сөйлемдерді белгілейді. Әдетте ол әр абзац басындағы сөйлемдер болып келеді. Негізгі идеяны
топ болып талқылайды;
-
оқылым әдетте миға шабуыл немесе ой шабуылынан басталуы керек. Ол үшін «мәтінде не туралы
айтылуы мүмкін деп ойлайсыңдар» деген сияқты сұрақтардан басталуы тиіс;
-
мәтін бойынша миға шабуылдың тағы бір түрі білім алушылардың өздеріне болжам сұрақтарын
құрастыртуға болады. Мәтін оқылып болған соң сол сұрақтарға жауап тапқан, таппағандарын тексеруге
болады;
Жады үзінді түрінде жұмыс жасайды - нәтижесінде оқылған мәтіннің 85% ұмытылып қалады. Бірақ,
есте сақталатын ақпарат көлемін ұлғайтудың бірнеше жолы бар. Ол үшін белсенді оқу тәсілін қолдану
керек -белгілер қою, қызықты немесе пайдалы үзінділерді көрсету, болашақта тереңірек ақпарат іздеу
үшін сұрақтар құрастыру. Кітап бетіне қарындашпен белгі қойып, оқығаннан кейін пікір немесе
қысқаша мазмұнын жазса, мәтінді меңгеруде көп көмегін тигізеді, ал ең құнды ақпарат үнемі қолжетімді
болады.
Тиімді және белсенді әдістер мәтінді меңгеруге ықпал етеді.