Аннотация: В статье рассматривается оценка, ее виды. Также показана стимулирующая роль в
формировании личности и в обучении.
Ключевые слова: оценка, формативная оценка, суммативная оценка, критерии оценки.
Annotation: The article considers the assessment, its types. The stimulating role in the formation of
personality and in learning is also show.
Keywords: evaluation, formative evaluation, summative evaluation, evaluation criteria.
Соңғы онжылдықта білім беру мазмұны сапалы өзгерістерге толы, атап айтатын болсақ, оқытудың
негізгі мақсаты ретінде саналып келген пәндік білім, шеберлік пен дағдыларды енді білім алушылардың
жалпы оқу құзыреттілігін қалыптастыру ауыстырды. Бұл бағалау жүйесіндегі өзгеріске алып келді. Білім
берудің осындай парадигмасында дәстүрлі «баға қою» бір қатар мәселелерге назар аударуды талап етеді:
-
жалпы қабылданған 5 баллдық жүйе оқытудың сыртқы табыстылығын ғана көрсетеді;
-
бағалаудың дербестігін қалыптастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді;
-
оқытудың дербестігін қиындатады. Білім беруші әрбір нақты тұлғаның алдыңғы оқу нәтижесімен
салыстырғандағы нақты жетістіктерін анықтау және оң баға беруге мүмкіндік ала алмайды, көбінесе
жауап берген сәттегі нәтижесі өз қатарластарымен салыстырылады. Ол, әрине, дұрыс емес, салауатты
бәсекелестік тудырудың орнына бір-біріне деген кері пікір қалыптасуына әкелуі де ықтимал.
-
өзінің формалдылығына және бағалау өлшемдерінің анық және нақты болмауына байланысты
дәстүрлі баға білімнің нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді және білім алушы үшін не істеу
керек, не үшін жұмыс істеу керек деген сияқты мәселелерді шешпейді;
-
білім беруші қолында толық шоғырланған «бағалар белгісі» кейбір жағдайларда бір жағынан білім
алушыға, екінші жағынан ата-анаға бағытталған психологиялық қысымның құралы деуге де болады.
Білім алушылармен арада болатын кері байланыс оқу нәтижелерін жақсарту үшін оларға көмек көрсету
мақсаттарына емес, көбінесе әлеуметтік және басқару мақсаттарына қызмет етеді;
-
білім алушылар жетістіктерінің сапасы емес, орындалған жұмыстың көлемі мен нысанын бағалау
тәжірибесі кең тараған;
-
білім алушыларды бір-бірімен салыстыруға көңіл бөлінеді, бұл белсенділік пен уәжді төмендетеді,
үлгерімі нашар білім алушыларға кері әсерін тигізеді және неғұрлым табысты білім алушыларға
толыққанды ілгерілеуге мүмкіндік бермейді.
Педагогтің міндеті тұлғаның өз бетінше білім алуға деген ынтасын дамыту, оның білім алуына және
ойлау іс-әрекетінің дағдыларын меңгеруіне деген қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Бірақ 5
баллдық жүйе шәкірттің оқу қызметін бағалау үшін аздық етеді. Сондықтан қазіргі уақытта бағалаудың
жаңа критерийлерін іздеу мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Оның бірнеше себебін атап өткен жөн:
бірінші кезекте бес балдық бағалау жүйесі жалпы мәдени дағдылар мен арнайы білім деңгейін анықтауға
жарамсыз. Ал оларсыз түлектердің социумға толыққанды бейімделуі мүмкін емес. Бұдан басқа,
ақпараттық жүйелердің белсенді дамуы жүріп жатыр, оларды игеруде жеке өсу мүмкіндігін де 5 баллдық
жүйемен бағалау қиын.
Міне, дәстүрлі бағалаудың осындай жетілдіруді қажет ететін тұстарын ескере келе, оған өзгеріс
енгізудің қажеттілігі бүгінгі күн талабы екендігі өзінен-өзі туындайды. Сол себепті де білім беру
нарығына критериялық бағалау тәсілі сұранып тұр деуге болады, ол оқытудың жағымсыз сәттерін жоюға,
оқу үдерісін дараландыруға, білім алушылардың оқу уәжі мен оқу дербестігін арттыруға ықпал етеді.
250
Осындай тәсілдердің бірі-оқытуды жақсарту үшін бағалау деп атауға болатын формативті (қалып-
тастырушы) бағалау болып табылады.
Формативті бағалау білім алушыларды оқытуға жеке бағытталған тәсілдің құрамдас бөлігі болып табы-
лады. Осыған байланысты оқытушының рөлі өзгереді. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар субъекті-
лер арасындағы ынтымақтастық негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім немесе оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы қолданылмайды, сонымен қатар ол ынта-
ландырылады. Бағалау үздіксіз жүзеге асырылады. Білім алушы өз бетімен және саналы түрде өз олқылық-
тарын анықтайды және мұғаліммен бірге оларды жоюға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Бақылау тетік-
терінің бір бөлігі өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі бағалауға айналады. Жеке тұлға емес, оның жұмысы баға-
ланады. Ал жұмысты бағалау кезінде екпін кемшіліктерге емес, жетістіктерге түсіріледі.
Осыларды саралай келіп, дәстүрлі бағалаудан гөрі критериялық бағалаудың тиімділігіне көз
жеткіземіз. Міне, сондықтан да бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |