-
мәтін жылдам әрі мұқият, зейін қоя оқылады. Тағы бір қарап өткен соң жарыс басталады;
-
осы мәтіннен оқу материалын сипаттайтын бір ғана сөз таңдалады (гонг);
-
сосын студенттер мәтінді бір сөйлеммен сипаттайды;
-
сол сөздің бір „құпиясын”, яғни, онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табады;
-
топтар арасында талқылау басталады;
-
сағат тілі бағытымен топтардың жазып алған сөйлемдері бір топтан екіншісіне, сосын үшіншісіне,
... жылжытылады;
-
әр топтың нұсқалары жазылып алынады;
-
ең жақсы нұсқа таңдалып, қорытындыланады;
-
рефлексия жасалып, не үшін сол сөйлем таңдалғаны негізделіп, талданады.
Нәтижесінде: студент мәтіннің негізгі идеясын жете түсінеді, өз ойын дәлелдеп айтып беруге
үйренеді, оқу материалы әрі жылдам, әрі жеңіл меңгеріледі.
«Мән-мағына» – «Негізгісін таңда» әдісі. Кез келген мәтіннің идеясын, негізгі тұжырымын табуға
бағытталған әдіс. Мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
-
мәтіннің күрделілік деңгейіне қарай оны оқып шығуға уақыт белгіленеді. Әдетте бір бетті қарап
шығуға 1 минут уақыт бөлінеді;
-
жүргізушінің немесе оқытушының белгісімен студенттер өздері құнды деп есептейтін, мәтіннің
негізгі мағынасын құрайтын жолдардың астын қарындашпен сызып қояды;
-
студенттер аты-жөнін асты сызылған жолдың үстіне жазады;
-
мәтін шеңбер бойымен жылжиды. Әрқайсысы қарап шығып, алдындағы ойыншыларға бес балдық
жүйе бойынша баға қояды. Бұған тек бірнеше секунд қана беріледі;
-
жүргізушінің белгісімен мәтін көршісіне өтеді;
-
мәтін бір бағытта ғана жылжи отырып, алғашқы иесіне қайта оралуы тиіс;
-
ұпайлары есептеледі;
-
ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады. Ойын аяқталады.
Бұл әдісті топтық, жекелей жұмыстардың бәрінде де қолдана беруге болады. Ең маңыздысы –
тақырыпты немесе мәтінді студенттің өз бетімен оқып үйренуіне ықпал ету [3, 105].
«Тірек белгілер» мәтінді оқу әдісі. Ең алдымен мәтін оқылады, студенттер неғұрлым жақсы түсінуге
тырысып, конспектілеулері тиіс. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана
суреттермен немесе шартты белгілермен беру - басты талап. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге де болады.
Сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреді, ал басқалары оны бағалап озық идеяны таңдайды.
Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігі есепке алынады.
Мысалы, «Ат-ер қанаты» деген ойды беру үшін ер адамды және құс қанатын салуға болады, т.с.с.
Сөйтіп, тұтас мәтінді беріп шығуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |