Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет81/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   548
Байланысты:
2

Лингвостилистика,  лингвистикалық  стилистика 

– 

сөздің 



қолданылу  заңдылықтары  мен  тілдің 

стильдік 

тармақтарын зерттейтін саласы. Екінші жағынан, лингвостилистика 

 



көп салалы, көп мағыналы 

стилистиканың 

бір  саласы.  Лингвостилистиканың  өз  ішіндегі  бөліктері  туралы  тіл  білімінде  әртүрлі 

қөзқарастар баршылық. Сонымен, бүгінгі таңдағы лингвостилистиканың көпшілік табан тіреген теория-

лық пікірлеріне сүйенсек, оның басты екі бағытын немесе екі түрін атауға болады. Олар: 1) тіл ресурс-

тарының  стилистикасы немесе тіл  стилистикасы.  Ол  өз  ішінде  тілдің  деңгейлеріне  байланысты:  а) 

лексикалық  стилистика,  фразеологиялық  стилистика.  Лингвостилистиканың  бұл  түрі  лексикалық 

бірліктер  мен 

тұрақты  тіркестердің

 

стилистикалық  қызметін  зерттейді;  ә) 



фонетикалық 

стилистика.  Ол 

тілдегі  дыбыстар  жүйесінің  қолданылу  заңдылықтарын  қарастырады; 

б) морфологиялық 

стилистикада 

қосымшалардың 

ойды  дәл  және  мақсатқа  сай  беру  қатынасына  көңіл  бөлінеді;  в) 

синтаксистік 

стилистикада  сөз  тіркестері  мен 

сөйлемдердің 

түрлерінің,  олардан  да  көлемді  конструкциялардың 

(күрделі синтаксистік тұтастық, 

абзац, 

т.б.) стилистикалық мақсатта жұмсалуындағы дұрыс немесе бұрыс 

құрастырылғаны негізгі нысанаға алынады.  

2) 


Функционалдық  стилистика  немесе  қолданыс  тілі  стилистикасы.  (стилистика  речи).  Бұл  да  өз 

ішінде бірнеше топқа жіктеледі. Бұл жіктелу функциональдық стильдер жүйесі бойынша жүзеге асады, 

демек, 

әдеби  тілдегі 

бес  функционапдық  стильге  бөлінеді:  а) 

ауызекі 


сөйлеу

 

стилі;  ә) 



ресми  стиль;

 

б) 



ғылыми стиль;

 

в) публицистикалық стиль және г) көркем әдебиет стилі (немесе тілі). Бұл стильдердің 



барлығы да өздеріне тән тілдік-коммуникативтік жанрларда қызмет етеді. Бір функциональдық стильдің 

тілдік элементтері  екіншісінде немесе  бірнешеуінде  бола беруі мүмкін, бірақ  әр стильдің өздерін дара-

лайтын  лингвистикалық  және  экстралингвистикалық  белгілер  бар.  Лингвостилистиканың  арқауына 

енетін  стильдердің  тағы  бір  түрі 

 

эмоциялық-экспрессивтік  стильдер.  Көп  ретте  стильдің  бұл  түрлері 



функциональдық стильдердің құрамында қарала береді.[2] 

Ал «көркем әдебиет тілі» дегенді әдеби тілдің нормасы тұрғысынан қарастыру – жоғарыда көрсетіл-

ген міндеттермен ұштасып жатқанымен, өз алдына бөлек мәселе. Қазір әдеби норма, тіл (сөз) мәдениеті 

дегендерге  айрықша  назар  аударылып,  көңіл  қойыла  бастады.  Ал  тілдің  жалпы  нормасымен  қатар, 

стильдік-эстетикалық заңдылықтарын қалыптастыратын, қалың жұртшылыққа ана тілінің әсемдік құді-



47 

ретін  танытатын,  сол  әсемдікті  дұрыс  пайдалана  білуге  тәрбиелейтін  құралдың  бірі,  тіпті  бірегейі  – 

көркем әдебиет екендігі мәлім.  

Қазақ  көркем  әдебиеті  тілін  –  көркем  туындыны  өнер  ескерткіші  ретінде  танып,  сол  өнер  иесінің 

шеберлігі тұрғысынан да, сонымен қатар оны әдеби тіл нормаларын белгілеуші, сақтаушы, жетілдіруші 

құрал ретінде танып, сол құрал иесі – жазушының норманы ұстауы не одан ауытқуы тұрғысынан да, яғни 

нормативтік – статикалық аспектіде сөз етуге болады. Көркем дүние тілінің негізі де, қоры да – жалпы 

ұлттық тіл, жалпы әдеби тіл екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан бүгінгі таңда көтерілетін 

тіл мәселесі, сайып келгенде, тілдік нормаға барып тіреледі.    

Тілдік  норма  –  ауызекі  және  әдеби  тілдің  қалыптасқан  үлгісі,  халықтың  бәріне  түсінікті,  бәрі  де 

қолданатын тілдік амалдардың жиынтығы. Тілді нормалау – тіл мәдениетін арттырудың шарасы.     

«Тіл мәдениеті» деген сала тіл білімі сияқты ғылымның бір тармағы ретінде соңғы онжылдықтарда 

ғана дүниеге келіп, әлеуметтік, ғылымдық, тәрбиелік үнге ие бола бастады.  

Бұл қандай сала, мазмұны мен мақсаты қандай? Осы жердегі «мәдениет» сөзі – «дұрыстық, түзулік, 

нормалылық»  дегендердің  баламасы.  Демек,  «тіл  мәдениеті  –  тілді  ауызша  да,  жазбаша  да  дұрыс 

пайдалану, сауатты жазу, топ алдында әсем, әсерлі етіп сөлей білу» деген сөз.  

«Тіл мәдениеті 

 



тілдің әр саласы сол тілде сөйлейтін жалпы халыққа ортақ бірдей стандарт түрде 

норма болып қалыптасқан үлгілі әдеби тіл» [3] 

Тіл  мәдениетінің  басты  мәселесі  –  тілдік  құралдардың  көмегімен  қарым-қатынас  жасау  барысында 

адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. 

Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, таза-

лық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық.  Енді солардың басты-бастыларына тоқталайық.  

Сөздің  дәлдігі  немесе  айқындығы  дегеніміз  –  сөздің  реальды  шындықтағы  заттар  мен  құбылыс-

тардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.  

Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Тегінде, ой мен сөздің логикалылығының 

сақталуы функциональдық стильдердің барлығында да керек, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде қай мәселеге 

мән  бере  айтудың,  демек,  әңгімелесуші  адаммен  түсінікті  түрде  қатынас  жасау  да  тіл  мәдениетіне 

қойылатын талапты орындау болып табылады.  

Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын  сақтаумен бірге, 

ана  тілінің  мүмкіндігін  пайдалана  білу.  Тіл  мәдениетінің  ең  басты  коммуникативтік  сапаларының  бірі 

болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар 

сөздердің әдеби тілге қатысты бірден – бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу 

керек.  

Сөздің  мәнерлілігі.  Сөздің  мәнерлілігі  дегеніміз  –  сөйлеушінің  немесе  жазушының  тыңдарманын 

немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Классиктер мен көрнекті жазушылар-

дың  шығармаларын  оқығанда,  эстетикалық  әсер  алуымыздың  бір  себебі  сөз  мәнерлілігін  авторлардың 

қисынды пайдалануында жатыр. 

Көркем  әдебиет  әралуан  мотив  пен  әдеби  норманың  сыртында  тұратын  жергілікті  сөздер  мен 

қарапайым  сөздерді  де,  окказионализм  деп  аталатын  авторлық  «жеке  меншіктерді»  де  және  өзге 

стильдерге  тән  канцеляризм,  ғылыми  термин,  кәсіби  сөз,  публицистикалық  клише  сияқтыларды  да 

қолдана алады. Бұл көркем шығарма тілінің нормасына қайшы келмейді. Ал ол норманың бұзылатын сәті 

осы элементтерді орнымен, белгілі бір мотивпен қолдана білмеген тұстарда көрінеді.  

Әдеби  норма  сыртындағы  элементтерді  жазушы  ешбір  стильдік  мақсат  көздемей,  не  кейіпкерінің 

тілінде, не авторлық ремаркада қолданса, ол тілдік стильдік «мәдениетсіздік» болмақшы. Немесе бір стиль-

дің амал тәсілдері жөн жосықсыз екінші бір стильде қолданылса – онда да тіл шырқының бұзылғаны. 

Жазба  тілде  қолданылатын  тіл  мәдениетімен  қатар,  сол  мәдениеттілік,  түзулік,  дұрыстық  ауызекі 

сөйлеу тәжірибесінде де талап етіледі. Ауызекі сөйлеу әдетте екі жағдайда өтеді: бірі – топ алдында сөй-

леу. Бұл  – жиналыс, жиындарда шығып сөйлеу, баяндама, хабарламалар жасау, сабақ  беру, радио  мен 

теледидардан сөйлеу сияқты сәттерде көрінеді. Топ алдына шыққан шешен күнделікті тұрмыста қолданы-

латын  ауызекі  сөйлесу  түрінде  емес,  әдеби  тілде  сөйлеуі  керек.  Ауызша  сөйлеудің  екі  түрінде  де  тіл 

түзулігі талап етіледі, бірақ шаршы топ алдында сөйлеуде тіл нормаларын сақтау міндеттілігі әлдеқайда 

жоғары  болмақ.  Сондықтан  жұрт  алдында  тек  шешен  сөйлеу  емес,  тіл  құдіретін  жоғары  тұтып,  үлгі 

көрсете сөйлеу – парыз. Қазіргі кезде топ алдында ауызша сөйлеу мәдениетіміз мәз емес.  

Топ алдында ауызша сөйлей білудің түп машығы күнделікті ауызекі сөйлесу дағдымызда жатыр. Бұл 

орайда  да,  қынжыла  айталық,  салақтық  пен  енжарлық  бар:  қалай  болса  солай  сөйлей  салу,  орысша, 

қазақшаны араластыру, айтар ойымызға қатысы жоқ жаңағы, сосын, әлгі, неде, нетіп сияқты қыстырма 

элементтерді  көп  келтіру  дәстүрі  етек  алып  бара жатқанын  көреміз.  Әрине,  күнделікті  тұрмыста  өзара 



48 

сөйлесудің жазба тілге қарағанда едәуір еркіндігі, ерекшеліктері бар. Бірақ «өзара сөйлесуде де оғаш, ұят, 

жарасымсыз  элементтерді  қоспай,  айтпағымызды  тыңдаушыға  әдепті  түрде  жеткізу  –  бүгінгі  жаппай 

сауатты тәрбиелі қауым біздердің бірден бір парызымыз» дер едім.   

Тіл  мәдениетіне  қатысты  бұдан  былайғы  жұмыста  алға  қоятын  ең  маңызды,  ең  басты,  ең  қажетті 

міндет – осы саланың теориялық негіздерін күшейту, ғылыми арқауын ширату болмақ. Себебі «тіл мәде-

ниеті» дегеніміз –  оңаша, оқшау тігілген  отау  емес, тілдің өзге тарамдарына, қаттауларына осы орайда 

жанаса  қонған,  солармен  тығыз  қарым-қатынаста  өмір  сүретін  ғимарат  екенін  сөзсіз  мойындасақ,  тіл 

мәдениетінің ғылыми арқауы дегеніміз – фонетиканың, морфология мен синтаксистің, лексикология мен 

терминологияның,  поэтика  мен  әдебиет  теориясының  негіздерінде  жатқандығына  да  ден  қоямыз. 

Мысалы, дұрыс жазу (орфография)  мен сөзді  сөйлеу актісінде дұрыс дыбыстау  (орфоэпия)  ережелерін 

ұсынуда,  олардың  негіздерін  дәлелдеуде  бүгінгі  фонология  мен  фонетиканың,  сондай-ақ  сөз  құрамын 

зерттейтін морфологияның, сөздердің тіркесу амалдарын зерттейтін синтаксистің, сөздердің түп төркінін, 

шығу тегін қарастыратын тарихи лексикологияның, этимологиялық ізденістердің, қысқасы, осы сияқты 

толып жатқан саланың материалдары мен табыстарын іздеу қажет болады... 

Тіл мәдениетінің өзегі – норма мәселесі екенін ескеріп, сол нормалардың негізін, бағытын көрсету, 

ғылым  тезіне  салу,  тілдік  нормаларды  кодификациялау,  яғни  ережелерді  түсіндіріп,  тіркеп,  бекітіп 

отыруды жолға қою. 

«Көркем әдебиет тілінің ұлттық нормасы» дегенді арнайы қарастыратын уақыт жеткенін сезінген жөн. 

Өйткені  тіл  мәдениеті  айтылған(жазылған)  ойды  білдіретін  тілдің  түзулігі  (дұрыстығы)  мен  қатар,  оның 

әсерлі, әсем болуын көздейтінін естен шығармау керек. Бұл орайда әдеби норма (стандарт) мен одан уәжді-

уәжсіз ауытқу дегендерді зерделеу де көтеріліп отырған мәселенің бір ұшы екендігін жақсы білген жөн.  

Ұлттық жазудың жаңа түріне – латын графикасына көшуге байланысты қазақ емлесі мен орфоэпия-

сының жаңа ережелерін түзу харекеті.  Жазу мен  сөзді дұрыс  дыбыстаудың жаңа нормаларын ұсынбас 

бұрын қазір қолданылып жүрген қазақ емлесінің бірқатар тұстарына азды-көпті өзгерістер енгізу қажет. 

Мысалы,  біріккен  сөздердің  түбір  тұлғаларының  фонетикалық  бітімін  сақтамай,  олардың  тоғысқан 

жіктеріндегі үндесу заңдылықтарына қарай жазу керек болар ма еді? Немесе орыс тілінен енген сөздердің 

қазақша  тұлғалануын  осы  күнгіше  қалдыра  тұру  керек  пе,  әлде  өзгерту  керек  пе?  «Мысалы,  жалқы 

есімдерді жазуда қалыптасып қалған қағиданы бұл күндерде бұзып, жүйелікті бұзып тұрған екі бөлек сөз 

етіп жазушылыққа (Мырза Әлі, Ғалия Бану деген сияқты) бұдан былай жол бере беру керек пе әлде бір 

ізге  салып,  ережені  қатаң  сақтауды  жазу  мәдениетінің  шарты  деп  ұсыну  керек  пе?»  Қысқасы  тіл 

мәдениетіне  қатысты  алдымызда  тұрған  шаруаның,  проблема  ретінде  қойылатын  жұмыстың  бір  ұшы 

емле, яғни сауатты жазуға келіп тірелетініне қатты назар аудару қажет деп ойлаймын. [4]  

Қазақ  тілінің  сындарлы  және  әсерлі  түрде  қолданылуын  жүзеге  асыруды  тек  мұғалімдер  мен  тіл 

мамандарының  міндеті  деп  қарамай,  бұл  іске  барлық  күшті:  теледидар  мен  радио,  баспасөзді  қосу 

қажеттігі – бүгінгі күн міндеті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет