4
КІРІСПЕ
Стандарт, үлгіқалып (ағылш. Standard – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа
ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде
қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін,
терминдерді
және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне
қойылатын
талаптарды,
адамдардың
қауіпсіздігін,
материалдық
құндылықтардың сақталуын, т.б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық
құжат; кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін
қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель; мүдделі жақтардың келісуі негізінде
дайындалған және әр түрлі іс-әрекеттің немесе
оның нәтижесіне қатысы бар
ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды жалпыға бірдей және
дүркін-дүркін пайдалану үшін белгілейтін таңылған стандарттау, метрология
мен сертификаттау женіңдегі органмен бекітілген құжат.
Стандарт ғылым, техника, өндіріс, практика.
Тәжірибе саласындағы
отандық және әлемдік жетістіктерді көрсетеді және сонымен бірге оларды тиісті
қызмет салаларында енгізудің директивасы болып табылады. Мемлекеттік
стандарттың міндетті талаптары меншік нысандары мен идеяаралық
бағыныштылығына қарамастан
барлық кәсіпорындарға, сондайақ кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын азаматтарға да қойылады. Халықаралық стандарт
халықаралық ұйым қабылдаған және белгілі бір
саладағы негізгі талаптарды,
нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік-техникалық құжат болып
табылады.
Жалпы техникалық талаптар,
техникалық шарттар, қабылдау
ережелері, типтік технологиялық процестер, тексеру
әдістері мен жабдықтары
стандарттары, тағы басқа болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: