8
Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар),
көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және
жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады,
мысалы:
• Стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
• Өндіріске өнімді даярлау және қою;
• метрологиялық жалпы ережелер және т.б.
Өнімдердің, үрдістердің, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптарына сай болуы
ҚР Заңнамасы белгілеген
ережелер бойынша анықталады.
Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік басқару органдарымен, уәкілетті
тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен даярланады.
Стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің Реестрінде тіркелмеген
мемлекеттік стандарттар қолдануға жарамсыз деп саналады.
Мемлекеттік стандарттың белгіленуі индекстен (ҚР СТ),
тіркеу
нөмірінен және сызықшамен бөлінген қабылданған жылдың соңғы екі санынан
тұрады. Тіркеу нөміріндегі алдыңғы нүктелі сандар стандарттар кешенінің
(жүйесін) шифрын анықтайды.
Халықаралық
және аймақтық, шетел мемлекеттерінің ұлттық
стандарттарын ҚР мемлекеттік стандарттары
ретінде қолданудың қажетті
шарттары:
1. ҚР стандарттау, метрология және аккредитация бойынша халықаралық
және аймақтық ұйымдарға мүше болуы;
2. ҚР және шетел мемлекеттері арасында стандарттау облысы бойынша
әріптестік туралы екіжақты (көпжақты) келісім-шарттың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: