3
ГЛОССАРИЙ
Аккредиттеу (лат. Ассrеdo – сенемін) – кез келген БАҚ редакциясының
өкілетті өкілінің өз
қызметкерін басқа мемлекетке, үкіметтік, қоғамдық және
басқа да ұйымдарға, баспасөз орталығына жіберуі.
Индекс—латынша
көрсеткіш, белгі, тізім деген ұғымды білдіреді.
Экономикалық әлеуметтік өмірдегі құбылыстарды сараптайтын әр түрлі
тұжырымды көрсеткіштер, орташа, қатысты шамалар
және коффциенттер деп
үш түрге бөлінеді
Эталон (фр. Etalon , stalo – үлгі) – ғылым мен техника дамуының белгілі
бір кезеңіндегі ең жоғары дәлдік деңгейіне сай өлшеу бірліктерін алу,
сақтау
және беру үшін қолданылатын үлгі өлшемдері мен өлшеуіш приборлар. Оның
бастапқы, қосалқы, арнаулы, мемлекеттік, куә,
салыстыру, жұмыстық және
көшірме эталон деп аталатын түрлері бар.
Директива (лат. Dirigere — бағыт беру) —
ұрыс қимылдарын дайындау
мен жүргізу, жабдықтау, үйрету штаттык ұйымдастыру т.б. әскердің (күштің) іс
әрекеті мен өмірі мәселелерін камтитын жазбаша түрдегі жауынгерлік әкімдік
немесе қызметтік құжат.
Фитобақылау—елге
әкелінетін тауарларды, көлік құралдарын,
өзге де
заттарды жұқпалы аурулар мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің келуіне
тосқауыл қою мақсатымен мемлекеттің арнаулы органдары жүзеге
асыратын
бақылау-күзету шараларының кешені.