Тақырып № Гүл морфологиясы. Андроцей мен гинецей. Гүл шоғырының түрлері


Тақырып №3 Ұлпалар және олардың классификациясы. Жасаушы,жабындық ұлпалар



бет4/12
Дата18.02.2023
өлшемі40,35 Kb.
#69015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Каюмбаева Диана ботаника практика

Тақырып №3 Ұлпалар және олардың классификациясы. Жасаушы,жабындық ұлпалар
Сұрақнама:
1.Жабындық ұлпаның негізгі қызметтерін атаңыз?
Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады.
Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі ита­лия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болған. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік деректер жинақтала басталды.1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Олай бөлу заңды да еді, егер олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде.
Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді:

  1. жабындық,

  2. негізгі,

  3. өткізгіш.

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі:

  • меристемалық (түзуші),

  • жабындық,

  • негізгі,

  • арқаулық (механикалық),

  • өткізгіш және

  • бөліп шығарушы ұлпалар.

Жабындық ұлпалар-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейміз. Жабыңдық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет