Тақырып № Гүл морфологиясы. Андроцей мен гинецей. Гүл шоғырының түрлері


Актиноморфты, зигоморфты және ассиметриялық гүлдерге мысал келтір



бет2/12
Дата18.02.2023
өлшемі40,35 Kb.
#69015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Каюмбаева Диана ботаника практика

2. Актиноморфты, зигоморфты және ассиметриялық гүлдерге мысал келтір.
Симметрия-гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып,бойлата тартылған сызық айналасында оның бөлімшелерінің орналасуы.Күлтені бойлата тең жара тартқан сызық санына қарай оның өзі-полисимметрия,бисимметрия және моносимметри болып бөлінеді.Полисимметрия. Егерде бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлетіндей үштен артық сызық тартуға болса, гүлді полисимметриялы немесе дұрыс, я болмаса актинорфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, науырызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т. б. өсімдіктердің гүлдері. Егерде күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған капустаның, сиреньнің және т. б. гүлдері жатады. Егерде күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса,ондай гүлді моносимметриялы, немесе зигоморфты немесе бұрыс гүл деп атайды (мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі және т. б.). Егерде күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін болса, ондай гүлді асимметрия немесе симметриясыз гүл дейді, мысалы канна, валериана және т. б. гүлдері.


3. Мегаспрофиллге және микроспорофиллге қандай гүл құрылысы жатады?
Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктер гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйық қуыс — жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробилдері дара жынысты. Гүлде гүл қөршауы болса, стробилде ол жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет