Тақырып № Гүл морфологиясы. Андроцей мен гинецей. Гүл шоғырының түрлері


Қосжарнақтылардың соңғы анатомиялық құрылысындағы негізгі топографиялық аймақтарды атаңыз



бет12/12
Дата18.02.2023
өлшемі40,35 Kb.
#69015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Каюмбаева Диана ботаника практика

3. Қосжарнақтылардың соңғы анатомиялық құрылысындағы негізгі
топографиялық аймақтарды атаңыз

Қос жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысының соңғысына ауысуы бүйірлік меристема – камбийдің қызметіне, сонымен қатар, өткізгіш шоқтардың аралығында пайда болған шоқ аралық камбийдің түзілуіне тікелей байланысты. Жоғарыда ескертілгендей, әрбір өткізгіш шоқтың құрамына кіретін флоэма мен ксилема бөлімдерінің ортасында жұмсалмай қалған прокамбийдің қалдық клеткаларынан шоқ камбий түзіледі. Шоқ камбийдің клеткасының сыртқы пішіні төрт бұрышты, ұзынша, призма тәрізді болып келеді де, клеткалары кірпіш сияқты қаланып белгілі ретпен орналасады. Шоқ камбийдің клеткалары тангентальді жолмен бөлініп, олардан соңғы флоэма және соңғы ксилема элементтері түзіледі. Камбийден алғашқы бөлініп шыққан флоэманың және ксилеманың элементтерін камбийдің аналық клеткалары деп атайды. Камбий клеткасының бөлінуінен пайда болған екі клетканың біреуі бөлінгіштік қасиетін сақтап, камбийлік клеткаға айналады, екіншісінен егер ол камбийдің сырт жағына қарай орналасса, флоэма, ал іш жағында жатса ксилема пайда болады. Пайда болған камбийлік жаңа клетка әрі қарай бөлінуін жалғастырып, оның туынды клеткаларынан флоэма мен ксилеманың элементтері жасалып отырады. Камбий клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан пайда болған флоэма және ксилеманың жас клеткалары камбиймен қосылып, камбий аймағын жасайды. Көпшілік ағаш, бұта тектес және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің сабағында камбийдің әрбір бөлінгіш клеткалары ксилема жағына қарай қарқынды түрде бөлініп, ксилема ксилема немесе сүрек бөлімі жуандайда да, оның аумағы көп орын алып жатады. Соңғы бүйір меристема – камбийдің бөлінгіштік қасиеті вегетациялық дәуірдің соңына дейін жалғасады. Сонымен, камбийдің клеткаларының үздіксіз бөлінуі нәтижесінде соңғы флоэма мен соңғы ксилема клеткаларының саны көбейіп, сабақ жуандап өседі. Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысының барысында оның қабық бөлімінде де, орталық цилиндрінде де елеулі өзгерістер жүреді.
4. Алғашқы және соңғы анатомиялық құрылыстың айырмашылығы мен
ұқсастығы неде?

Қорыта келгенде, қос жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы ашық шоқты болып келеді де, негізінен бүйірлік меристемалар – прокамбий мен камбийдің қызметіне тікелей байланысты өзгеріп отырады. Бұдан басқа, сабақтың алғашқы құрылысынан соңғы құрылысына ауысуына шоқ аралық камбийдің түзілуінің үлкен маңызы бар. Себебі, шоқ аралық камбийдің пайда болуына сәйкес сабақтың орталық цилиндрінде елеулі өзгерістер болады. Мысалы, күнбағыс сабағында шоқ аралық камбийдің бөлінуінен сабақтың соңғы құрылысында қосымша шоқтар пайда болады. Сонымен қатар вегетациялық дәуірдің соңында шоқ камбий мен шоқ аралық камбийдің бірігіп кетуінен шеңберлік камбий түзіледі де, қабқ бөлімінде флоэма, ал ішкі бөлімінде ксилема элементтері өзара бірігіп, тұтасып кетеді. Нәтижесінде сабақтың алғашқы шоқты типі түрі шоқсыз типіне ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет