Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны


- ерлі-зайыптылардың арасындағы ар тазалығы мен тән тазалығының бұзылуы; -



бет15/41
Дата29.09.2023
өлшемі246,26 Kb.
#111817
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
- ерлі-зайыптылардың арасындағы ар тазалығы мен тән тазалығының бұзылуы;
- жастарға ата-аналардың, үлкендердің дұрыс кеңес бере алмауы;
- жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулар ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) санының күрт өсуі;
- ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбеушілік пен дау-дамайлардың туындауы;
- жастардың нашақорлық пен маскүнемдікке салынуы;
- кәмелетке толмағандар арасында, тұрмысқа шықпай жүкті болуы;
- жастар арасында аборт санының өсуі;
- ерлі-зайыптылар арасындағы бір-біріне деген сенімсіздік;
- кәмелетке толмаған жастардың арасында жезөкшеліктің артуы, және т.б. осындай проблемаларды назардан тыс қалдырмай, тез арада шешімін табуды қажет етіп отыр. Жоғарыда атап өтілген проблемалардың алдын алу мен болдырмау жолдарындағы жыныстық тәрбие беру мәселесін дұрыс жолға қоюды талап етеді.
Жыныстық тәрбие беру мәселесін зерттеген ғалымдар Д.В. Колесов және Н.Б. Сильверова, олар бұл мәселені жүйелі түрде қарастыруға тырысып жастарға тәрбие беру жолдарын көрсеткен. Біріншіден, жастарға нағыз ер азамат, нағыз әйел қандай болуы керек екенін ұғындыру; екіншіден жыныстық тәрбие туралы сауаттылығын көтеру, үшіншіден, жыныстық тәрбие мәдениет жетілдіру қажет деп есептеген. Жыныстық тәрбие беруді 11-12 жастан бастау керек екендігін ескертіп, жасөспірім шақта аяқталуға тиіс деген.
Сондай-ақ жеткіншек мінез-құлқының ауытқу формасы жеткіншектік нашақорлықтың жол алуына себеп болуы мүмкін. Нашақорлықтың алғашқы сатысы-токсикомания. Токсикомания-бұл ауру токсикомандық заттарды, тұрмыстық химиядан алынған заттарды қолдануға, иіскеуге негізделген.
Соңғы жылдары есірткі қолданатын жеткіншіктердің саны 6-8 есеге өсті. "Отбасылық нашақорлық" кең тарауда, яғни ата - ана кішкентай балаларын есірткі қабылдауға өздері үйретеді. Қазіргі жеткіншектердің көп бөлігі бір рет болса да есірткіні қолданғаны белгілі. Нашақорлардың негізгі жасы 17 - 26 жас (42,5 % ) аралығын қамтиды. Есірткіні қолданушылардың жасы тіпті 14 - 13 жасқа дейін төмендейді.Нашақорлық өз кезегінде заң бұзуға, қылмыс жасауға әкеп соғады. Жеткіншек шақтағы нашақорлықты зерттеушілердің пікірінше, нашақорлықтың пайда болу себебі: бақылаудың жоқтығы, ата-ананың әлеуметтік деградациясы, отбасының бұзылуы, тұрмыстық және материалдық жағдайдың нашарлығы.Нашақорлық әлеуметтік зардаптарға ие. Есірткіні шамадан тыс қолдану жастар арасында өлімнің артуына және соматикалық, психикалық аурулардың қарқынды дамуына әкеп соқтырады.
Нашақорлық ұрпаққа кері әсерін тигізеді.Отбасының бұзылуына тағы бір себеп болатын физиологиялық және психикалық ауытқулары бар балалар туылады. Нашақорлық жеткіншектер жезөкшелігінің дамуына ықпал жасайды. Жезөкшелік -бұл қоғамдық пайдалы еңбектен бас тарту.Жеткіншек шақтағы жезөкшеліктің бір ерекшілігі- үлкендерге қарағанда жыныстық байланысқа санасыз баруы,өздерін үлкен қылып көрсеткісі келуі, кейде ата-аналардың өздері де осыған итермелейді. Жеткіншек жезөкшелігі- қазіргі қоғамның қасіреті. Баланың қараусыз қалуы, бақылаудың жоқтығы, ата-ананың немқұрайлығы үлкен қателіктер мен қиындықтарға әкеп соқтырады.
Балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығының пайда болу себептері:
1. Баланың ата-анасының біреуін немесе екеуін жоғалтуы.
2.Ата-ананың әлеуметтік тұрақсыздығы, жұмыссыздық, кедейлік, жиі ұзақ уақытқа іс сапарға баруы,денсаулық жағдайы.
3.Отбасындағы қолайсыз жағдайлар( ұрыс-керіс, конфликттер), ажырасу, ата-ананың аморальдық өмір деңгейі,оқушылар ұжымында, достарының арасында өзара түсіністіктің жоқтығы т.б.
4.Педагогикалық сауатсыздық, ата-ананың бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін білмеуі және түсінбеуі.
5.Баланың өзіндік әрекетіне ата-ананың көзқарасының өзгешелігі.
6.Ата-ананың өз қамын ойлап, өздеріне көп көңіл бөлуі..
Қазақ отбасыларында жыныстық тәрбие жөнінде ашық әңгіме құрмаған. Анасы қызынан, әкесі ұлынан ұялады. Түсіндіріп сақтандыра да алмайды, баласының не істеп жүргеніне үңіле де алмайды. Демек, түрлі қауіпті аурулардан (мысалы: ЖҚТБ, АҚТҚ секілді) қазақ баласының сақтандырылуы төмен. Болашақ татулығы жарасқан, сүттей ұйыған, үлгілі отбасы болуына кері әсерін тигізген. Осы күні он баласы бар отбасы сирек. Көзінің ағы мен қарасындай бірді-екілі бүлдіршіннің болашағын көше тәрбиесінің ықпалына жібермекпіз бе? Қай ата-ана өз баласының жаман жүріске түскенін қалайды? Не істеу керек? Жауабы қайсы?.. деген сұрақтар бүгін кімді болса да ойландыруға тиіс.
Көп жағдайда мамандар өздерінің бір жауабын ұсынады: жыныстық тәрбие жөнінде мектепте және отбасында ашық әңгіме жүргізілу қажет.
Сонымен қатар, қауіпсіз жыныстық қатынастың түр-түрін білгені жөн деп, жанашырлық танытады. Бірақ ешқайсысы үзілді-кесілді тыйылуды ұсынбайды. Ата-ана өз баласының мұндай жолға түсуіне түбегейлі қарсы 36б. болғанымен, тыйым салу жолын білмейді. Осы орайда, бізге ата-анамыз айтқан емес, біз ондай жолға түспедік қой деген жауап болуы мүмкін. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар екенін мойындауымыз керек. 1924 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «қазақта жезөкшелік бар ма?» деген мақала жазған.
Бүгінде ұяла отырып «бар» деп жауап беруге тура келуші еді. Кейбір ғалымдар «жезөкшелер үйін» ашу қажеттігін дәлелдемекке де тырысады. Халқымыздың тарихында болмаған «үйдің ашылғанынан ұтпағымыз не?» Қалай десек те, ұрпағының өрескел қылығын заңдастырмақ болу – адамгершілікке жат екені анық». Қамысты бос ұстасаң, қолыңды қияды демекші, ұл-қыздарымызға өзіміз тыйым салмасақ, жезөкшелерге Сарай орнатып, гомосексуалистерді заңдастырған мемлекеттер қатарынан бой көрсетуіміз ғажап емес. Ондай жағдайда отбасы ынтымағы, жұбайылық жарастық, тектілік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық болып қалмақ.
Әр ата-ана өз балаларының тағдыры алдында жауапты екені анық. Зиянды әдетке насихаттауды астарына жасырған жарнамалар мен эротикалық, сексуалдық фильмдер жастарымыздың санасын улап, ықыласын ерте жыныстық құмарлық қоздырса не істемекпіз?...
Соңғы кезде, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, оларды түрлі қауіпті аурудан сақтандыру жөнінде шетелдік жобалар елімізде жұмыс істей бастады. Бұлар да ашықтан-ашық қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттайды. Биік мәдениет тұрғысынан қаралған мәселе ойында ештеңе жоқ баланы елітпесіне бар ма?
Сондықтан да жаңалықты тез қабылдағыш қалпымызға ақыл-ой безбені керек-ақ. Аталмыш тақырыптың өмірде өзекті екені анық. Зерттеу нысанамыз болғандықтан, әлі де жан-жақты бойлауға тырысамыз. Әйтсе де, өмірлік тәжірибеден өткен тәрбие деп қарамай, кейбір жақтарын бүгін де ескерту керек тәрізді. Білім беру мекемелерінің ұстаздары мен тәрбие саласындағы мамандар ұлт ұрпағының болашағы үшін халықтық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздеріне мән берген жөн.
«Бірінші байлық денсаулық» - деп халық текке айтпаған. Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шараларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бүгінгі күннің талаптарына сай ұйымдастыра отырып, түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жастардың бос уақытын қызықты, мәнді етіп жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын енгізу қажет. Бұл іске қатысы бар мамандармен тығыз байланыс жасап, «бірлесіп пішкен тон келте болмас» - дегендей, барлық мамандардың білімдері мен тәжірибелеріне сүйену керек.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасындағы қандай тәрбие факторлары баланың денсаулығына әсер етеді?
2. Баланың дұрыс тамақтануына кері әсерін тигізетін жайттар қандай?. 3. Адамгершілікке тәрбиелеудің «алтын ережесі» қандай?
4. Отбасындағы еңбекке тәрбиелеудің түрлерін атаңыз.
5. Отбасында балалардың қаламайтын тәрбие беру әдісі қандай ?
6. Жыныстық тәрбие берудегі қиындықтар қандай?
7. Жыныстық тәрбие берудің құралдары қандай?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Отбасындағы балалардың денсаулығы... ... байланысты.
Отан.....басталады.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу дегеніміз....
Құқықтық тәрбие дегеніміз....
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын құрайды....
Еңбекке тәрбиелеу үшін отбасында.... болуға тиіс.
А.С.Макаренко еңбекке тәрбиелеудің.....түрлерін атаған.
Жыныстық тәрбие беру ол......
Жыныстық идентификация дегеніміз....
Жыныстық тәрбие беруді .... жастан бастау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет