Тақырып: Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі. 1. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері.
2. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі, тәрбиедегі кемшіліктер.
3. Әйелдің кәсіптік, аналық ,жұбайылық рөлдерді атқаруы.
4. Ата-ананың балаға деген махаббаты.
:
1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.
2.Зверева О.Л. и Ганичева А.Н. Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.
3.Джунусбаев М.Д. Образ жизни семьи в Казахстане,учебное пособие-Шимкент,1991.
4.Семья в двух частях под редакцией Андреевой – М.:1992.
5.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.
6.Спиваковская А.С. Как быть родителями : (О психологии родительской любви).- М., 1986.
7.Абай Кунанбаев Слова назидания.- Алматы.,1992
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы".Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт,10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас»-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі өйткені, "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағанына іспеттес.
Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.
Семья тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: «Сіз өз балаларыңыздың, тәрбиесін баста-мастан бүрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәр-се... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы — тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі,— деген болатын.
В.А. Сухомлинский: «Отбасы тәрбиесінің басты мақсаты - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі басты мектеп ол ата- ананың қарым-қатынасы»-деген.
Отбасының құрылымында оның әрбір мүшесі белгілі әлеуметтік рөлдерді атқарады: күйеу, әйел, әке , ана, ұл, қыз, аға, қарындас, ата, әже деген. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша адамның бақытты болуы оның өзіне қатысты рөлдерді адал, шын ниетте орындауына байланысты деген.
Рөл-жеке тұлғаның әлеуметтік функциясының орындалуы, қоғамда қалыптасқан нормаларға, адамның тәртібінің, оның қоғамдағы статусына, тұлғааралық қатынас жүйесіне сай болуы. (Психологиялық сөздік).
Казіргі отбасының мүшелері төмендегідей рөлдерді атқарады:
1.Материалдық жағынан отбасын қамтамасыз етуге жауапты.
2.Отбасын басқарушы- отбасының ұйтқысы, берекесі.
3. Баланы күтуге жауапты адам.
4. Тәрбиеші.
5.Жыныстық партнер.
6. Бос уақытты ұйымдастырушы.
7.Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы.
8. Туыстар арасындағы байланысты ұйымдастырушы.
9. Психотерапевт.
Отбасындағы рөлдерді атқару отбасының типіне байланысты болып келеді. Казіргі отбасы тең құқықты, эгалитарлы болуымен сипатталады.
Отбасындағы рөлдер конвенционалды(мораль,заң, құқық бойынша) және тұлғааралық түрлерге бөлінеді.
Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы ол балаға деген махаббат.