Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны


Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері деп аталады



бет12/41
Дата29.09.2023
өлшемі246,26 Kb.
#111817
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері деп аталады.
Тәрбие әдістерінің әрекетін, қажеттілігін, мәнін айқындайтын тәрбиенің бөлігін- тәрбие тәсілі дейміз.
Отбасының тәрбие әдістеріінің түрлері:әңгіме, ақыл айту,түсіндіру,сендіру, пікірлесу, үйрету, жаттығулар, үлгі -өнеге ,мадақтау жазалау т.б.Отбасында сөзден көрі іс арқылы тәрбиелеу маңызды. Ең тиімді әдіске үлгі -өнегені жатқызуға болады.
«Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.
«Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың сөзі өмірден алынған шындық.
Педагог-ғалым Г.Н.Волков «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде әрине, барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес, отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады» -деген.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жолы. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау.
Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады.
Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.
Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:
- Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
- Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
- Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.
- Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр-сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.
Қазіргі заман талабына сай жас жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың саналы азаматтары етіп тәрбиелеу – баршаның ісі. Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаның әсеріне байланысты, содан соң тәрбиенің ықпалына қарай жағымды, жағымсыз мінездер қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі сәби – еліктегіш, әр түрлі әдістерді оп-оңай қабылдағыш болып келеді. Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше.
Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Сондықтан халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекерге айтпаған. Бала тәрбие әліппесін отбасынан үйренеді. Ата-ана баланың алдында үнемі байсалды, бірқалыпты мінез көрсетуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.
Ата-ана балаларын тек қана сөзбен емес өзінің еңбектегі үлгісімен, отбасындағы мінез-құлқымен тәрбиелейді. Тату-тәтті мәдениетті отбасының балалары тәртіпті болып өсетінін өмір дәлелдеуде. Отбасы мүшелерінің арасындағы бірлік, ынтымақ, үлкенге құрмет, кішіге көмек, сыйластық, шыншылдық жас баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.
Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек:
1.Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін іске ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
2.Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді.
Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз, тентек етіп шығарады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.
Балаларда қорқыныштың болуы тәрбиенің дұрыс болмауынан. Қиын балалардың ата-аналары балаларынан көп нәрсені талап етеді, оны бала орындай алмайды. Бұл қорқыныш тудырудың бір себебі.
Отбасының бүгінгі кризистік жағдайы, оқыту мен тәрбиенің төмен деңгейі, педагогикалық себептермен байланысқан қиын балалық шақ: осындай аспектілер балалар мен жасөспірімдердің тәрбиеден тыс қалу профилактикасын жасауға мүмкіндік бермейді.
Осыдан барып қиын балалармен жұмыс істеп үйрену, ұстаздарды қиын балаларды түсінуге, қабылдауға үйрету, яғни оқушыларға өмірдің қиыншылықтарын мойымай жеңуге үйрету қажеттігі туады.
Баланың сәби шағы көп жағдайда оның келешегіне әсер етеді. Келеңсіз жағдайлардың қысқа әлде ұзақ мерзімде әсер етуіне байланысты тәрбие ісінде мінезді жөндеудің жеңіл түрде өтуі немесе тұрақты, ұзақ арпаласуға тура келуі мүмкін.
Адам қалыптасу арқылы өседі. Адамның қалыптасуы сәби шағынан басталады. Байқаусызда, бірақ қауіпті психологиялық жағдайлардың туындауы жеке тұлғаның мінезінің кейбір жақтарын жас шағында-ақ деформациялап, құртады. Жайсыз социалды әсерге баланың қарсы тұруының өзі дамудың өзіндік логикасын қалыптастырады. Мінездің осы құбылысы бұдан әрі сыртқы әсер болмаған жағдайда да дами береді. Тіпті осындай адамдар өз ортасын құрып, теріс қылықтардың даму жолын қалыптастыруға мүмкіндік ашады, сөйтіп «жеке тұлғаның » бұзылуына әкеліп соғады.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Ұлы Абай айтқандай: «Жақсы бала – ата-анаға қызық, жаман бала – күйік». Жақсы бала – келешекті сеніп тапсыруға болатын жақсы азамат. Олай болса, баланы жақсы етіп тәрбиелеу – баршамыздың абыройлы парызымыз.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Отбасындағы тәрбие принциптерінің педагогикадағы тәрбие принциптерінен айырмашылығы бар ма ?
2. Тәрбиенің ізгілік принципі отбасы тәрбиесінде қалай іске асады?
3. Тәрбиеде «талап бірлігін сақтау» дегенді қалай түсінесіз ?
4. Отбасына қандай әдістер тәрбие беруде тиімді?
5. Отбасында балалардың қаламайтын тәрбие беру әдісі қандай ?
6. Жазалау әдісін отбасы тәрбиесінде қолдану керек пе?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Отбасына қазіргі кезде кең тараған әдіс түрлері ....
Отбасында сөз арқылы өтетін әдістер ...
В. А. Сухомлинский санаған тиімді әдісі ….
П.Лесгафтің пікірі бойынша, ананың балаға деген соқыр махаббаты « баланы .... ұрғанан ... зиянды».
Егер ата-аналар өз балаларынан өздері орындамағанды талап етсе...
Отбасында балаларды тәрбиелеуде... көрі ... арқылы тәрбиелеу тиімді.
Мадақтауды тәрбиеде ....қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет