Жыныстық қатынас мәдениетін көтеру отбасылық өмірде басты мәселенің бірі екені шындық. Себебі ажырасуға әкеліп соғудың бір себебі осында жатыр, бірақ оны ешкім ашық түрде көрсетпейді, тек мінездеріндегі келіспеушіліктен деп айта салады. Сондай-ақ жыныстық қатынас мәдениетінің төмендігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдында тазалықты, адалдықты сақтамауына да әкеледі. Бұл мәселеге қатысты құнды пікір айтқан С.В.Ковалев. Ол «Психология современной семьи» деген еңбегінде ұл баланың, қыз баланың дамуындағы, тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы айта отырып, ұл баланың бойында ер азаматқа тән ерекшеліктердің сақталуын, қыз баланың бойында нәзіктілік, пәктілік тағы басқа ерлі-зайыптыларға қажетті қасиеттердің сақталуын ұсынады. Сондай-ақ, некелесудегі үйлесімділік заңдылықтарына, махаббаттың түрлеріне тоқталып өткен.
Біздің көзқарасымыз бойынша әлеуметтанушы Р.А. Лемехованың жастардың неке мен отбасы, және жыныстық өзара қатынастары туралы көзқарастарының негізгі 3 типін атап көрсеткені назар аударарлықтай.
Үйлесімді. Ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамығаны, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан. Нәтижесінде – болашақ бірлескен өмірге, махаббатқа деген табиғилық қатынасы.
Аса романтикалық. Бұл «кітаптық», идеалдандырылған, өмірден жұлып алынған ойлар. Кейбіреулері бір шеттен екінші шетке яғни, дүниеде жоқ тамаша махаббатқа сенуден, махаббатқа мүлдем сенбеуге дейін барады.
Рухани кедейленген. Жыныстық өзара қатынастары туралы оңайлатылған түсініктер байқалады. Жастар тек қана бір физиологиялық құштарлығын - биологиялық қажеттілігін ғана байқайды.
Осы барлық тізбеленген типтер қазіргі жастардың неке мен отбасына көзқарастарын қамтиды. Берік, бақытты отбасын құруда 1 тип едәуір дәрежеде мүмкіндік туғызады, яғни жастарда ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамыған, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан жағдайда өтеді.
Студент жастарға жыныстық тәрбие беру мәселелері. Бүгінгі таңда Республикамызда жастардың тәрбиесі осалдап барады. Бұның негізгі себептері төмендегідей болып отыр: