Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. 1.Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны. 2.Негізгі ұғымдарына сипаттама, пәнді оқыту міндеттері. 3.Отбасын зерттеген ғалымдар. Отбасында адам өмірге келеді, тәй - тәйлап басады, бірінші қуанышы
мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады.
Олай болса отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?
Әр адамға не береді?Осы сұрақтарды жан - жақты қарастырып, шешуге
көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан. «Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында
тығыз байланыс бар.
Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним
ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән
жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде
пайда болған.
Социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысана арқылы олардың жыныстық өмірі тәртіпке келтіріледі және оған рұқсат беріліп, олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Отбасы туралы түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Ең алдымен «отбасы»
деген ұғымға тоқталсақ: отбасы-бұл мемлекеттің ең негізгі іргетасы,
негізі. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем
болуымен тікелей байланысты. Отбасының беріктігі қоғамның жағдайымен,
даму қарқындылығымен тығыз байланысты.
"Отбасы" - өзін - өзі сақтап жалғастыру және әрбір мүшенің өзін-өзі
таныту мақсатында біріккен әлеуметтік - педагогикалық адамдар тобы »-Л.Д.Столяренко.
«Отбасы өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар» Т.А.Куликова.
Ғалымдар тұжырымдамалары бойынша жанұя- адамдардың, яғни некелік жүзінде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кездерде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым - қатынастық, бірлестік формасы.
Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта.
Отбасында төмендегідей негізгі міндеттер шешіледі :
-отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар беріледі;
-қоғамның азамат мүшесі отбасында тәрбие алады;
- салт-дәстүрлер жалғастығы іске асады;
-отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері азаматты, патриотты тәрбиелеу, қалыптастыру,
-болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесі жетіледі;
-өзіндік сана-сезім, пікір, «Мен» позициясы қалыптасады;
- өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге тәрбиеленеді;
-отбасының кәсіп таңдауға да тигізетін ықпалы орасан.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
«Отбасы тәрбиесі -нақты отбасының жағдайларына байланысты өтеді. Ол отбасында ата- аналардың және басқа да мүшелерінің балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары».
«Неке - тарихи жағдайдайларға байланысты еркек пен әйел арасында жыныстық қатынастарды реттеуге бағытталған, отбасын құру мақсатында біріккен еркек пен әйелдің еркін одағы».
Әлеуметтендіру жеке адамның қоғамда қалыптасқан нормаларды, ережелерді игеруі арқылы, қоғамдық өмірге белсенді араласуы.
Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі- отбасының тәрбие институты ретіндегі даму барысындағы негізгі тенденциялары.