Сүйіспеншілігі мол отбасы– ол баланы түсінетін,баламен үйлесімді қарым қатынас жасап үлкен қуаныш әкелетін,балаға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп отыратын баланы ақылмен сұйе білетін отбасы.
Ата-ананың балаға деген махаббаты-әрбір азаматтың Отанға, досқа, туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады. Балаға деген соқыр махаббат баланың тәрбиесінде түрлі қателіктердің орын алуына әкеледі.
Ана тәрбиесі - кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп.
Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да, ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі - асауды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.
Тәрбиенің үлкен құралы - шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа тәрбиелесек, барлық адамгершілік қасиет соның маңайынан табылады.
Бала - адамның бауыр еті, баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік деп Абай атамыз айтқандай, бала жақсы болса, жаның тояды, жаман мінезін не іс - әрекетін естігенде бір жасқа қартаясың. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам жан - жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы, заман талабы, өйткені әр адам өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заң туындайды.
Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ер жетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.
Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.
«Семья үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді»,— деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін адал және түсініп орындауы қажет.
Кейбір семьяларда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты, тағы да осы сияқты жағымды қасиеттерді талап етеді. Бірақ ата-аналардың өздері бұл талаптарын естен шығарып, балалары және ересек адамдармен дөрекі тілде сөйлеседі. Балалардың өтірігін бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады. Олардың әділетсіздігін, екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-құлқындағы мұндай «өнеге» оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге азғындыққа түспеу үшін өзіңнің күш қабілетіңді барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегемен әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.
Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің, бірі — бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату тәтті өмір сүріп отырған семья әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды.
Баланың ішкі дүниесін білу үшін оның әрбір жағдайдағы (ситуация) қылықтары мен іс-әрекеттерін де білу керек. Кейбір ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады, бірақ оның мінез-құлқындағы қалыптасқан әдеттердің себептерін білуге көп көңіл бөлмейді.
Кейде қыңырлық шаруашылықтың салдарынан, я кейбір сыртқы факторлардың әсерінен баланың бір нәрсеге еліктеп қайғыруынан болады. Мұндай жағдайда баладан тапсырылған жұмысты орындауды талап етудің кейді тиімділігі аз болады.
Қыңырлықтың тағы да бір себебі балаға семьяда дұрыс тәрбие бермегендіктен туады. Семьяда баланың талаптары мен қажеттілігінің бәрі сөзсіз орындалады, «жұмақ өмірде» тәрбиеленіп өседі. Мұндай семьяда
баланың өз бетімен әрекет жасауына, өздігімен ынталы активті болуына жағдай жасалынбаған. Сондықтан бала семья коллективінде өз орнын таба білмегендіктен қарсыласу жолын іздейді. Баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек.
Отбасылық оқудың міндеттері ата-аналар өз балаларының оқуды қажет ететіндігін білуі керек, оларды кітаппен жұмыс істей білуге үйрету, оқуға әдеби талғамын дамыту және балаларды оқиғалы, тарихи әдебиеттерді оқуға үйретіп қана қоймай, моральдық және әлеуметтік бағдарын қалыптастырған жөн. Түпнұсқадан оқу — ол оқыған кітабының мазмұнын терең түсінуіне қоршаған орта, өзі туралы, өзінің тағдыры мен болашағы туралы ойлануына жәрдемдеседі.
Сонымен бірге мұндай семьяларда балалардың мінезінде патологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу, олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қатты, ұстамсыз болады, жалған сөздер айтады, ата-аналарына және айналадағы адамдарға агрессивті болады. Мүндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, семья климатын жақсарту үшін олармеғі сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Бұл балалар мектепте нашар оқып, «жеңіл» өмір стиліне еліктеп, сабаққа дұрыс қатыспады. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы, право тәртібін бұзушылыққа әкелді. Ата-аналары дер кезінде тиісті шара
қолданбады. Соның нәтижесінде балалар правоны бұзуы қылмысты жауапқа тартылды.
Мұндай фактылар бірлі-жарым емес. Балалардың тағдырына әке мен ананың мейірімсіз болуы — олардың еліміздің болашақ азаматы болуына зиянын тигізеді.
Әрбір әке, әрбір ана семья тәрбиесінде өзінің жетекшілік орнын табуы қажет, өзінің балаларына сергек және рухани тәрбиеші болуы тиіс. Өйткені, барлық баланы бір рецептімен тәрбиелеуге болмайды, әр баланы дербес мұқият зерттеу арқылы жан-жақты білу керек.
Демек, "алмақтың да салмағы бар" дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі - азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.
Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.
Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1.Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2.Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
3.Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.
4.Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5.Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.
Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір белігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы ете күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.
Белгілі кеңес педагогы А.Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былай деген екен. "Сіз қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қарым - қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз міне, барлығының да балаға әсері мол».