Алтыншы қателік. Қаржы. "Көп ақша - жақсы тәрбие" - дейтін кейбір ата - аналардың көзқарасы қалыптасқан. Баланың барлық жасағанын ақшамен, сыйлықпен бағалау, бірақ, эмоционалдық көңіл бөлмеуі.
Жетінші қателік. Наполеондық жоспар. "Менің балам музыка мен сурет салумен айналысады" деп көп ата - аналар өздерінің балаларының қалауына көңіл аудармай, жоспар құрады. Бірақ түбінде бұл жоспары іске аспайды. Баланың жеке басының қызығушылықтарымен санаспайды.
Сегізінші қателік. Балаға өте аз көңіл бөлу. Кейбір ата - аналар балаларына қатаң көзқараспен қарайды. Балаларды кейде еркелету бұл да керек. Ал қатты ата - аналар бұны қателік деп ойлайды. Бірақ қандай жаста болмасын бала ата - анасының аялағанын қалайды. Кейін бала осы жылылықты сырттан іздеуге тырысады.
Тоғызыншы қателік. Сіздің көңіл - күйіңіз. Кейбір отбасындағы кемшіліктердің барлығын баладан көруі. Содан кейін балаға керекті ойыншықты әпере салып, көңілін жұбатады. Бала әке - шешесінің көңіліне қарап өмір сүреді. Бала бойын үнемі қорқыныш сезімі ұялайды.
Оныншы қателік. Бала тәрбиесіне өте аз уақыт бөлу. "Өкінішке орай мені де мүлдем аз уақыт тәрбиелеген" - деп балаларына ата - аналары айтады. Олар бала пайда болған соң оларды тәрбиеленуге уақыт табу міндет екенін ұмытады. Бала мен әке - шешесінің арасында үлкен қабырға пайда болады.
Қайткенде де ата аналар мұндай қателіктерді жібермеуге тырысуы керек. Өмірге ұрпақ әкелген соң , оны еліміздің толыққанды азаматы етіп тәрбиелеуге тырысып, бар күштерін жұмсауы тиіс.
"Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді" - дегендей ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді, ол перзентін асылым мен алтыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні - түні өмір бойы перзентінің тілегін тілеген" - деп қорытындылағымыз келеді.
Жаңа заман жаңа адамды, тәрбие ісінде жаңа қиыншылықтарды тудырады, нағыз адамды тәрбиелеу туралы ғылымды табандылықпен меңгеруді талап етеді.
Сондықтан бала тәрбиесі ата - аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата - ананың жанұядағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. А.С.Макаренконың: "Біздің балаларымыз - біздің қартайған кездегі болашағымыз. Оларға берілген дұрыс тәрбие - ол қартайған кездегі бақытымыз. Теріс және нашар тәрбие - ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз" - деген даналық тұжырымынан жемісті нәтиже шығарайық.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Фактор, даму факторы, тәрбие потенциалы, тәрбие стилдері деген ұғымдады қалай түсінесіз?
2. Отбасындағы тәрбие факторларын атаңыз.
3. Тәрбие факторларын зерттеген қандай ғалымдар?
4. Отбасының тәрбиесіне қандай негативті факторлар әсер етеді ?
5. Отбасында негативті факторларларды зерттеген қандай ғалымдар?
6. Отбасында бала тәрбиесінде қандай стильдер жиі кездеседі?
7. Отбасында бала тәрбиесінде қандай стиль тиімді?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Отбасындағы балалардың тәрбиесіне әсер етеді ...
Отбасындағы балалардың тәрбиесіне бірінші қателік. ....
Отбасындағы баланың тәрбиесіндегі екінші қателік ...
Отбасындағы баланың тәрбиесіндегі төртінші қателік....
Бала тәрбиесіне өте аз уақыт бөлу ....қателік.
Шектен тыс қаттылық.... қателік.