Тақырып: Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар. 1.Тәрбие потенциалы туралы түсінік.
2.Балаға дұрыс тәрбие беруге ықпал ететін факторлар.
3. Балаға тәрбие берудегі қателіктер.
4.Тәрбие беруде қателіктердің болу себептері.
Әдебиеттер:
1. Конституция РК. - Алматы, 1995г.
2. Закон Республики Казахстан О правах ребенка в Республике Казахстан //Казахстанская правда.-2002.-13 августа
3. Дементьева И. Негативные факторы воспитания детей в неполной семье // Соц. исслед. – М., 2001. - №11. – С. 108-118.
4.Мудрик А.В. Әлеуметтік педагогика, М. – 2003
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах., М.: Айрин-Пресс, 2006 – 256 стр.
Ата - анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін жебеп отыру - тағы бір үлкен мәселе. Ол тіпті баланың болашақтағы орны туралы үлкен мәселеге ұласады.
Баланың жақсысы-әке мен шешенің ары,ата-ананың абыройы. Жаманы-қайғысы,азап-соры.Бұл пікірді атақты педагог В.Сухомлинский айтқан. Демек,бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді.
Фактор – процестің, құбылыстың қозғаушы күші, оның негізгі сипатын , белгілі жақтарын анықтайтын. Даму факторы – факторлар жүйесі, баланың психикалық және тәртібінің дамуы , олардың негізіне орта мен тәрбиенің ықпалы алынады. (пед. словарь) Отбасындағы стильдер деп-ата-ана мен балалар арасындағы қатынастарды сипаттайтын, оларға сөз, педагогикалық әрекеттесу арқылы ықпал жасауда қолданатын құрал, әдіс, тәсілдерді айтамыз. Тәрбие потенциалы деп әрбір отбасының балаға тәрбиелік ықпал жасау мүмкіншіліктерін айтамыз. Тәрбие потенциалы–ол баланың дамуына ықпал жасайтын мүмкіндіктер мен құралдардың жиынтығы (отбасы тәрбиесіндегі материалдық, ұлттық, психологиялық, педагогикалық, рухани мүмкіндіктердің жиынтығы. (Г.М. Коджаспирова). Отбасының тәрбиесіне түрлі факторлар әсер етеді. Оның жиынтығы тәрбие потенциалын құрайды. Тәрбие потенциалы материалдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени-білім деңгейлері психологиялық ахуал, ата-аналар беделі, талап бірліктері, балаларға деген сенімдері.
Зерттеген ғалымдар А.В. Мудрик, И.Дементьева, А.Ю.Монахова, Г.М.Коджаспировой т.б.
А.В. Мудриктің пікірі бойынша тәрбие потенциалына келесі сыртқы факторлар әсер етеді :