Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны



бет25/41
Дата29.09.2023
өлшемі246,26 Kb.
#111817
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Òà?ûðûï Îòáàñû ïåäàãîãèêàñû ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Îòáàñû

Мейірімділік беделі.Тіл алғыштығына кеңшілік жасаумен, жұмсақтықпен жетуге тырысады: балаларға еркіндік беріледі. Отбасы тыныштығын сақтауды артық көргендіктен ата-аналар қандай да болсын қақтығыстан қашады. Олар тек көрер көзге бәрі дұрыс болуы үшін ғана, нені болса да түгелдей құрбандық етуге әзір болады. Мұндай отбасында лезде-ақ балалар жайдан-жай ата-аналарына басшылық ете бастайды. Ата-ананың қарсылық көрсетпеуі жүгенсіз балалық тілектерге, еркеліктерге, қисынсыз талаптарға жол береді. Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ енді кештік етеді. Отбасында зиянды тәжірибеге орын беріліп қойған.
Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен сатып алынса, бұл беделдің ең арсыз түріне жатады. Ата-аналар қысылып-қымтырылмай-ақ былай дейді: тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып әперемін, тыңдайтын болсаң, циркке барамыз...
Адам қарым-қатынастарының басқа сфераларына қатысты бұл пікірлерді ата-аналардың педагогикалық практикасына да түгелдей таратуға болады.
Өздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады А. С. Макаренко ата-ана беделі жайында былай деген: "беделсіз тәрбиелеу мүмкін емес, ата-ана беделі және үлгі өнегесі ,өскелең ұрпаққа үлкендердің адамгершілік тәрбие беруі бұл әулеметтік тәжірибеннің басты механизмі."
А. С. Макаренко "ата-ананың өзіне талабы, отбасына деген құрметі, өзінің әрбір қадамын есепке алуы бұл - тәрбиенің басты және бірінші принципі болып табылады және егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді микроскоптың астына қойып тексеріңіз және баланы қайта тәрбиелеудің қажеті жоқ; тек өзіңіздің балаға деген қарым қатынасыңызды өзгертіңіз, бұл тек ата-анаға ғана қатысты", - деп баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды ерекше атап көрсеткен.
Балаға ата-ана:
- эмоциялық жылулық пен қолдаудың көзі;
- барлық жақсылықтың биліктің нышаны;
- құрмет тұтып, үлгі өнеге алатын адам;
- дос және кеңес беруші;
Маскүнемдікке шалдыққан, нашақор мүшесі бар отбасындағы ата-ананың еш беделі болмайды. Мұндай отбасындағы бала сыйластық пен құрметтеуді үйден емес, сырттан іздейді. Ол беделді тұлға ретінде ауладағы бұзық балалар, мейірімді әке, мектептегі мұғалімді т.б. тануы әбден ықтимал.
Тұлғаның мейірімділік сапаларының, өмірлік тәжірибесінің болуы отбасында мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекетке байланысты. Келешек ұрпақ-мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі күні. Сондықтан олардың жат қылықтардан аулақ болып, тәрбиелі, саналы, білімді болып өсіп жетілуі жарқын келешегіміздің кепілі.
Баланың жан дүниесін ашуға көмектесетін балалармен қарым-қатынас жасау кейде ересек адамдардың қолынан келмейді, кейбіреулер тіпті бұл жөнінде ойламайды да.
Солай дегенмен ата-аналардың қай-қайсысы болсын өзі туралы өз балаларының пікіріне қалай болса солай қарамайды.
Қысқа метражды «Сәлеметсіздер ме, біздің әкелеріміз» (авторы Р.Отколенко) телефильмін еске алайық. Мұны теледидар арқылы ата-аналардың сұрауы бойынша талай рет көрсетті. Оның сюжеті қарапайым: сынып жетекшісі мектепке өз оқушыларының әкелерін жинайды да, оларға фамилияларын атамай, балалардың әкелеріне қатынастарын білдіретін шығармаларынан оқып береді.
Сынып парталарында – инженер, тігінші, шофер, ғылыми қызметкер, артист – ата, жас жұмысшы – қарындасының қайтыс болған ата-анасының орнына келген ағасы отыр. Бұлардың бәрі бірдей толқумен мұғалімді тыңдай отырып, өздерін таниды, ұлы немесе қызы өздері туралы сүйіспеншілікпен, құрметпен жазса, жымиып, күлімдеп қуанады, олар әкелерін бір нәрседен кінәлап, айыптаса – қамығады.
Ата-ана балаға ішіндіріп, киіндіру, тәрбиелеу үшін жеткілікті бедел берген уақыт бізден барған сайын қашықтап, ұзап барады.
Бүгінде ата-ана беделі әкелердің, аналардың жеке басының жан-жақты рухани, адамгершілік қасиеттеріне, ұлдары мен қыздарының адамгершілік қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне негізделген. Міне, сондықтан да осы заманғы балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерімен барған сайын тығыз жымдасып байланысында болып отыр.
Отбасында да педагогикалық проблемаларды терең де дұрыс шешу үшін мұның барлығы жөнінде бар дауыспен және шындап айтылған.
Қазір әкелер мен аналардың барған сайын күрделеніп отырған міндетін екінші мамандық деп жиі атайды. Басқа мамандықтар сияқты, бұл да жақсы білімдерді, қалтқысыз жетілдіре түскен білімдерді керек етеді.
Мұны ойдағыдай игерген адам – берік ата-ана беделін жеңіп алады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Барлық ата аналардың өз балаларының алдында беделі бар ма?
2. Бедел деген не?
3. Бедел қалай қалыптасады?
4. Жалған бедел түрлері туралы пікір айтқан кім ?
5. Жалған беделдің қандай түрлерін білесіз?
6. Жалған беделдің қандай түрлері тәжірибеде жиі кездеседі?
7. Нағыз беделдің компоненттеріне не жатады?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Бедел –дегеніміз латын тілінен алғанда «....» деген мағынаны білдіреді.
Отбасындағы балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін бедел түрі ....
Күш немесе жаншу беделі ол....
Шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен өтетін бедел түрі....
Шектен тыс қаттылық көрсету арқылы өтеті бедел ол....


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет