"Сенімсіз отбасы". Мұндай отбасылардың мінездемесі - қоршағандарға, көршілеріне жоғары сенімсіздікпен қарау. Тіпті, отбасы мүшелері барлығын қатал, не тым жұмсақ, ал олардың іс - әрекеті - әдейі жасалған әрекет дап санаған. Қарапайым іс - әрекетте арамдық ойлаған. Ондай отбасы тәртіп бойынша көршілері мен көп араласпайды, ал туыстарымен, әріптестерімен қарым - қатынаста жиі конфликттер, кикілжіңдер туып тұрады.
Егер бала ұстазымен немесе досымен ұрсысып қалса, барлық жағдайда ата - аналар баласының әрекетін дұрыс деп есептеп, әр уақытта оны жақтайды. Осындай позицияны ата - аналар баланың бойында да тәрбиелеуге тырысады. Баланың бойында күмәнділік, ашушаңдық дамиды және де өз тектестерімен тіл табысу қиынға түседі. Мұндай отбасындағы бала мектепте де мұғаліммен жиі конфликтіге түсіп тұрады, өз кемшіліктері мен қателіктерін мойындамайды, ал ата - анасы болса баласын әрқашан қолдайды.
"Жеңілтек отбасы"болашаққа мұңсыз, еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген жоспарлары жоқ. Егер кейбіреулері өмірлік сарынын өзгерткісі келсе де, оған қалай жетуге болатынын, не туралы ойлайтынын да білмейді. Бұл отбасында өмірді жақсы жағына өзгерту үшін не және қалай істеуі керек жайлы талқылауды ұнатпайды, олардың көбінесе барлық жағдайларды шыдап, басынан кешіруді артық деп ойлайды, әрине қиындықтарға төтеп бере алмайды.
Мұндай отбасы бос уақыттарын қызықты ұйымдастыра алмайды. Қиындықсыз орындалатын жұмыстарды қалайды. Негізгі әрекеттері - теледидар көру, қызықты кештер, дастархан жаю. Ішімдік- өте жеңіл және тез арада ляззат алатын әдіс. Жеңілтек отбасында ішкі келіспеушіліктер әрдайым болып тұрады. Ұрыстар жиі ешбір себепсіз басталады. Осындай отбасыларда балалар жеңілтек болып өседі.
"Айлакер отбасы".Бұл отбасында ең алдымен мақсатқа жетушілік, сәттілік, іскерлік, айлакерлік бағаланады. Ең бастысы еңбекпен күшті үнемдей отырып сәттілікке жете білу. Мұндай отбасы үшін заңдар кедергі емес. Айлакер отбасының тағы бір ерекшелігі - қоршағандарды өз мақсатында қолдану. Бұл отбасы өзіне қажетті адамдарды қызықтырып, өзіне қаратып алады.
Отбасының осындай психологиялық ерекшеліктерін жойып, ауыстыру керек. Іскер ата - аналар өз балаларының бойында айлакерлікті тәрбиелемейді, алдауға үйретпейді.
Осындай теріс ауытқушылықтар отбасында тікелей байқалмаса да аздап кездеседі. Солардың бірі - баланың отбасында жалғыздықты сезінуі.
Рихтер Спиваковскийдің типологиясында бұл негізгі орында.
1.Сырттай "тыныш отбасы".Бұл отбасында оқиғалар баяу өтеді. Сырттай отбасы мүшелерінің бір - біріне деген істері адал көрінсе де, оның артында бір - біріне деген келіспеушілік, қарама - қайшылық көп. Отбасы мүшелерінде жиі жағымсыз күй, шаршау, депрессиялар байқалады.
Отбасындағы қарым - қатынас сырттай жақсы тек көзбояушылық мақсатта құрылғаны балаға кері әсерін тигізеді. Баланы әрдайым бір қорқыныш сезімі билейді, қиындықты ,қысымды сезінеді.
2. "Вулканды отбасы". Мұндай отбасында жағдай, қарым - қатынас ашық және ауыспалы. Жұбайлар жиі ұрсысып, лезде татуласады, сондықтан жиі ажырасып, қайта қосылады.
Ал, отбасындағы балаға шектен тыс эмоционалды қысым түседі. Әке - шешесінің арасындағы ұрыс - керіс бал үшін қауіп - қатерлі, өте ауыр және оқыс. Балаларда салмақтылық, бірқалыптылық мінездері қалыптаспайды. Демек вулкандық отбасындағы кіріс - табыстар балаға кері әсер етеді.
3. "Шипажай" отбасы- отбасылық дисгармонияның үлгісі. Отбасы мүшелері жиі демалыста сияқты баппен өмір сүріп, ата - аналар балаларын өздерінен алысқа асырмайды. Отбасы сырттай жағымды көрінуі мүмкін, бірақ отбасы мүшелерінің біріне бәрінің бағынушылығы байқалады.Балаға көрсетілген үнемі қолдаушылық оның бойында ауруға байланысты қорқыныш сезімін ұялатады. Ата - ананың ұстанған бұл позициясы көбінесе баланың жүйке жүйесіне кері әсер етіп, неврозға шалдықтыруы мүмкін.Шектен тыс қолдаушылық күтім баланың әсіресе жеткіншектік шақта ерте үйден кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
4. "Қамал" отбасы. Мұндай отбасыға қоршаған ортаға адамдар қауіп - қатер, зұлымдықтың және қаталдықтың әлемі болып көрінеді. Шектен тыс, бөтендермен үнемі қарым - қатынас жасауға болмайды. Тіпті баланың да өз серіктестіктерімен қарым - қатынасын шектеп қояды. Баланы жақсы көруде де мынадай мінез қалыптасады: бала отбасына қатысты талаптарды орындайтын болса ғана біз оны жақсы көреміз дейді. Балада біртіндеп сенімсіздік, қырсық - қыңырлық, негативизм сияқты мінез - құлық қасиеттері қалыптасады.
5. "Театр" отбасы - мұндай отбасындағы бірқалыптылық, өмір сүру сарыны ойын мен эффект негізінде құрылады. Жұбайлардың біреуіне үнемі махаббат, көңіл аудару, тамашалау сияқты сезімдер жеткіліксіз. Балаға байланысты қойылатын талаптар мен мадақтаулар тез қойылып, тез арада ұмытылады. Сырттай көрсеткен балаға деген махаббат оның жалғыздықты сезінуіне әкеліп соғады. Бала ата -аналарын әрдайым өз жұмыстарымен айналысып, оған көңіл аудармайтын сияқты болып сезінеді.
6."Үшінші артық" отбасы. Мұндай отбасында жұбайлар өзіндік ерекшеліктері мен қарым - қатынастарын ерекше орынға қойып,ата -аналық рөлді бақыттарына кедергі деп санайды. Бұл жұбайлардың біреуінің, тіпті екеуінің де ата - аналық өмірге даяр еместігі. Ата- ана жағынан балаға аз көңіл аударушылық, керексіздік байқалады. Кейін балада ата - ана өміріне, денсаулығына деген қорқыныш пайда болады, олар тіпті бір уақытқа айырылысуды қиын ауыр өткізеді, балалар әлемінде бейімделуі де қиын болады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасы тұрған жеріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
2.Отбасындағы педагогикалық-психологиялық ахуалға қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3.Балалар саны бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
4.Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
5. Отбасы әлеуметтік ортасына сай қарай қандай түрлерге бөлінеді?
6. Космополит отбасылар деген қандай отбасылар ?
7. Жағдайсыз отбасылар деген қандай отбасылар?
Қажетті жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Жағдайсыз отбасыларға жатады:...
Отбасының қазіргі кезде кең тараған түрлері ....
Отбасының типтерін зерттеген ғалымдар...
Ю.Азаров отбасының ... ... түрлерін зерттеді.
В.В.Юстицкий отбасының мынадай түрлерін .... анықтады.