Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет22/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі

  1. Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002, с. 366-375. 

  2. Андреева Е.В. Социальная психология М:2004

  3. Алдамұратов Жалпы психология А:1996

  4. Бап-Баба С.Б. Жалпы психологияА: 2003

  5. Дубровина И.В. Психология:М.,2003

  6. Горянина В.А. Психология общения М: 2004

Қосымша

  1. И.Н. Кузнецов. Деловое общение. М-2007.

  2. И.А. Мальханова Деловое общение. М-2007

  3. Гитова Л.Г. Деловое общения М: 2004

  4. Құдиярова А. Ортақтасу психологиясы А:2002

  5. Дубровина И.В. Психология М:2007

  6. Жарықбаев Жалпы психология А: 2004

  7. Стаккин М.И. Психология общения М: 2003

  8. Марозов А.В. Деловая психология Спб 2000

  9. Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. - М., 1990.

  10. Берри Дж., Пуртинга А.Х., Сигалл М.Х., Дасен П.Р. Кросс-культурная психология. Исследования и применение. Харьков: Гуманитарный Центр, 2007.

  11. Личность. Культура. Этнос. Современная психологическая антропология. М.: Смысл, 2002

Тақырып 23-24. Жаңа мәдени ортаға бейімделу
Мақсаты: Жаңа мәдени ортаға бейімделу ерекшеліктерін түсіндіру.
Түйін сөздер: Бейімделу, аккультурация, адаптация
Жоспар:

  1. Бейімделу. Аккультурация. Адаптация

  2. Кросс-мәдени бейімделу кезеңдері

  3. Жаңа мәдени ортаға бейімделуге әсер ететін факторлар

Ежелгі уақыттан беру соғыстар мен стихиялық апаттар, бақыт іздеу мен білуге құмарлық адамдарды жер шары бойынша орын ауыстыруға итермеледі. Шынында да, адамзат тарихында әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы арақашықтық және қоршаған орта жағдайы мәдениет өкілдерінің бетпе-бет кездесуіне кедергі болып отырды. Кросс-мәдени байланыс тек саясаткерлер, жауынгерлер, дипломаттар және саудагерлер арқылы жүзеге асты.


Қазіргі кезде біздің қоғамда халықтар арасындағы байланыс және оған әсер етуші жағдайлар өте көптеп кездесуде. Кросс-мәдени байланысқа түскен топтар мен индивидтерді үш негізгі фактор бойынша бөліп көрсетеді:

  1. кеңістікте орын ауыстыру немесе ауыстырмау

  2. миграцияның еріктілігі мен күштеу

  3. миграцияның уақыттық шектеулері.

Кейбір адамдар этносаралық байланыста өзге мәдени ортаға өз еркімен түссе (эмигранттар, босқындар), ал өзгелері күштеу арқылы түседі (босқындар). Қоныс аударушылар, яғни эмигранттар өз туған жерлерін қайта оралмайтындай тастайды. Визитерлер (шпиондар, миссионерлер, іскер адамдар мен студенттер) өзге мәдениетте ұзақ уақыт бойы өмір сүреді. Туристтер, сонымен бірге ғылыми конференцияға қатысушылар, т.б. өзге жерде аз уақыт өмір сүреді. Әрқашан әртүрлі мәдениет өкілдері арасында ашық, сенімді қатынас, өзара түсінушілік және сүйіспеншілік жағдай орнайды деп ойлау қате. Өзара байланыс процесінде этносаралық салмақты проблемалар, оқшауландыру, кикілжіңдер болып тұрады.
Зерттеушілер әртүрлі мәдениет өкілдері мен этностарға қолайлы өзара әрекеттерге тәуелді көптеген айнымалықтарды қарастырады:

  • ортақ немесе белгілі бір топтың «өзінің» территориясы;

  • өзараәрекеттің ұзақтығы (тұрақты, ұзақ, қысқа уақыттық)

  • мақсаты (біріккен іс-әрекет, бірігіп өмір сүру, оқу, т.б.)

  • қоғам өміріне араласу түрі (қатысудан бақылауға дейін);

  • байланыстың жиілігі мен тереңдігі;

  • мәртебе мен құқықтардың салыстырмалы теңдігі;

  • сандық қатынас;

  • айқын айыратын белгілер (тілі, діні, раса, т.б.)

Байланыс жағымды жағдайда болғанның өзінде, мысалы, сәтті біріккен іс-әрекет, жиі және терең қарым-қатынас, салыстырмалы түрде тең мәртебе мен айқын айыратын белгілердің болмауының өзінде қоныс аударушы мен визитерлерде келген елінің өкілдерімен қарым-қатынаста қиыншылықтар мен қысымшылық пайда болуы мүмкін. Мигранттарда туған отанына деген сағыныш жиі болады. Сондықтан кросс-мәдени адаптацияны зерттеу үлкен мәнге ие болды. Бұл адамның жаңа мәдени ортаға, дәстүрлерге сәтті бейімделу кезінде болатын күрделі процесс ретінде түсініледі. Адаптацияның ішкі және сыртқы жақтары бар. Ішкі жағы – ол қанағаттанушылық және өмірдің толыққандылығын білдіреді, сыртқы жағы – ол индивидтің жаңа мәдениеттің әлеуметтік және мәдени өміріне қатысуынан, оның мүшелерімен тең құқықты, тұлғааралық қарым-қатынасынан байқалады.
Кросс-мәдени адаптацияға қызығушылық әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың басында пайда болды. Мұны Линтон, Херсковиц «бір немесе бірнеше топтардың мәдениеттеріндегі өзгерістерден көрінетін әртүрлі мәдениеттегі топтардың ұзақ, тікелей байланысының нәтижесі ретінде анықтады». Бастапқыда аккультурация топтық деңгейдегі феномен ретінде қарастырылып, кейін психологиялық аккультурация түсінігі пайда болды. Аккультурация – топ мәдениетінің өзгерісі болса, ал психологиялық аккультурация – индивидтің психологиялық өзгеріс процесі.
50-жылдардан бастап психологияда жеке қоныстанушылар мен визитерлердің кросс-мәдени адаптациясына қызығушылық туды. Мұнда жаңа ортаға патологиялық феномендер (невротикалық, психосоматикалық ауытқушылықтар, ауытқыған және қылмыстық мінез-құлық, т.б.) басыңқылығымен бейімделуге көптеген зерттеулер арналған. Жаңа мәдени ортаға бейімделе алмайтын адамдарды психиатрлар зерттеген. Отанға деген сағыныш ауруын швейцариялық дәрігер И.Хофер ностальгия деп атады, олар оны 17ғ. бастап зерттей бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет