Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Негізгі факторлардың адаптация процесіне әсері



бет23/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

Негізгі факторлардың адаптация процесіне әсері
Мәдени шоктың және мәдени аралық адаптацияның көріну деңгейі көптеген факторлармен анықталады.
Жеке ерекшелік – демографиялық және тұлғалық. Адаптация процесіне жас ерекшелік өте күшті әсер етеді. Кіші балалар ортаға тез және сәтті бейімделгіш болып келеді, ал жоғары мектеп оқушыларында бұл процесс қиыншылықпен жүреді. Мәдени ортаны өзгерту үлкен адамдарға өте қиын болып келеді. Психотерапевт және дәрігерлердің көзқарасы бойынша үлкен адамдар эмигранты басқа орта мәдениетіне бейімделуге қабілетсіз болып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың адаптация процесінде үлкен қиыншылықтар кездеседі. Сонымен қатар, білімділік те өз әсерін тигізеді: егер білім жоғары болған сайын, мәдени шок симптомы азая түседі, яғни жас әрі білімді адамдар жаңа ортаға бейімделгіш болып келеді.
Адаптацияның сәтті болуына қазіргі кезде дәлелденген әсерлерді Триндис ұсынды:

  • Когнитивті – индивидтің когнитивті процестерінің күрделілігі көбінесе өзімен және өзге мәдениет өкілдерімен арасындағы әлеуметтік арақатынасы өте қысқа болып келеді;

  • Жаңа ортаға бейімделгіш, өз отанында жинақтаған тәжірибесі, жаңа мәдени ортадан алған тәжірибесі мол адамдар болып келеді.

  • Төмен бейімделгіш адамдар, индивидтің анықталмауы, авторитарлы, ебедейсіздігі, жаңа әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды және тілді қарқынды игеруі төмен болып келеді.

  • Сәтті бейімделу әдетте жақын маңдағы үйлесімділікті сезінумен анықталады, ал негізгі назар «бөтендердің» рухани денсаулығына, психологиялық жағдайына, қанағаттанушылық сезімін талдауға аударылады. Соңғы уақытта мәдени аралық бейімделу мигранттардың позитивтік эмоционалдық жағдайы мен психикалық денсаулығы ғана емес, күнделікті өмірдегі мақсаттарды сәтті орындау үшін қажетті әлеуметтік дағдылар мен икемділіктердің болуын қамтитын көп аспектілі процесс ретінде қарастырыла бастады. Бұл жерде мәдени шок (естен тану) түсінігі мен оған ұқсасауысу шогы (естен тану), мәдени шаршау көрінеді.

Мәдени шок түсінігін американдық антрополог Калверо Оберг енгізді. Ол жаңа мәдени ортаға енудегі жағымсыз сезімдердің болуы, достар мен статусын жоғалту, өзін керексіз сезіну, мәдениет арасындағы айырмашылықты сезінудегі таңқалу мен дискомфорт сияқты жағымсыз сезімдерден тұрады деген идеялардан шығады. Мәдени шоктың симптомдары әртүрлі: тағам, ауыз су сапасына, ыдыс-аяқ, төсек орын тазалығына сенімсіздік, басқа адамдармен физикалық байланыстағы қорқыныш, жалпы үрейлену, тітіркену, өзіне сенімсіздік, ұйқысыздық, шаршау сезімі, алкогольды және наркотикалық заттарды қолдану, психосоматикалық бұзылысы, депрессия, өзін-өзі өлтіру, т.б.
Этникалық миграция дегеніміз - этнос өкілдерінің үлкен тобының этнос қалыптасып ұзақ уақыт өмір сүрген аймақтан өз еріктерімен немесе мәжбүрлі түрде кетіп, басқа географиялық аймаққа орналасуы. Этникалық миграцияның психологиялық мәселелері миграциялық процесстің келесі этаптарында көрініс табады.
Миграция және эмиграция себептері мен мотивтері:

  1. миранттардың жаңа этномәдени ортаға бейімделуі.

  2. мигранттардың жаңа географиялық ортаға бейімделулері.

  3. мигранттардың түрлі ұрпағында этникалық ұқсатықтың трансформацияға ұшырауы.

Мәдени шок - жаңалықтан шок болу дегенді білдіреді. Мәдени шок болжамы жаңа мәдениеттің тәжірибесі жағымсыз болуы мүмкін, өйткені ол күтпеген жағдайларға толы болуы мүмкін. Аккультурация дегеніміз - түрлі мәдениет топ өкілдерінің ұзақ мерзімді және тікелей қарым- қатынас жасауының нәтиежесінде біреуінің немесе екі мәдениетттің де нұсқалық элементтерінің жоғалып кету феномені. Аккультурация теорииясының негізін қалаған Дж Берри. Аккультурацияның негізгі төрт стратегиялары: ассимиляция, сепарация, маргинализация, интеграция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет