Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Қақтығыстардың шешілу тәсілдері бесеу



бет32/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Қақтығыстардың шешілу тәсілдері бесеу:

  1. геттотизация тәсілінде адам бөтен мәдениетпен жақындаса алмайды, өз мәдени ортасын құрады.

  2. ассимиляция тәсілі, адам өз мәдениетінен бас тартып, бөтен мәдениетті меңгеруге тырысады.

  3. аралық тәсіл – ол өзара мәдени алмасу және қарым–қатынастан тұрады.

  4. жартылай ассимиляция тәсілі – адам өз мәдениетін басқа мәдениеттің пайдасына қияды.

5.мәдени отаршылдық – нашар дамыған елдерге индустриалдық мемлекеттердің көмек көрсету тәжірибесі.
Сондықтан этностық қақтығысты реттеу жүйесі институционалдық, сонымен қатар инструменталдық жолмен жасалуға тиісті.
Институционалдық жол – даулардың болмауын алдын алу үшін ұйымдар құруды болжайды. Конфликтологиялық қызмет құрып, әр-түрлі бағдарламалар және жобалар жасайды.
Осындай ұйымдар Голландияда сәтті қызмет етеді. 1999 жылы бұл жерде «Неrе wе аrе» атты оқу бағдарламасы шықты, оның мақсаты оқушылар бірін-бірі жақсы түсінуге және этносаралық шиелесті төмендетуге бағытталған.
Ал « Біздің әр-түрлі екендігіміз қандай тамаша » атты басқа бағдарлама бойынша бір жыл бойы газеттердің бетінде және электрондық бұқаралық коммуникация құралдарында жергілікті тұрғындардың және иммигранттардың ерекшеліктері, мәдениеттің ұқсастығы және айырмашылықтары туралы көп мақалалар жазылған.
Біздің елде институционалдық жолды жүзеге асырудың сәтті тәжірибесі бар. «Перекресток» және «Саранча» телесериалдардың жобаларын жүзеге асыру, әр этностардың бір-бірін жақсы түсінуіне, этносаралық шиеленісті төмендетуге ықпал етті. «Хабар» телерадиокомпаниясының тағы бір сәтті жобасы «Тілашар».
Инструменталдық жол - этностық қақтығыстарға қарсы шараларды тиімді реттеуден тұрады. Мұндай құралға тактикалық, шұғыл және стратегиялық шешімді жатқызуға болады.
Тактикалық шешім этноқақтығыстарды келіссөз арқылы реттеуге бағытталған. Бұл стратегияның шекті көрінісі күштік немесе экономикалық қысымда. Ақырғы кезде Ресейде жүргізілетін саясатта этноқақтығыстардың шұғыл стратегиялық шешімінің үлгісін көреміз, бір жақтан бас кесерлерді қарусыздандырады, екінші жақтан – қашқындарды керек-жарақпен қамтамасыз етіп, Шешенстандағы бұзылған қалалар мен ауылдарды көтеруге көмек көрсетеді.
Стратегиялық шешімдер құқықтық, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік психологиялық шарттарды құрып, этноқақтығыстардан сақтану мәселесін шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, этноқақтығыстарды болдырмау үшін алдын ала ұлтаралық жағдайды жақсартуға арналған мемлекеттік саясат деңгейінде стратегиялық жолдар жасау қажет.
Ол үшін, этнопсихологиялық зерттеудің бағдарламаларын және әдістерін әзірлеп, ұдайы этнаоаралық қатынастың болжамын және диагностикасын жасап, халықтардың бір-бірін түсінуге бағытталған жұмысын күшейту керек.
Біздің Республикамыз бірінші тәуелсіздік алған жылдары көпшілікті мазалаған сұрақ: басқа ұлт өкілдері оған қалай қарайды. Қазақтар мен орыстардың арасында этноқақтығыс пайда болу мүмкіндігі туралы көпшілік ақпарат құралдарында болжамдар шыға бастады. Бірақ осы болжамдарда екі халықтың психологиялық ерекшелігі – өзара қарым-қатынасқа ұмтылуы, толеранттылығы ескерілмеді. Қазақстан жері ертеден түрлі ұлттардың мекені болып отыр. Сондықтан қазақтар мәдениеті мен конфессиясы басқа халықтарға толерантты, сонымен бірге өздерінің артықшылығын да сезінеді.
Зерттеулерге қарағанда, қазақтардың 70% агрессияға, қайшылыққа, қақтығысқа деген талаптары өздерінде жоқ екендігін білдірді. Сонымен қатар олардың 60% екі жаққа қолайлы шешім қабылдау, шыдамдылық көрсету деген қасиетін білдірді.
Сондықтан этносаралық, тұлғааралық қарым-қатынаста қазақтар басқа халықтарға қарағанда өздерінің ашықтығын көрсетеді. Орыстар да бірігуге, қызметтестікке дайындығын білдіреді. Бұлар өздерінің жоғары кәсіби мәртебесін сақтай отырып, тез нарықтық экономикасының шарттарын қабылдай алды. Сұрағандардың тек төртінші бөлігі өздерінің сезімдерінде агрессия белгісі бар екендігін айтты, ал 65% қарым-қатынастыққа, шыдамдылыққа дайын екендіктерін білдіртті. Бірақ Г.У.Солдатованың логикасы бойынша шыдамдылық бұл жерде өзін қорғау механизмі болып көрінеді. «Халықтың ерекше белгілері жалпы тәртіпсіздік жағдайда, наразылық білдірген кезде анықталады» - деп кезінде белгілі француздық әлеуметтанушы Г.Лебон «Халықтардың және бұқараның психологиясы» атты еңбегінде. ол әр халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктері осы халыққа қиын жағдай туғанда көрінеді деген ойын келтіреді. Экономикалық, әлеуметтік-саяси саласында жағдай нашарлап, ауылдар ойсырап, адамдар қалаға көшкен кезде көптеген этностардың арасында қарым-қатынас күрделенді, бірақ біздің Республикамызда тыныштық сақталды.
Болашақ үшін өзденің жауапкершілігін түсінген екі негізгі этнос – қазақтар мен орыстар өз халықтарының арасында ғана емес, бүкіл елде бейбітшілікті сақтай білді. Қазір Қазақстан аймағында мекендейтін халықтар этноаралық қарым-қатынасқа, қызметтестікке ұмтылады. Қазақстан жерінде қақтығыссыз өмір сүрудің мүмкіншілігі туралы сұраққа М.Әуезов былай айтқан: «Қақтығыссыз, жаңа өмір туған жерде, ашықтық бар жерде ғана, өмір сүруге болады. Тарих бізге өз санамызды, қылықтарымызды жақсартуға мүмкіндік береді. Біз тоталитарлық мұраның қысымшылығынан, отарлаудан бірге құтылып келеміз».
Сонымен, Қазақстан Республикасы полиэтностық мемлекет болғандықтан, этноқақтығыстарды зерттеу қазіргі кезде өте көкейтесті болып саналады. Сондықтан,Н.Назарбаевтың ұлтаралық түсіністік және этносаралық тұрақтылық саясаты қазіргі елдің дамуы кезінде барынша маңызды болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет