Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Мақсаты: этносаралық қақтығыс, себептері мен түрлерін түсіндіру. Түйін сөздер



бет29/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Мақсаты: этносаралық қақтығыс, себептері мен түрлерін түсіндіру.
Түйін сөздер: этносаралық қақтығыс, институционалдық жол инстрменталдық жол
Жоспар:

  1. Этносаралық қақтығыстың анықтамасы және оларды жіктеу

  2. Этносаралық қақтығысты туғызатын негізгі қозғаушы күштер.

  3. Этносаралық қақтығысты шешу жолдары

Этнопсихологиялық сөздікте этностық қақтығыстар өзара келіспеушіліктермен, қарама-қайшылықтардың қарулы қақтығыстарға, кейде тіпті, ашық соғыстарға айналу мүмкіндігімен анықталады. Олар социумдардың шашылуына және дезинтеграциясына, бір ұлттың басқа ұлтты дискриминациялауына, келісімшарттардың бұзылуына, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың және байланыстардың үзілуіне себепші болып отырады.


Қақтығыстардың себептерін түсіндіретін бірнеше психологиялық теориялар бар:
1. В.Макдугалл теориясы бойынша, топаралық қақтығыстар адамның универсалдық, дәлірек айтқанда, туа біткен агрессивті ерекшеліктері және оның төбелесқойлық инстинктінің өнімі болып табылады;
2. Адамның басқа топтарымен қарым-қатынасында индивидуалды айырмашылықтарды талдауда Т.Адорноның «авторитарлы жеке тұлға» концепциясы қолданылады.
3. М.Шерифтің шынайы қақтығыстар теориясы топаралық қақтығыстар мен топтық қызығушылықтардың сәйкес келмеуінің нәтежесі болады дегенді бекітеді.
4. 90 ж. ұсынған американдық ғалым Дж.Бертонның «адамның қажеттіліктерінің теориясы» этностық қақтығыстар адамның онтологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы және қанағаттанбауына байланысты дегенді тұжырымдайды.
Этнопсихологиялық зерттеулер арасында этносаралық қарама-қайшылықтар көкейтесті мәселеге айналып отыр. Орыс-американ социологы П. Сорокиннің есептеуінше, әрбір бейбіт төрт жылға бір соғыс жылы келеді. ХХ ғасырда соғыс салдарынан 300 млн адам қайтыс болған. ХХІ ғасырға адамзат үлкен қарама-қайшылықтармен енді: Кавказ, Ауғаныстан, Таяу Шығыс, Шешенстан.
Қазіргі кезде ұлтаралық қарым-қатынастарды зерттеумен 11 ғылым айналысады, олардың ішінде алдыңғы қатардағылар психология, саясаттану, әлеуметтану.
Этнопсихологиялық сөздікте: «Этностық қақтығыс (конфликт) - этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама-қайшы келетін топаралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады» деген анықтама берілген.
Зерттеуші А.Я.Анцупов этностық қақтығысты түрлі этностардың кейбір мүшелерінің, әлеуметтік топтарының арасындағы қақтығыс деп сипаттайды. Ал Т.Стефаненко этностық қақтығыты топтардың арасындағы бәсекелестік деп анықтайды. Г.У.Солдатованың айтуынша, этностық қақтығыс келіспеушілік, даулар сияқты этносаралық шиеленістің сатыларының бірі. В.А.Тишков көзқарасының ерекшелігі, этностық кикілжің үшiн мiнез-құлықтан көрінетiн қайшылықтардың шеттен тыс асқынуының кезеңі болып табылған. Басқа зерттеушiлерге қарағанда В.А.Тишков таза түрдегi этностық қақтығыстар қазіргі заманда жоқ деп санайды. В.А.Тишковтың пікірінше, Бұрынғы көпұлтты Кеңестер Одағының территориясындағы қақтығыстардың бәрін де этностық деп айтуға болады.
Этноасаралық қарым-қатынастарды зерттеушілердің пікірлеріне сәйкес этностық қақтығыстарды бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Әлеуметтік-экономикалық қақтығыс - барлық этностар үшін әлеуметтік-экономикалық тең құқылықты талап ету;

  2. Мәдени-тілдік қақтығыс - ұлттардың мәдениеті мен тілін сақтау, дамыту мәселесі;

  3. Саяси қақтығыс - қазіргі мемлекеттік жүйеге қанағаттанбай, саяси құқықтарды талап ету;

  4. Территориялық қақтығыс - мемелекеттің шекарасын өзгерту, бір мемлекетке қосылу немесе тәуелсіз жаңа мемлекет құру мәселесі;

Одан әрі этностық қақтығысты зерделеу бұл құбылыстың негізгі аспекттерін көрсетеді, олардың арасында ерекше маңызды орынды этнопсихологиялық, саясаттық және әлеуметтік – мәдениеттік аспекттер алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет