Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет10/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі

  1. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. - Алматы: Литера, 2003. -180с.

  2. Жарикбаев К.Б. Современное состояние и основные проблемы этнопсихологии в Казахстане //Этнопедагогика және этнопсихология. - Алматы: КазГу,1995. - С.82-92.

  3. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане XX веке (История и этапы развития). - Алматы: КазНУ, 2002.

Қосымша:

  1. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-кайсакского народа. - Ташкент: Восточное отд. кирг.гос. изд-ва,1925. - 65 с.

  2. Фон - Герн В.К. Характер и нравы казахов. (Этнографический очерк) - Семипалатинск.1918. - 37 с.

  3. Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во II половине XIX века. - Алма-Ата: Казгосизат,1965.

  4. Джакупов С.М. Этнопсихологические проблемы социализации личности // Сб. этнопсихология и этнопедагогика. А. 2001

  5. Джандильдин Н.Д. Природа национальной психологии. А. 1974



Тақырып 11-12. Кросс-мәдени психологиядағы этнос ұғымы
Мақсаты: Этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтамаларды талдау және түсіну.
Түйін сөздер: этнос, ұлт, халық
Жоспар

  1. Этнос туралы түсінік

  2. Этнос ұғымы этноәлеуметтік организм ретінде

  3. Л.Н.Гумилевтің этнос теориясы

«Этнос» термині қазіргі заманғы мағынасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғанымен, әлеуметтік-психологиялық ғылымда әлі күнге дейін осы құбылыстың жалпы қабылданған анықтамасы жоқ, оның табиғатын, мәнін және ерекшеліктерін анықтайтын бірыңғай тұжырым жоқ. Сондықтан, кейбір авторлар этностың негізгі ерекшелігі ретінде оның тілі мен мәдениетін, екіншілері оған жері мен этностық өзіндік санасын, үшіншілері - психикалық құрылымының ерекшеліктерін, және төртіншілері - ортақ тегі мен мемлекеттілігін атап көрсетеді.


«Этнос» (ethnos) термині байырғы грек тілінде сөз орайына байланысты, «үйір», «топ», «тайпа», «халық» мағынасында қолданылып, XVIII ғасырдан бергі кезеңінен термин ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы кезде ғалым-зерттеушілер «этнос» сөзін «тайпа», «ұлт» тіптен нәсіл мағынасында қолданды. Әсіресе этностық деп келетін туынды сөздің мән-мағынасы XIX – ғасырдың соңына дейінгі ғылыми еңбектерде бір ізге түсе қойған жоқ. Мәселен, ғылыми-зерттеу еңбектердің бірінде адамзат тарихының дамуындағы алғашқы кезеңді Л.С.Морган білдірсе, келесісінде тарихи – мәдени шет аймақты А.Бастиан меңзеді. Шындығында, әрбір адам, бір жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) да мүшесі болып саналады. Адам баласының әлеуметтік дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал этнос тарихы жөніндегі зерттеулерде шатастырушылықтар көп. Шын мәнісінде, этностан тысқары бірден-бір адам өмір сүрмейді. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсінік көпке ортақ. Этнос мәселесін түбегейлі түсіну үшін, ең алдымен «қауымдастық» деген сөз қандай мағынада қолданылатынына тоқталайық. Табиғат, қоғам және органикалық дүниенің дамуына ортақ заңдылықтар тән. Оларды ескермеу ой желісін шындықтан қиялға бұрып, даму бағытын біржақты түсіндіреді. Сол заңдылықтардың ішінде дифференциация (даралық) мен интеграцияның (ынтымақтастық) алатын орны бөлек. Биологиялық түр ретінде Homo Sapiens (саналы адам) алуан түрлі қауымдастықтарға бөлінеді. Солардың ішінде ұлттардың алатын орны ерекше. Этностық қауымдастықтарды анықтау үшін әр түрлі мәнді ұғымдарға назар аударамыз: «ру», «тайпа», «нәсіл», «халық» (народ, народность), «ұлт», «этнос» және т.б. Кейде этностық ұғымдарға саяси мән беріледі. Мысалы, КСРО-да негізінен ұлттық мәртебеге ие болған халықтар ғана одақтық республикаларды, ал қалғандары ұлттық округ, автономиялық облыс, автономиялық республикаларды құрайды. Этностық қауымдастық саласындағы терминологиялық пікірталас ұлт феноменінің күрделігін көрсетеді. Ал бірыңғай құбылыстарды анықтайтын терминдердің алуан түрлілігі әрқилы ой тудырып, этностық процестерді танып-білуге қиындықтар келтіреді. Бұл жағдай оқу процесіндегі пайдаланып жүрген терминдерді бір жүйеге түсіріп, қайсысын негізге алу керектігін талап етеді. Енді аты аталған мәнді ұғымдарға жеке-жеке тоқталып көрелік: 
- нәсіл, нәсілдік топ ұғымы адамдардың тұқым қуалайтын генетикалық 
табиғатына байланысты биологиялық, антропологиялық сипаттарын 
белгілейді;
- ру ұғымы адамдардың ортақ арғы ата-бабаларынан тараған қандастық, 
туыстық байланыстарын анықтайтын қауымдастықты білдіреді. Рулық 
қатынастар қазіргі кезеңде де өзінің мәнін жойған жоқ; 
- тайпа – белгілі бір мекенде (территория) тұратын, ортақ тілі, діні, әдет-
ғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтардың одағы; 
- ғылыми әдебиет пен оқулықтарда жиі қолданылатын терминнің бірі 
– халық (народность). Халық ұғымы үш мағынада қолданылады.
Біріншіден, белгілі бір елде қоныс теуіп, өмір сүретін тұрғындар сол елдің халқы деп аталады (қазақстан халқы, ресей халқы және т.б.). Бұл ретте «халық» ұғымы этностық емес, территориялық мемлекеттік мағынаны білдіреді.Екіншіден, бұл термин этностық қауымдастықты (орыс, қазақ, татар, т.б.) білдіреді. Ал бірыңғай дара ұлтты мемлекеттерде (ұлт, халық ұғымдарының мазмұны біртектес. Үшіншіден, «халық» деп көп ұлтты мемлекетте сан жағынан аз халықтың тобын атайды.Сонымен қатар, ең алғашқы «этностық қауым» терминін әдебиетке кіргізген әйгілі ғалымдар М.Г.Левин мен Н.Н. Чебоксаров болды. Олардың пікірлерінше: этностық қауым - өзінің тілі, мәдениеті, мекен ететін жері (территориясы) бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы ретінде анықтайды. Отандық танымал этнограф С.А.Токарев өзінің «Этностық қауымдастықтың мәселелері» атты мақаласында ең алдыңғылардың бірі болып этностық қауымдастық түсінігіне анықтама бере отырып: Этностық қауымды әлеуметтік байланыстардың келесі түрлерімен: қауымдастықтың шығу тегі, тіл, территория, экономикалық байланыс, дін және мәдениет тағы басқалары мен анықтаған. Дей тұрғанмен, бұл ерекшеліктердің бірден-бірі этностық қауымдастықтың міндетті белгісі бола алмайды, өйткені, бұндай ерекшеліктердің негізіне әлеуметтік байланыстардың әр түрлері жатады, ал бұлар этностық қауымдастықтың пайда болу базасын құруы мүмкін. Аталмыш авторлардың тұжырымдары мен келісе отырып, этностық қауымдар классификациясын қарастыруда біз қарапайымнан күрделіге өту принципін басшылыққа аламыз. Қарапайымдылық жағынан «Этностық категория» және «этнофор» ұғымдары бір мағынаны білдіреді. «Этнофор» ұғымы өздерін белгілі бір этноспен бірегейліктерін мойындайтын тұлғалардан құралатын этностық қауымды білдіретін белгі. Күрделілігі жағынан келесі бір таксономиялық деңгей қатарына «этнографиялық топтар» жатады. «Этнографиялық топ» ұғымы айқын өзіндік санасы мен өзіндік атауы жоқ этностың ішкі бөлігін белгілеу үшін қолданылады. Оларға мысалы, солтүстік және оңтүстік орыстарды жатқызуға болады. Келесі қарастыратын этностық қауым да ішкі бөлініс пен байланысты, бірақ бұл күрделі қауым. Өйкені, олар этностың негізгі массасынан, ауыз екі тілі, мәдениеті мен тұрмысы жағынан жергілікті сипатта ерекшеленеді және кейде өзіндік атауы (этноним) мен дүбәрә болса да өзіндік санасы бар. Мұндай этностық қауымды «субэтнос» ұғымымен белгілеп олардың қатарына, мысалы, орыс халқының субэтностары ретінде казактарды, поморларды жатқызуға болады. Мұндай бөлініс барлығына тән емес екендігін ескерте кеткен жөн, бұл көбіне өткенінде де, қазіргі уақытта да тілдік – мәдени қатынасында біртұтас бүтіндікті білдірмейтін ірі этностарда болады. Бұл этностық қауымдармен салыстырғанда «этностық топтар» барлық этностарға тән. «Этностық топтардың» этностан, өзінің массасынан ешқандай айырмашылығы болмайды, бірақ олардан алшақтап кеткендіктен, бұлардың мекендік (территориялық) тұтастығы болмайды. «Этнос» пен «этностық топ» арасындағы ең басты айырмашылық осымен сипатталады. «Этнос» сөзінің қазіргі ғылыми айналымындағы мән-мағынасын Ақселеу Сейдімбектің пікірі бойынша былайша тұжырымдауға болады: белгілі бір мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымы.
Этнос субъектісі (шынайы ұлт өкілі) ұғымының мәнін анықтау үшін біздің зерттеуімізге арқау болған Л.Н.Гумилевтің этнос теориясы. Ғалымның этнос туралы теориясын бағалауда әр алуан көзқарас болғанына қарамастан, оның жекелеген идеялары – «пассионар теориясы» этнос субъектісін қалыптастыруда маңызды әрі аса құнды деп ойлаймыз. «Эндогамия» - ұлттың биологиялық төлтума бітімін сақтап, оның жойылып кетуінің алдын алады. Бұл теория аралас некенің сандық шегін анықтап, одан аттау ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді. Біздің ойымызша, бөлімнің басында сөз еткен ұлы ойшылдарымыздың «толық адам», «түзу адам», «сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымдары Л.Н.Гумилевтің «пассионар» теориясымен сәйкес келеді, әрі бірін-бірі толықтырады. «Толық адам» ұғымы жас ұрпақтың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін адам қалыптастыру мақсатында пайдаланылса, «пассионар» ұғымында рухы биік, ұлттық сана-сезімі жоғары 
Адам қалыптастыру мүмкіндігі туындайды. Мұндағы айтарымыз пассионарий адамдар – мол рухани психикалық қайрат иелері, олар бар күшін жоғары мақсатқа – ұлт (этнос) мүддесіне жұмсайды, оны өзінің жеке мүддесінен анағұрлым жоғары қойып, баю, дүние жиюға емес, жан-тәнімен ұлт мүддесіне қызмет етуге сарп етеді. Олар басында аз болғанымен, көпшілікті өзіне ілестіре алады, этносының есінде, тарихта қалатын шаруалар тындырады. Л.Н.Гумилевтің айтуы бойынша, этностың пайда болуы пассионарлық дүмпуден басталып, соның күші жойылғанша этнос ішіндегі пассионарийлер мен субпассионарийлердің күресінен, текетіресінен құралып, 
ғасырлар бойы созылып, этностың құруымен аяқталады. Ол дүмпу – пассионарий адамдардың әрекеті, ондай адамдар этностың гүлденуін қамтамасыз етеді. Бастапқыда олар бастаған этнос соғысып, бабаларымыздың айтуынша, «тізесі барды бүктіріп, басы барды игізіп», өзін танытып, өміріне қажетті кеңістік, жер, ландшафт иемденіп, соның қожасы болады. Сол жерде тұрып, дамып, гүлдеп, мәдениеті шарықтап, толастайды. Заман өте этностың пассионарийлері азайып, субпассионарийлері көбейіп, ол әлсіреп, рухани азайып, мәдени тозып, жоқ болады. Ал адамзат тарихы одан әрі жалғаса береді. Біздің зерттеуімізге негіз болған Л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түйіндейтін болсақ, ұлттың қалыптасуының, дамуының өзара байланысты, үйлесімді сатылары, көптеген жылдарға созылады. Дамудың жаңа кезеңі келесі пассионарлық күштің әсерінен болады. Бұл жерде жаңа пассионарлық популяция пайда болады. Ол ескі этносты жоймайды, керісінше, этногенездік процестің дамуына жол ашатын жаңа ұлт өкілін, яғни этнос субъектісін дүниеге әкеледі. 
Л.Н.Гумилевтің этнос теориясын бағалауға әр алуан көзқарас болғанына қарамастан, біз зерттейтін мәселе тұрғысынан алғанда оның жекелеген идеяларының маңызы аса құнды деп есептейміз. Ғалымның этнос теориясын талдауы бойынша «этнос» дегеніміз – тарихи уақытта тұрақты өзгертіп отыратын өзіндік тәртіп таптаурынымен ерекшелентін, басқадай ұқсас ұжымдарға өзін-өзі қайшы қоя алатын, тұрақты, табиғи құрылған адам ұжымы. Әрбір ұжым ішінде субэтнос, консорция, конвиксиялар туып, құлдырап отырады, бірақ этнос мүшелерінің біртұтастық сезімі жойылмайды. Сондықтан, жоғарыдағы қарастырылған мәселелер бойынша мына сенімді ой-тұжырымдарға келуге болады деп ойлаймыз: ұлтаралық қарым-қатынастар тұсында этностардың кірігуі, сіңісуі, этностың ыдырауы, жойылуы немесе жою процестері елеусіз жүріп жатады. Қоғамдық, әлеуметтік, саяси ықпалдардың салдарынан мұндай процестердің даму қарқыны жылдамдап не бәсеңдеп отырады. Ол ең алдымен этнос өкілінің өзіне тән ұлттық белгілеріне (туған тілі, туған тарихы, мәдениеті) ие болуына байланысты болады. Ю.В. Бромлейдің ілімі көптеген этнос теорияларының ішінен, өзінің көп мағыналығымен және мұқият талдауымен ерекшеленеді. Біз үшін ғалымның этностың дуалистік табиғаты жөніндегі идеясы аса құнды. Этностың дуалистік табиғаты жөніндегі идеясының бастамасы мынада этнос тар мағынада «этникос», кең мағынада – этноәлеуметтік организм (ЭӘО) деген ұғымға ие болады. Әрбір ересек адам, қай жерде жүргеніне қарамастан, қандай да бір этносқа жатады: кейде оның негізгі өзегін құраса, кейде оның “елеусіз“ бөлігіне енеді. Осының нәтижесінде адамзат кез-келген мезгілде «этникостар» жиынтығы болып табылады. Мысалы белгілі бір себептермен кезінде өз ата жұртынан басқа (Монғолия, Қытай, Франция, Германия, Турция,) елге қоныс аударған қазақтар. Біздің зерттеуіміз үшін бұл теорияның маңыздысы, қандастармыз жер шарының қай жерінде жүрсе де өзінің тілін, тарихын, мәдениетін сақтап қалып, өз отанына оралуды мақсат етіп отыр. Біз зерттейтін мәселе тұрғысынан алғанда, этнос субъектісін қалыптастыруда оның: «Әрбір адам ұлттың этностық сипаттарына жататын және соған сай этностық сана-сезімде көрініс беретін мәдениеттің, тілдің, мінез-құлықтың, тарихи тағдырдың, т.б. жалпылығын бірдей бөлісіп, белгілі бір мөлшерде түйсінген жағдайда ғана өз ұлтының мүшесі бола алады» - деген Ю.В.Бромлейдің ой-пікірі аса құнды әрі маңызды. Осыған сәйкес, берілген теорияны қарастырып отырған мәселеміздің әдіснамалық негізі ретінде қабылдаймыз. Сонымен, қорыта келгенде жоғарыдағы айтылған мәселелер бойынша мына сенімді ой-тұжырымға келуге болады:
а) этнос - өздерін өзге қауымдарға қоятын, шығу тегі жөнінде ортақ мифі бар, өзіндік сана-сезімімен, өзіндік атауы (этноним) және өзіндік бірегейлігімен өзгелерден ерекшеленетін күрделі динамикалық жүйе;
ә) этнос – құрамы жағынан өте күрделі адамдар бірлестігі және этнос этностық қауымдастықты білдіреді;
б) этнос – кең мағынада этноәлеуметтік организм, оған мысал, экономикалық және саяси қауымдастығы бар ұлт;
в) этнос - өзіндік тәртіп таптаурынымен (стериотип) ерекшеленетін тұрақты, табиғи құрылған адамдар ұжымы;
г) этнос – табиғи-тарихи негізде қалыптасып, “біз” бен “оларды” салыстыру мен қарама-қарсылыққа негізделген адамдардың қауымдастығы. 
д) этнос - тобыр емес, ұжым, яғни әлеуметтік қауым. Бұл анықтамалардан түйіндейтініміз, “этнос” – тарихи уақытта заңдылықтарға сай өзгерістерге түсіп отырады және әлеуметтік өлшемде өмір сүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет