Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет15/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Кросс-мәдени зерттеулер – бір мезгілде түрлі ұлттардан құрылған бірнеше топтардың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталады. Бұндай зерттеуді алғаш рет 1901-1905 жылдары американдық ғалым К.Риверс жүргізген. Ол Мюррей аралының тұрғындары мен Тода тайпасының индеецтері европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін анықтаған. Бұл зерттеу ғалымдардың қызығушылығын туғызып, сол кездері соған ұқсас көптеген зерттеулер жүргізілді.
Кросс-мәдениетті зерттеуге қойылатын бірнеше талаптар бар:

  1. әдістеменің валидтілігі, (от англ. valid – пригодный, жарамды) – зерттелетін психикалық қасиетті, сапаны, құбылысты зерттеуде қолданатын тесттің жарамдылығы.

  2. әр халыққа арнап эксперимент ойластыру, өйткені әр халық экспериментке әр түрлі қарайды.

  3. Зерттеушінің өз ұлты мен бөтен ұлттың ерекшеліктерін салыстырғанда обьективті болуы.

Ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеуде тарихи-гносеологиялық әдісті де қолдануға болады, яғни ұлттық-психологиялық ерекшеліктерге тарихи талдау жасау. Тарихи-гносеологиялық әдіс зерттелетін ұлттың өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкін болмағанда қолданылады. Шетелдік зерттеушілер бұл әдісті «этносты алыстан зерттеу әдісі» деп те атайды. Онда сол этностың мәдениетін, саясатын, экономикасын, психологиясын, т.б. ерекшеліктерін ашатын тарихи, саяси, мемуарлық, архивтік, т.б. материалдарға талдау жасалады.
Кросс-мәдени зерттеудің логикасының құрылымы:

  1. Зерттеудің обьектісі, пәні, міндеттері мен гипотезасы (болжамы);

  2. Зерттеу әдістері, түрлері, нәтижесін бағалау өлшемдері мен критерийлері;

  3. Зерттеудің валидтілігін тексеру;

  4. Зерттеудің қорытындысы;

Кросс-мәдени зерттеудің принциптері:

  1. Этностық топтың ерекшеліктерін ескеру принципі – этностың ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келген жағдайын, саяси, экономикалық, мәдени ерекшеліктерін зерттеу. Мысалы, тарихи талдау арқылы жапондардың еңбексүйгіштігі, қытайлардың талаптануы, орыстардың ұжымшылдығы түсіндіріледі.

  2. Этностың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін басқа қасиеттерімен бірге талдау принципі – түлі халықтардың қоғамдық және жеке санасы олардың ұлттық ерекшеліктерімен қатар таптық, діни, кәсіптік, жас ерекшелігі психологиясымен ұштасып жатыр. Мысалы 1812 жылы орыс шаруалары өз қожайындарының жағында соғысты, яғни олар таптық санадан ұлттық сананы жоғары қойып отыр. ХХ ғ. 90- жылдары экономиканың құлдырауы кезінде Россия шахтерлері үкіметке қойған талаптарында өздерінің экономикалық жағдайларын жақсартумен қатар, Россияның ұлттық қызығушылықтарын да ескерген.

  3. Халықтың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің көп түрлілігін ескеру принципі - этностың сезімі, еркі, өзін ұстауы, т.б. халықтың өмірі мен қызметіне түрліше әсер етеді.

  4. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді талдауда салыстыру принципі – этностың ерекшеліктері басқа этностармен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы, француздар үшін немістер ақсары адамдар, шындығында да Германияда ақсары адамдар Францияға қарағанда көп, алайда немістердің басым көпшілігі қараторы адамдар. Сонда кәдімгі неміс ақсары болмаса да, салыстыру арқылы француздар мен басқа халықтарға сондай болып көрінеді. Бір ағылшын ұзақ уақыт түрлі елдерде өмір сүріп, оңтүстікте (Италия, Испания) адамдар солтүстікке (Скандинавия) қарағанда жиі қол алысатынын байқаған. Кейін солтүстікке барғанда оның созған қолына ешкім назар аудармағанын байқаған. Бұл солтүстіктің адамдарының оңтүстікке қарағанда салқынқандылығын көрсетеді. Егер қытайлық қартайған шағында балаларынан көмек алса, ұзақ уақыт бойы оны маңайындағыларға айтып мақтанады, ал американдық көп жағдайда ондай оқиғаны жасырады, олар сыртынан тәуелсіз болып көрінгісі келеді, алайда шындығында үнемі олай емес. Осындай салыстырулар нақты ұлттық ерекшелік көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет