Тақырып 1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы



Дата10.12.2023
өлшемі17,49 Kb.
#135806
түріРеферат
Байланысты:
1 тапсырма әдістемелік нұсқау


Тақырып 1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау
Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы.

  1. Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысы жайлы мағлұматтарды дәйекті деректермен дәлелдеу.

  2. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысына «Биология» пәні материалдарымен дәлел келтіру.

  3. Халық санының өсуіне байланысты суға деген қажеттіліктің туындау себептерін анықтау.

Тапсырманы реферат түрінде дайындау.
Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдыларды ескеру:
1) зерттеу жүргізу дағдылары – білім алушының ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
2) конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
3) өз-өзіне бақылау жасау – тапсырманы орындауға немесе мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
4) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
Библиографиялық рәсімдеу талабына сай қолданған әдебиеттерді рәсімдеу.
Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Реферат А4 форматты парақтарға орындалады, қолдан жазылған реферат көлемі, шамамен 15 бет, компьютерде басылған – 10-12 бет. Мәтінді компьютермен терген жағдайда төмендегі параметрлер сақталынады: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм. Шрифт көлемі – 14, интервалы – 1,5. Беттер араб цифраларымен, беттің оң жақ бұрышында, нүктесіз белгіленеді.
Рефераттың мазмұны:

  1. Мұқабасы.

  2. Рефераттың жоспары.

  3. Кіріспе.

  4. Негізгі бөлім (бірден атауы жазылады).

  5. Қорытынды.

  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттың аттестациясы
Рефератты бағалау критерийлері:

  1. тақырыпты ашу деңгейі;

  2. ғылыми әдебиеттердің толық қамтылуы;

  3. рефератты жазуға теориялық жақын келу;

  4. қорытындының дұрыстығы және ғылыми негізділігі;

  5. баяндау стилі;

  6. ұқыптылық және рефераттардың дұрыс рәсімделуі.

Қорғалған рефераттар студенттерге қайтарылмайды, олар кафедрада сақталады. Реферат тапсырмаған студенттер немесе қорғау кезінде қанағатсыз баға алғандар ескертулерді түзету жұмыстарын жүргізіп қорғауға қайта жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет