Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының принциптері:
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының принциптері:
– ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын макроэкономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналысатындарға несие және субсидия түрінде беріледі;
– елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі;
– ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен реформаны төменнен, яғни ауыл және аудан әкімдерінің деңгейінен бастау;
– азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен жауапкершіліктерінде болуы;
– мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау;
– қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдардың қатысуымен және жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен жұмсау.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының маңыздылығы:
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының маңыздылығы:
1. Қазақстанның аграрлық саласы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау көрсеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.
2. Азық-түлік индустриясын қалыптастыру мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауылда тұратын адамдардың материалдық жағдайының көтерілуіне жағдай туғызады.
5. Деурбанизация және кіші қалалар санының артуына мүмкіндік туады. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарады.
6. Ауыл экономикасының қалыптасуы, әлеуметтік-экологиялық жағдайдың жақсаруы халық санының өсу динамикасын жеделдетеді.
7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам территориясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар көзі болмақ;
8. Ішкі және сыртқы инвестициялық мүмкіндіктер ашылады.
9. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық жүйелері, басқа да қаржылық институттар дамиды және нығаяды.
10. Республиканың өндірістік көрсеткіштері жақсарады және шағын және орта бизнесі дамыған индустриалды мемлекет қалыптасады.