Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.



бет12/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Əлеуметтік-экономикалық даму. Орта ғасырларда Қасиетті Рим империясының құрамына кірген территориялар, тұрғындары- ның құрамы мен тілі жəне əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жағынан ерекшеленетін. Х–ХІ ғасырларда Германияда жыртпалы егін шаруашылығы үстемдік етті, бос жатқан жерлер мен орман алқаптарын тазарту арқылы егістік жерлердің көлемі өсіріліп отыр- ды. Шаруашылық бірлігі, ерікті немесе жартылай ерікті, жер бөлі- гін мұралық құқық негізінде иеленетін шаруа қолында болды. Феодалдану үрдісі аяқталған жоқ: феодалдық иерархия қалыптас- пады, императордың қолдауымен ұсақ жəне орта рыцарлар мен министериалдар тобы қалыптасты. Олар территориялық князь- дарға бағынышты болған жоқ.

Германия мен Италияда епископтар мен аббаттардың ықпалы күшті болды, статусы жағынан территориялық князьдармен жа- қындасты, əкімшілік аппаратты қолына жинақтап, империяның үлкен аймақтарын бақылап отырды. Франция мен Англияға қара- ғанда, шаруаларды басыбайлыққа түсіру баяу іске асты. Рейн, Маас өзендерінің жағалауындағы қалалар белсенді дамып, осының нəтижесінде ХІ–ХІІ ғасырларда бюргерлер сословиясы қалыптаса бастады. Франциямен жəне Англиямен салыстырғанда қалалықтар мен орталық билік арасындағы одақ іске аспады.

ХІІ–ХІІІ ғасырларда империядағы сословиялық иерархия, соның ішінде князьдар тобы қалыптасып, аймақтық князьдықтар- дың мұралық билеушілеріне айналды. Уақыт өте келе, князьдар- дың билігі орталық билікпен қарама-қайшылыққа келіп, Гогенш- тауфендер династиясынан шыққан императорлардың негізгі қар- сыластарына айналды. Ұсақ империялық рыцарлар, министериал- дар, ерікті қалалардың бюргерлері империялық биліктің негізгі сүйеніші болды.

Ауыл шаруашылығының дамуы бір жағынан шаруаларды қа- науға алып келсе, екінші жағынан, неміс феодалдарының шығыс- тағы – Силезия, Чехия, Поморья мен Прибалтика сияқты терри- торияларды отарлауына түрткі болды. Территорияларды аграрлық отарлау неміс құқығы негізінде қалалардың пайда болуына, соны- мен қатар, Пруссиядағы «Тевтон» ордені, Прибалтикадағы «Қы- лыш асынушылар» ордені жетекшілігімен, феодалдар экспансия- сына алып келді. Осындай əрекеттердің нəтижесінде неміс ықпалы қазіргі Эстон территориясына дейін жетті.



Кейінгі орта ғасырларда, империя құрамынан итальян жерлері кеткеннен кейін, алдыңғы орынға, экономикалық жағынан қуатты Солтүстік Германияның ганзейлік қалалары шығып, Скандинавия, Англия, Нидерланды, Прибалтика жəне Новгород арасындағы сау- даны өз бақылауларында ұстады. Ганзей одағына кіретін қалалар, Нидерландының тоқыма орталықтары – Антверпенді, Мехеленді, Брюссельді жəне Оңтүстік Германияның шашыраңқы мануфак- турасын да бақылап отырды. Саксония, Чехия, Тироль, Нюрнберг- те металл өндіру мен өңдеу белсенді жүргізілді. Бұл сала Фуггер- лердің қолында болды. Аугсбург – Еуропаның ірі қаржы орталы- ғына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет