Тақырып №12 Биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселесі. Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаңа қағидасы: жеке түрлерді сақтаудан қауымдастықты сақтауға өту Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы



бет2/6
Дата01.12.2022
өлшемі200,77 Kb.
#54089
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тема 12

Тарихи дамуының (эволюция) кезеңдерінде жануарлар қоршаған ортаның әртүрлі факторларына біртіндеп бейімделеді. Бейімделу ғылыми тілде адаптация деп аталады. Бейімделуге, яғни адаптацияға қабілеттілік әрбір тірі ағзаға тән қасиет.


Қоршаған ортада тұрақты қайталап тұратын өзгерістер кезінде (жыл мезгіліне, күн мен түнге т.б. байланысты өзгерістер) жануарлардың қалжырамай тіршілік етуіне олардың бейімделуге қабілеттілігі көмегін тигізеді. Жануарларда болатын тұқым қуалау, өзгеру және табиғи жолмен сұрыпталу қасиеттері жануарлардың бейімделу қабілетін пайда болдырады.
Жануарлардың қоршаған ортаның жағдайына бейімделуінің белсенді, енжар және қолайсыз жағдайдан жалтарыну деген үш түрі бар:
Қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына
омыртқалылардың жеке және топтасып бейімделуі.
Белсенді жолы: қандай бір фактордың әсеріне ағза өзінің қарсылығын жоғарылату, фактордың қалыпты жағдайдан ауытқуына қарамастан ағзаның тіршілігіне қажетті барлық қызметті қалыпты жағдайда сақтау үшін реттеу жүйелерінің қызметін күшейту т.б. белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Мысалы, сыртқы орта шамадан тыс суытқан кезде немесе шамадан тыс ыстық кезде сүтқоректілер мен құстар денесінің температурасын өзгертпей, тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасушаларында жүрілетін биохимиялық реакциялардың бірқалыптылығына жәрдемдеседі. Енжар бейімделу – жануарлар өзінің тіршілік іс-әрекеттерін ортаның факторларының өзгерісіне бағындыру арқылы бейжай түрде икемделу жолы. Мысалы, тіршілікке қолайсыз жағдайда жәндіктер анабиоз (жасырын тіршілік) күйге түсіп денесінде жүрілетін зат алмасу үрдісін барынша төмендетуі арқылы (жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қысқы ұзақ ұйқыға кетуі) қолайсыз жағдайды бейжай тұрғыда өткізуі. 

Қолайсыз әсерлерден жалтарыну – жануарлардың мінезінде және тіршілік айналымының кезеңдерінде қолайсыз жағдайлардан қашқақтау әдеттерінің пайда болуы арқылы қоршаған ортаның қолайсыз факторларына кездеспеуге бейімделуі. Мысалы, жылдың әртүрлі мезгілдерінде жануарлар қоныс аударып қолайсыз мекеннен қолайлы мекенге көшуі. Мұндай мекен ауыстырып көшу жануарлар арасында өте жиі кездеседі. Жылдың суық мерзімінде құстар жылы жаққа қайтып көктемде қайта келуі, және жануарлардың басым көпшілігінің балалап көбею уақыты жылдың жылы мерзіміне сәйкес болуы, кейбір жәндіктер қатерлі жағдайды сезінген кезде өлі заттарға ұқсап қимылсыз, қозғалыссыз (танатоза) күйге түсуі барлығы да қолайсыз факторларға ұшырамау мүмкіндігін тудыратын экологиялық бейімделушілікті көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет