Тақырып №12 Биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселесі. Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаңа қағидасы: жеке түрлерді сақтаудан қауымдастықты сақтауға өту Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы


Бейімделу үш түрлі жолмен жүзеге асады



бет3/6
Дата01.12.2022
өлшемі200,77 Kb.
#54089
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тема 12

Бейімделу үш түрлі жолмен жүзеге асады: 
Морфологиялық бейімделу –жануарлардың дене құрылысы мен пішінінде әртүрлі өзгерістер жүрілу арқылы ортаның жағдайына бейімделуі. Мысал ретінде салқын белдеуде тіршілік ететін құстар мен сүтқоректілердің жүні мен түбіті қыс мезгілі жақындағанда қалыңдап, көктемде күн жылынысымен түлеп, сирейтінін еске түсіріңіз. Физиологиялық бейімделу –ағзада атқарылатын іс-қызметтер жүйесіне өзгерістер жүрілуінің негізінде бейімделеді. Мысалы шамадан тыс ыстық кезде жануарлар демігіп, тыныс алуын жиілету арқылы салқындайды, немесе терлеп, ағзаның ішкі мүшелерінде жиналған ыстықты буландырып сыртқа шығаруы арқылы ыстық ортаға бейімделуі. Этологиялық (мінез-қылықтық) бейімделу. Шөлде, ыстық аймақтарда тіршілік ететін көптеген жануарлар күндіз інде (немесе басқадай салқын, көлеңке жерлерде) тығылып жатып, түнде белсенді тіршілік етеді. Сондай-ақ қысқы ұзақ ұйқыға кету, мезгілге байланысты қорегі мол, жылы мекенге көшу т.б. мінездік құбылыстар арқылы жануарлар фактордың мезгілдік, тәуліктік өзгерісіне бейімделеді 
Температура факторының жануарларға әсері
Жануарларға ең қажетті фактордың бірі –жылулық.
Ағзалардың температурасы оларды қоршаған ортаның темперетурасына байланысты болады. Өйткені ағзалардың тіршілігінің негізін қалайтын зат алмасу реакцияларының жылдамдығы мен бағыты сыртқы ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Ағзаның тіршілігінің барлық іс-әрекеті температураға тәуелді жүріледі. Жер шарының суық белдеуінде тіршілік ететін жануарлар қысқы мезгіл басталарда ұзақ ұйқыға кетуі, күздің аяғына қарай сүтқоректілер мен құстардың жүні мен қауырсынының қалыңдауы, құстардың жылы жаққа қайтуы, кеміргіштер қыстық азық қорын жинап, інінің аузын бітеуі, міне осының бәрі қыстың қытымыр суығынан қорғану үшін жасалады. Жаз басталасымен жануарлар түлеп, жұмыртқалап, төлдей бастауы –жылы мезгіл басталғанының белгісі.

Тірі ағзалардың көбі 0-55°С температураның аралығында тіршілік ете алады. 0°С-тан төмен немесе 55°С-тан жоғары температурада жасуша цитоплазмасындағы белоктар (ақуыздар) ұйып, белоктың құрылысы бұзылатындықтан ағзалар тіршілік ету мүмкіндігінен айрылады. Ағзаның денесінде су азайған сайын температураның қалыпты жағдайдан ауытқуына төзімділігі жоғарылайды. Өсімдіктің тұқымы, кейбір жәндіктердің споралары және бактериялар 120-140°С ыстыққа және -190-273°С суыққа төзе алады. Кейбір жайбасарлар (Tardigrada) мен кішкентай жұмырқұрттар 150°С ыстыққа да, -270°С суыққа да біраз уақыт төзетіні тәжірибе арқылы анықталған. Кейбір жұмырқұрттар да 81°С қайнар бұлақта, кейбір түрлі шыбынның дернәсілі 69°С ыстық арасында, ал ұлулар 47-50°С ыстық бұлақтарда тұрақты тіршілік етіп дамып жетіле алатыны белгіленген. Жануар зерттеуші австриялық ғалым Швейгер Турцияның Анатолия аймағындағы 41-42°С-қа жететін, күкіртті ыстық арасанда еркін жүзіп, бейғам тіршілік ететін балықтың түрін алғаш тауып анықтаған болатын.


Жер шарының ең суық өлкелерінде тіршілік ететін өте суық температуралық факторға төзуге бейімделген жануарлар да кездеседі. Айталық, Антарктика құрлығында дерлік тіршілік жоқ: мұнда тіршілік етуге жылылық жетіспейді, топырақ түзілмеген(түзілуіне мүмкіндік жоқ), құрлықтың беті жаппай мәңгі мұзбен қапталған. Мұнда жылдың көпшілік мезгілінде -80°С, немесе одан да суық болып тұратынына қарасмастан мұз баспаған кішкентай ғана жалаңаш жерлерінде ондаған түрлі омыртқасыз жануарлар мен төменгі сатыдағы қарапайым өсімдіктер кездеседі.
Енжар тіршілік сатысына ауысқан жануарлардың денесінде судың мөлшері азаятындықтан температураның ысып, суып ауытқуына олардың төзімділігі артады. Мысалы, колорадо қоңызы жазғы енжар тіршілігі кезінде 58-60°С ыстыққа бірнеше сағат бойында төзе алады. Қысқы ұзақ ұйқыға кетіп енжар тіршілік сатысына енген шатырқанат көбелектің жұлдызқұртын (дернәсілін) бір тәулік бойында -78°С суықтыққа ұстағанда ол тастай болып сіресіп қатса дағы қайтадан жылы жерге әкеліп қойғанда «тіріліп» тіршілігін жалғастыра бастаған.

Температура факторын қалай қабылдауына байланысты жануарларды термофильдер яғни жылусүйгіштер және криофильдер яғни суықсүйгіштер деген екі топқа бөледі. Жылусүйгіш жануарлар сыртқы ортаның температурасының төмен болуын қалайды, ал термофильдер жылылықты талғап тіршілік етеді.


Жануарлар жылу энергиясын біріншіден, сыртқы ортадан алады (күн энергиясы, жердің ішкі жылулығы). Сонымен қатар зат алмасу реакцияларынан бөлініп шыққан ішкі энергияны пайдаланады.
Денесіндегі жылу теңдестігін (баланс) сақтауға сырттан алатын және ағзаның өзінің ішкі реакцияларының нәтижесінде өндіретін энергия көзінің қайсысы басым болуына байланысты жануарлар екі топқа бөлінеді: экзотермиялы (пойкилотермиялы) және эндотермиялы (гомойотермиялы).
- Экзотермиялы (немесе пойкилотермиялы) яғни салқын қанды жануарлар (грекше «экзос» – сырт, «пойкилос» - өзгермелі, ауыспалы). Салқын қанды жануарлардың денесінің температурасы тұрақты емес, сыртқы ортаның температурасының өзгеруіне байланысты өзгермелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет