Мінез-құлық сипатындағы кедергілерге: тіл; өткізу үлесі; сұраныс жағдайы; психологиялық кедергілер; басқа да буынының кедергілері жатады.
Кәсіпорын қатаң шектелген санаулы ғана елде неесе көптеген елде жұмыс істеп, жаңа нарықтарды терең қамтығаны жөн бе, әлде өнімнің бейімделуіне өте мол шығын жұмсамай-ақ, клиенттердің жалпы қажеттіліктерін ғана қанағаттандыруды қалай ма, міне, алдымен осы мәселелерді шешу аса маңызды.
Халықаралық нарықтың сигменті ретінде нақты елді таңдау төмендегі факторларға байланысты.
Мемлекеттің жақын орналасуы және елдің тілін білу;
Нарықтың тартымдылық дәрежесі;
Бәсекелестік деңгейі;
Тәуекелді төмендету мүмкіндігі;
Салынған инвестициялардың болашақта қайту мүмкіндіктері.
Нақты нарықты таңдап алғаннан кейін фирма осы нарыққа кірудің тиімді әдісін табуы қажет.
Шетел нарығына шығудың мынадай стратегиялары бола алады. Әрбір стратегияда міндеттер, тәуекел және басқару мен табысқа қатысу деңгейі жоғарылайды.
1. Шетел нарығында шығудың ең көп тараған түрі – экспорт - өз елінде өндірілген тауарлар мен қызметтерді шетелге сату. 2002 ж. ҚР экспорт көлемі 9139,5 млн. доллар құрап, 120 шығарылады.
Экспортты қолдану факторлары:
басқа елдер нарығына ену кедергілерінің болмаудығы;
шығатын нарықтардың жақын маңда орналасуы, көп шығынды қажет етпеуі және әлсіз болуы.
Экспорттың артықшылықтары:
шетелге шығудағы басқа тәсілдермен салыстырса, инвестицияларды қажет етпейді.
фирманың қызмет бағдарламасына енгізілетін өзгерістердің аз болуы.
Кемшіліктері:
оны қолданғанда кейбір кедергілер туады;
бұл стратегия маркетинг қызметін елеулі түрде қиындатады.
Экспортты ұйымдастыру әдістері:
Жанама экспорт – тәуелсіз делдалдар (сыртқы сауда формалары) арқылы тауарды экспорттау. Оны жүзеге асырудың әдістері:
отандық делдал-экспорттаушы өнімді өндірушіден сатып алып, оны шетелге сатады.
отандық агент сатып алушыларды шетелден іздеп, тауарды жеткізу туралы мәмілеседі.
Кооперативті ұйым бірнеше өндірушілер атынан, олардың ішінара бақылаумен экспортты жүзеге асыруы.
Тікелей экспорт – тауарлар мен қызметтерді дербес сату, оны жүзеге асырудың әдістері:
компанияның шетелдегі немесе өз еліндегі экспорттық бөлімі;
шетелдік еншілес фирма немесе сату жөніндегі бөлім;
сауда өкілдері (өзінің);
шетелдік дистрибьюторлар немесе агенттер арқылы, оларға өндіруші атынан қызмет етуге құқық бере отырып, келісім-шарттар жасау.
2. Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау, тауар белгісін, патентін қолдануға беретін құқық.
Лицензиялауды қолдану факторлары:
дәлелденген бизнестің және тәжірибесінің болуы;
тауарды басқа елге экспорттауға кедергілердің болуы.
Артықшылықтары:
ішкі нарыққа енуді тездетеді;
тәуекелді төмендетеді;
шығындар аз, ал табыс елеулі болады.
Кемшіліктері:
шетелдегі өндірісті бақылау мүмкіндігінің шектеулілігі;
келісім-шарт мерзімі аяқталу кезінде жаңа бәсекелер пайда болады
лицензияны сатып алушымен болатын қайшылықтар.
Лицензиялаудың түрлері:
а) Келісім-шарт бойынша басқару. Фирма тауарды емес, басқарушылық қызметтерді экспорттайды. Капиталы бар, бірақ ноу-хау және білікті жұмысшылары жоқ дамушы елдерде кең қолданылады.
2. Келісім-шарт бойынша өндіру.Өнім шетелдік фирмаларда өндіріледі. Қолданылу факторлары: 1) өндірістік құны жетіспегенде; 2) басқа елдердегі шығындары төмен және жұмыс күші арзан болғанда.
ә) Ноу-хау – заң жүзінде қорғалмаған өндірістің кострукциялық және техникалық құпиялары, комерциялық және басқарушылық сипаттағы құпия мәліметтер, білім мен тәжірибе. Келісім-шарт бойынша басқару қонақүй кешендерінің қызмет көрсету жүйесінде кең тараған. Мысалы, Алматыдағы «Рахат-Палас» қонақ үйінің қызметі «Палас» отелінің шарты бойынша атқарылады.
Роялти – лицензианттың (лицензия алушының) лицензиарға (лицензия беруші) есепті кезең аяқталған соң лицензиялық келісімнің мерзімі ішіндегі төлейтін төлемі.
б) Франчайзинг (анықтамасын «Өткізу және тарау» тақырыбынан қараңыз). Франшизаны сатып алатындарға қойылатын талаптар: фирма атауын, тауарлық белгісін және т.б. пайдаланғаны үшін төленетін алғашқы жарнаны жалпы айналымнан %-дық түрде алынатын тұрақты жарнаны төлеу, франчайзингті өткізудің жұмыс формалары мен әдістерін қатаң сақтау.
Франчайзингті өткізудің мынандай 2 әдісі бар:
«өнім және сауда маркасы» - тауарлық марканы (ТМ) қолдана отырып, белгілі бір территорияда тауарды франчайзингті келісімі бойынша сату құқығы. Мысалы, автомобиль мен алкогольсіз ішімдіктерді сату;
«Бизнес – формат» - таурлық марканы паудаланумен қатар франшизг ұсынушы фирма оны сатып алушының шаруашылық қызметіне толық қосылады (қызмет көрсету саласында көп кездеседі. Мысалы, “MCDonald’s”, “Holidays” компанияларында).
Достарыңызбен бөлісу: |