Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар


Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері



бет6/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
4 тақырып

3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері

Басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс-әрекетін экеномикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.

Менеджмент «философиясының» бірыңғай түсінік жоқ, оған мамандар әр түрлі түсінік береді. Көп жағдайда ірі корпорациялар менеджерге өз талаптарын қоюға тырысады.

Мәселен кәсіпорынды басқарудың көп жылғы тәжірибесі негізінде американдық менеджер Ли Якока (1924ж.) менеджерлер жұмысын ұйым- дастырудың мынадай принциптерін ұсынады.



  • төңірегіңе жақсы адамдарды топтастыр, интеллигенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

  • өзіңнің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

  • нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделсін, әрі нақты, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдердің варианты –шағын болсын;

  • басшы штаб пен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екіжақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті –басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;

  • әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мумкіндік бер;

  • сын-ескерпелерді, әртүрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

  • пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйіні, мақсаты –барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

  • өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан;

Шет елдің кейбір жоғары басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көңіл бөлу және жұмыстың жоғарғы сапасы. Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін ол өсиет келтіреді: « адалдық, әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімділік, тиімділік және бейімделушілік.

Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудвок пен Д.Фрэнсистің «Басыбайлықтан босанған менджер» (1981ж.) кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджерлерде мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:



  • өзін меңгере білу;

  • жеке басының бағалы қасиеттері;

  • жеке өзінің айқын жоспарлары;

  • жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

  • проблемаларды шешуге дағдылану;

  • өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;

  • маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілеттілік;

  • қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

  • басшылық ету қабілетін;

  • қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;

  • тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дайындау қабілеті.

Әрбір басқару міндеттері белгілі бір нақты талаптарды қоятындықтан, авторлар жоғарыда аталған факторларды кез келген жағдайға қатысты деп есептемейді. Алайда, бұл аталған факторлар әрбір жұмыскерлердің берілген жұмысты орындау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Менеджерде осы аталған дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіспеген жағдайда, мынадай шектеулер пайда болады:

  • өзін меңгере білмеу;

  • жеке басының бағалы қасиеттерінің болмауы;

  • жеке басында көмескі мақсаттың болуы;

  • жеке басын жетілдірудің тоқырауы;

  • проблемаларды шешу дағдысының жеткіліксіздігі;

  • творчестволық ықпалдың жеткіліксіздігі;

  • адамдарға ықпал ете алмаушылық;

  • басқару еңбегінің ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;

  • басшылық дағдысының осалдығы;

  • баули білмеушілік;

  • ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі;

Өзінің болашағын таңдай білу немесе соған ықпал ету қабілеті, сірә адамдар үшін құндылау болуы тиіс, алайда өз мүмкіндігін толық жүзеге асыратындар ілуде біреулер. Сондықтан әр адам өз іскерлігін жетілдіріп, дамытып отруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет