Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар



бет8/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
4 тақырып

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

1. Ұйымның ішкі ортасы

2. Ұйымның сыртқы ортасы
1.Ұйым көптеген өзара байланысты бөліктерден құралған ашық жүйе болып табылады. Ұйымның бұл бөліктерін ішкі айналымдар деп атайды. Ішкі айналымдар бұл ұйым ішіндегі ситуациялық факторлар: мақсат – бұл ұйымның соңғы нәтижесі немесе бір топ адамдардың бірігіп жетуге ұмтылатын көрсеткіш. Ұйымның мақсаты көп түрлі болуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаттары бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді.

Өндірістік кәсіпорын, мысалы: пайда алу үшін нарық үлесі жаңа өнімді жасау, қызмет сапасы, жұмысшы қызметкерлерді даярлау және таңдау т.с.с. аймақтарда өз мақсатын тұжырымдап алуы қажет. Бөлімшелердің мақсаттарына қайшы келмеуі керек.

Ұйым құрылымы. Ұйымның әрбір бөлімшесі белгіленген қызмет түрін орындап отырғандықтан оларды функционалдық бөлімдер деп аталады. Ұйым құрылымы – бұл басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімдердің ұйым мақсатына барынша тиімді жолмен жетуге мүмкіндік беретін формада құрылған логикалық қарым-қатынастары. Функционалды бөлімдер мен сәйкес бөлімшелердің пайда болуы бұл көлденең еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады. Функционалы облыстардың саны ұйымның негізге құрылымын анықтайды. Басқару деңгейлерінің иерархиясын қалыптастыратын еңбектің тік бөлінісі де ұйымда үлкен маңызға ие. Бұл иерархияның негізгі белгісіне әрбір деңгейдегі қызметкерлердің ресми бағыныштылығын жатқызуға болады.

Бір басшыға бағынатын қызметкер саны бағынатын болса, онда бұл басқарудың жатық құрылымының қалыптасуына алып келетін басқарудың кең сферасы болып келеді. Жұмыс нақты тігінен және көлденең бөлініп отырса, координациялау қажеттілігі туындайды. Координациялау механизмінің біріне жалпы ұйым мен оның әрбір бөлімшесіне, оның мақсатын тұжырымдап хабарлау жатады.



Ұйымдағы еңбекті бөлудің тағы бір бағыты міндеттерді қалыптастыру болып табылады. Міндет – бұл белгіленген мерзім арасында бекітілген тәсілмен орындалуы қажет жұмыс сериясы немесе жұмыстың бір бөлігі. Техникалық көзқарас тұрғысынан міндеттер жұмыскер емес, оның қызметіне жіктеледі. Әрбір лауазым ұйым мақсатына жетуге мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерден құрылады. Ұйым міндеттерді әдеттегідей 3 категорияға бөлінеді. Бұл адамдармен, заттармен, ақпараттармен жұмыс істеу. Міндеттердің келесі 2 белгісі бар: бұл олардың орындалуына қажет уақыт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет