Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар



бет9/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
4 тақырып

Технология. Бұл бастапқы қажетті өнім қызметтерге айналдыру құралдары. Міндеттре мен технология өзара тығыз байланысты. Міндетті орындау материалдарды дайын өнімге өзгерту құралдары ретінде нақты технологияны пайдалануды ұйғарды. Технологиядағы ірі толқулар, өнеркәсіп төңкерістері, стандартизация және механизация, конвейерлі құрастыру машиналарын қолдану басқаруға үлкен әсер етеді. Өндірістік фирмалардың барлық технологияларын 3 категорияға бөлуге болады:

  1. Бірлік, ұсақ немесе жеке дара өндіріс. Мұнда бірдей бұйымдардың жеке немесе ұсақ сериясы бір мезгілде өндіріледі.

  2. Жаппай немесе ірі сериялы өндіріс. Мұнда біркелкі бұйымдардың үлкен мөлшері дайындалады. Мұнда технология механизациямен стандартты бөлшектермен құрастырудың конвейерлі тәсілін пайдаланумен сипатталады.

  3. Үзіліссіз өндіріс. Мұнда бірдей өнімді ірі көлемде өндіруді тәулік бойы жұмыс істейтін автоматты құрал-жабдықтар қолданылады.

Адамдар. Адамдар кез-келген басқару моделдерінің негізгі факторлары болып табылады. Өйткені нақ адамдар арқылы басшылық ұйым мақсатына жетеді. Қоғамдағы және қызмет бабындағы адамдардың іс-әрекет тәртібі тұлғаның жеке қасиеттерінен сыртқы орта факторлармен анықталады. Адамдардың келесі қасиеттері белгілі:

    • қабілеттілік, яғни адамдарға тән қасиеттер. Оларға интелектуалдылық және бірқатар физикалық қабілеттілік жатады. Бұл қабілеттіктердің барлығы негізінен тәжірибе арқылы жинақталады. Басқаларға қарағанда белгілі бір жқмыстың жақсырақ орындауға қабілетті адамды жұмысқа қабылдау маманданудың тиімділігін арттырады.

    • Бейімделгіштігі, бұл белгілі бір нақты жұмысқа қатысты адамның бар мүмкіншілігі. Табиғи және тәжірибе арқылы жинақталған қасиеттердің нәтижесі бола отырып бейімделгіш қасиеті нақты қызметті тиімді орындау қабілеттілігінде болуды жеңілдетеді.

    • Қажеттілік, Адамға бір нәрсе жетіспейтіндігінің психологиялық және

физиологиялық ішкі жағдайы. Егер олар қанағаттандырылмаса, адам оларды барынша қанағаттандыруға тырысады.

    • Күтімдер. Бұрынғы тәжірибеде және ағымдағы жағдайларды бақылауға негізделе отырып, адамдар өз күтімдерін іс-әрекет нәтижесіне қалыптастырады. Егер адамдардың іс-әрекеті жеке қажеттілігінқанағаттандырмай, ұйым мақсатына жетуге алып келмейтіні күтілетін болса, олар тиімді қызмет атқармауы мүмкін.

    • Сезіну. Сезіну деп аталатын стимулдардың интелектуалды немесе саналы сезінуі. Ол нақты индивидум үшін шындықты анықтайды. Нақты болып отырған процестерді сезіну деңгейіне ғана адам өз іс-әрекетін өзгертеді.

    • Көзқарас. Көзқарасты сыртқы ортаға объективті емес сезімдерді

қалыптастырып, «мынау ұнайды», «не ұнамайды» адам іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізеді.

    • Құндылықтар. Бұл өмірде не жақсы, не жаман екенін анықтайтын жалпы көзқарастары. Игіліктердің маңыздылығы, сапалалығы бойынша жіктелуі арқылы құндылық анықталады.

Ішкі айналымдар өзара байланысты болып келеді. Олардың жиынтығы әлеуметтік жүйені құрайды. Өйткені, олар: әлеуметтік (адамдар) және технологиялық (басқа ішкі айналымдар) деген компоненттерден құралады. Бір ішкі айналымның өзгерісі белгілі бір дәрежеде басқаларына әсер етеді. Белгілі бір айналымды жетілдіру (технологияны) міндетті түрде өнімділіктің артуына алып келмейді. Өйткені кей жағдайда бұл өзгерістер басқа айналымдарға кері ықпал тигізуі мүмкін.
Технология



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет