Тікелей әсер ету факторлары ұйым операциясына тікелей түрде ықпалын тигізетін факторлар жатады. Бұған жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заңдар мен мемлекеттік реттеу мекемелері, тұтынушылар мен бәсекелестер жатады.
Жанама әсер ету ортасының факторлары операцияларға тікелей әсер ете алмағанымен біршама өзгерістер туғызуы мүмкін: экономиканың ахуалы, ғылыми техникалық прогресс, әлеуметтік, мәдени және саяси өзгерістер.
Сыртқы ортаның сипаттамасы Сыртқы орта факторларының өзара байланыстылығы. Бұл бір фактор өзгерісінің басқа факторларға ықпал ету күшінің деңгейі, яғни сыртқы ортаның бір факторыныңөзгерісі басқаларының өзгерісін туғызады.
сыртқы орта күрделілігі. Бұл ұйымның есепке алатын факторлар саны. Сонымен бірге әрбір фактордың көп варианттылық немесе көптүрлілік деңгейі.
Сыртқы ортаның өзгермелілігі. Бұл ұйым ортасындағы өзгерістердің жылдамдылығы. Ортаның өзгерістерге бейімделгіш болуы жағдайында ұйымдар тиімді шешімдер қабылдау үшін түрлі ақпараттарға жауап бере алуы қажт. Бұл қабылдау процесін қиындатады.