Тақырып Адамды бағалаудағы нормалардың түрлері 1 Психикалық норманың анықтамасы


Ата-аналарға қолдау кӛрсету технологиялары



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі23,82 Kb.
#98249
1   2   3
Ата-аналарға қолдау кӛрсету технологиялары
Даму мҥмкіндігі шектеулі балаларға, әлеуметтік
реабилитация жасау технологиялары, реабилитациялық
шараларға ата-аналарды міндетті тҥрде қатыстыруды кӛздейді.
Осылайша, балалар мен ата-аналар, тәуелсіз ӛмір сҥруге бірге
ҥйренеді. Әлеуметтік реабилитация технологиялары, кемтар
баланың қарқынды дамуына әсер ететін, әдістер мен тәсілдер
жиынтығынан тҧрады.
Қызметіне қарай, келесі технологиялар тҥрлерін ажыратады:
 Психологиялық (психологиялық ҥдерістерге, кҥйлерге
ықпал етеді).
 Әлеуметтік-психологиялық (адам\топ жҥйесіндегі
ҥдерістерді ӛзгертеді).
 Дәрігерлік-әлеуметтік (физикалық кҥйге және онымен
байланысты әлеуметтік жағдайларға ықпал етеді).
 Қаржылық-экономикалық (материалдық ресурстармен,
жеңілдіктермен, жәрдемақылармен қамтамасыз етеді).
Реабилитацияның келесі тҥрлерін ажыратады:
 Дәрігерлік реабилитация. Бҧл ағзадағы қандай бір
жоғалған қызметтің орнын толтыру немесе қалпына келтіру,
науқастың барысын баяулату немесе тоқтату.
 Психологиялық реабилитация. Бҧл мҥгедектің дарапсихологиялық ерекшеліктерін дамыту мен тҥзету мақсатында,
психикалық саласына ықпал ету.
 Педагогикалық реабилитация. Баланың міндетті білім
кӛлемін меңгеруіне, ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдыларын меңгеруіне
бағытталған, оқу-тәрбиелік шаралар жҥйесі.
 Әлеуметтік-экономикалық реабилитация. Баланы тҧрғын
ҥй, қаржылық қамсыздандыру сияқты, қажетті жағдайлармен
қамтамасыз ету жҧмыстары.  Кәсіби реабилитация. Мҥмкіндігі шектеулі жастар мен
жасӛспірімдердің мҥмкіндігіне сай, еңбек тҥрлерімен
айналысуын, қажетті техникалық қҧралдармен қамтамасыз
етілуін, баланың тҧрмыста, ешкімге тәуелсіз болуын
қарастырады.
 Спорттық және шығармашылық реабилитация. Спорттық
шаралар кӛмегімен, шығармашылық шараларға белсенді
қатыстыру арқылы, балалардың физикалық және психикалық
денсаулықтары артады, депрессия жойылады, балалар ӛздерінің
кемістігін ҧмытады.
 Әлеуметтік реабилитация. Мҧнда, әлеуметтік шаралар
жҥйесі кіреді, яғни ата-аналарға жәрдемақылар тӛлеу, мҥгедек
баланы бағу ҥшін тӛленетін қосымша тӛлемақы тағайындау,
нақты кӛмектер беру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету, арнайы
техникалық қҧралдармен, протездеумен, салықтық
жеңілдіктермен қамтамасыз ету жҧмыстары кіреді.
Толыққанды және кешенді реабилитация міндеттеріне
сәйкес, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-қҧқықтық
және әлеуметтік-дәрігерлік жҧмыс тҥрлерін ажыратуға болады.
Психологиялық-педагогикалық жҧмыстың негізгі
бағыттарына жататын:
- баланың психикалық дамуы мен дағды, білікерінің
қалыптасу деңгейіне диагностика жасау;
- кешенді және дара реабилитация бағдарламасын жасау;
- логопедиялық тҥзету жҧмыстарын жҥзеге асыру, оқу және
еңбек әрекеттерін ҧйымдастыру және жҥзеге асыру, сондай-ақ,
әлеуметтік-бағдарлау әрекетін ҧйымдастыру;
- ата-аналарға психологиялық кеңес беру;
- ата-аналарды реабилитация негіздеріне ҥйрету;
- заманауи педагогикалық және әлеуметтік
технологияларды меңгеру мен енгізу;
- тиімді реабилитация критерийлерін анықтау;
- әлеуметтік-тҧрмыстық бағдарлау әдістемелерін даярлау;
Әлеуметтік-қҧқықтық реабилитацияның негізгі қызметі:
- бала мен отбасының әлеуметтік потенциалын арттыру
мақсатында әлеуметтік қорғау мекемелерімен тығыз байланысты
жҥзеге асыру; - мҥмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасы туралы
ақпараттар банкін жинақтау;
- заңдар мәселесі бойынша, ата-аналарға қҧқықтық кӛмек
кӛрсету;
- арнайы сапарлармен, аудандар мен облыстардағы
балалардың отбасыларына, жергілікті атқару органдарына кеңес
беру істерін жҥзеге асыру, патронаждың барлық тҥрлерін
қамтамасыз ету;
- балаларды қоғамға кіріктіруде мәдени, спорттық және
діни ҧйымдарды қатыстыру;
- заңгерлік кеңес беру.
Әлеуметтік-дәрігерлік жҧмыстың міндеттеріне кіретіндер:
- балаға реабилитация жасау мҥмкіндіктерін болжау
мақсатында, психодиагностика жҥргізу;
- балаға кешенді реабилитация жасаудың жоспарын қҧру;
- стационарлық, амбулаторлық және патронаждық кӛмек
беру;
- диагностикалық шаралар жҥргізу;
- қажетті мамандар кеңесімен қамтамасыз ету;
- тиімділігі жоғары реабилитациялық технологияларды
пайдалану және енгізу.
Осылайша, соңғы жылдары мҥмкіндігі шектеулі балалар
тәрбиелеп отырған отбасыларға кӛрсетілетін әлеуметтік қолдау
жҥйесінің жҧмыстары арта тҥсуде. Бҧған, мҥгедек балалардың
отбасыларын, әлеуметтік қолдаудың нормативтік-қҧқықтық
базасының кеңеюі мен кҥшеюі себеп болды, сонымен бірге,
бҧқара халықтың санасында, бҧл мәселе, тек дәрігерлік аспекті
ретінде ғана қарастырылса, енді әлеуметтік аспектіден
қарастырыла бастады.
Соңғы статистикалық мәліметтерге жҥгінсек, елімізде қазір
56 облыстық, қалалық, республикалық ПМПК жҧмыс істейді.
ПМПК жҥйесінің кеңеюіне байланысты, дамуында ауытқуы
бар балаларды анықтау мҥмкіндігі арта тҥскен. Мәселен, 2002
жылы республика кӛлемінде, бҧл балалар саны 115,2 мың болса,
2009 жылғы кӛрсеткіш - 149.246 мың.
2008-10 жылдардағы Қазақстан Республикасы білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, даму
мҥмкіндігі шектелген мектеп жасына дейінгі балаларға, арнайы
білім беру мақсатында, 380 тҥзету және инклюзивтік оқыту
кабинеттерін ашу қолға алынған. Қазіргі кҥні, республика
кӛлемінде 87 кабинет ашылды.
Мҥмкіндіктері шектелген бала ӛсіріп отырған отбасыларға,
психологиялық-педагогикалық кӛмек беретін 119 кабинет, 15
реабилитациялық орталық, 283 логопедиялық пункттер ашылды.
35 арнайы балабақшада және балабақшалардың 228 арнайы
топтарында, 10 мыңнан астам бала тәрбиеленуде; 101
коррекциялық мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің
820 арнайы сыныптарында, 24 мыңға жуық, мҥмкіндіктері
шектеулі балалар білім алуда.

  1. Психологиялық кеңес беру ережелері.

Қазіргі кезде, мҥмкіндігі шектеулі балаларға арналған,
әртҥрлі диагностикалық орталықтар, психологиялықпедагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік реабилитация
орталықтары мен психологиялық-педагогикалық коррекция
кабинеттері т.б. қызмет етеді. Аталған мекемелердің қызметі, ҥш
негізгі мәселені қамтиды. Бірінші орында – білім бағдарламасын
меңгеруде, қиындық кӛретін балаларға кӛмек беру; екінші орында
– әр баланың ерекшелігіне қарай, дара-психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік, заңгерлік қолдау жасауды
жҥзеге асыру; ҥшінші орында – білім беру мекемелерінде,
баланың дамуына ықпал ететін, анағҧрлым қолайлы жағдайлар
туғызу.
Психологиялық қызметке жеке тоқталатын болсақ, білім
беру мекемелерінде, алғашқы практик-психолог мамандар ХХІ ғ.
80-жылдарында ғана пайда болды.
Қазіргі кезде, психолог мамандар 90-жылдары жасалған,
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі,
психологиялық қызмет моделі бойынша жҧмыс істейді
(Қҧраст.Тынышбаева А. А. , пс.ғ.к., доцент, Ы. Алтынсарин ат.
Қазақ Білім Академиясы ҒЗИ)
«1.1. Білім берудегі психологиялық қызмет (әрі қарай
Қызмет) Қазақстанның білім беру жҥйесіндегі балалардың,
жасӛспірімдер мен жастардың қарқынды психикалық дамуын,
қабілеттерінің дамытуын, мҥмкіндіктерінің жҥзеге асуын, әртҥрлі
ауытқулардың, қҧқық бҧзушылықтың алдын-алуды, сондай-ақ,
реабилитацияны қамтамасыз ететін қҧрылымдық бӛлігі болып
табылады.
1.2. Қызметтің қҧрылымдық буындары, Қазақстан
Республикасындағы әрбір білім беру мекемесінде бар
(балабақшалар, әртҥрлі типті мектептер, бадалар ҥйлері,
интернаттар, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары оқу орындары
т.б.). Білім басқармасы органдарында, психологиялық қызмет
бӛлімдері жҧмыс істейді. Әртҥрлі деңгейдегі психологиялық
қызмет орталықтары, Қазақстан Республикасы білім
мекемелерінің жалпы тізіміне кіреді.
1.3. Психологиялық қызметтің жҧмысы, халықаралық және
қазақстандық балаларды қорғау мен дамыту заңдары мен
актілеріне негізделеді. Қызмет ӛз жҧмысында, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті
қҧжаттары мен актілерін, бҧйрықтары мен ережелерін
басшылыққа алады.
«Психологиялық қызметтің міндеттері:
- баланың әр жас кезеңіне сәйкес, жеке тҧлғалық және
интеллектуалды дамуына қолдау кӛрсету, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзінӛзі тәрбиелеу қабілеттерін қалыптастыру;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде, әр балаға
дара кӛмек беруді қамтамасыз ету;
- баланың интеллектуалды және жеке тҧлғалық дамуындағы
ауытқулдардың алдын алу және жою;
- балалар мен жасӛспірімдерде кездесетін, делинквентнтті
(қҧқықбҧзушылық) және аддиктивті (ерте жастағы маскҥнемдік
пен нашақорлық) мінез-қҧлықтың алдын-алу және жою;
- балалар мен жасӛспірімдердің әлеуметтік бейімделуін
қамтамасыз ету.
Қызмет негізгі ҥш бағыттан тҧратын, біртҧтас жҥйе ретінде
жҥзеге асады:
- ғылыми-зерттеушілік (заманауи білім беру жҥйесінде,
кәсіби-психологиялық әдістер мен тәсілдерді даярлау
мақсатында, баланың әлеуметтенуі заңдылықтарын, психикалық
дамуы мен жеке тҧлғасының қалыптасуын зерттейді);
- әдістемелік (психологиялық білімдерді оқыту мен тәрбие
ҥдерісінде, қосымша әдістер ретінде қолдануды қамтамасыз етеді,
дамыту бағдарламалары, оқу бағдарламалары, мамандар даярлау
бағдарламалары тәрізді, дидактикалық-әдістемелік
материалдарды есепке алады);
- практикалық (білім беру мекемелерінде, арнайы
психологиялық кабинеттер мен орталықтардағы, психолог
маманның жҧмысын қамтамасыз етеді).
Жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы, ӛзіне тән
міндеттерді шешеді, мамандардың біліктіліктеріне сәйкес, жҥзеге
асады. Қызметтің негізгі тҥрлері - психопрофилактика,
психодиагностика, дамыту, коррекция және кеңес беру»
3) Кеңес беру кезеңдері және отбасылық мәселелерді диагностикалау.
4) Психологиялық кеңес беру технологиялары.

Тақырып 13. Зақымдалған дамудың психологиялық сипаттамасы.


1) Жалпы сипаттама: бұзушылықтардың парциалдылығы, қаттылық, психикалық процестердің баяулауы.
2) Сезім мен қабылдаудың, есте сақтаудың, зейіннің, ойлаудың, сөйлеудің, эмоционалды-ерікті саланың, моториканың даму ерекшеліктері.
3) Түзету жұмыстарының болуы немесе болмауы кезіндегі даму болжамы.
Тақырып 14. Дифицитарлық дамудың психологиялық сипаттамасы.
1) Жалпы сипаттамасы: жеке анализатор жүйелерінің дамымауы.
2) Сезім мен қабылдаудың, есте сақтаудың, зейіннің, ойлаудың, сөйлеудің, эмоционалды-ерікті саланың, моториканың даму ерекшеліктері.
3) Түзету жұмыстарының болуы немесе болмауы кезіндегі даму болжамы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет