Ауылдық елді мекендердегі ауаны ластаушы көздер Мал шаруашылық және құс шаруашылық фермалары, энергетикалық және қуатты жылу беретін мекемелер, пестицидтер ауылдық елді мекендерде ауасының негізгі ластаушылары болып саналады. Мал және құс ұстайтын тұрғын ұйлерден аммиак, күкірт сітегі және басқа да газдар атмосфераға шығып, едауір қашықтықтарға таралуы мүмкін. Атмосфералық ауаны ластаушы көздеріне тұқымдық дақылдарды улайтын қоймалар және осы тұқымдар себілген алқаптар жатады.
Табиғи көздер Атмосфераны ластайтын табиғи құбылыстар жерде де болып тұрады. Теңіз тұздарының көтеріліп ұшуы, вулкандардың атқылауы, ормандар мен далалардың өртенуі топырақтың желмен ұшуы, аэрозольдардың шығу тегінің негізгі көздеріне жатады.
Жел эрозиясы топырақтың жоғарғы қабаттарынан ұсақ бөлшектерді желдің ұшыруына байланысты болады, бұл топырақ құрамын нашалатады және өсідіктердің жойылуына әсер етеді. Желдің әсерінен планетада жыл сайын атмосфераға 500млн. тонна шаң көтеріледі. Шаңды борандар Азияның, Оңтүстік Еуропаның, Африканың, Оңтүстік және Солтүстік американың, Австралияның орасан зор аумақтарының топырағын бұзды. 1 га жерден 400 тоннаға дейін топырақ жоғалуы мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар атмосфералық шаң аэропланктон-бактериялармен, өсімдіктер спорасымен, көгеру және басқа саңырауқұлақтармен жүзеге асырылады. Атмосфераның жоғары қабаттарында әлемдік кеңістіктің денелері бөлшектену өнімдері орналасқан – космостық шаңның Жерге жылдық түсу мөлшері 2-5млн тоннаны құрайды.
Атмосфераның рaдиoaктивті ластануы – атмосферада табиғи және жасанды радиоактивті қоспалардың болуы. Олардың табиғи көздері – ыдырау үрдісінде атмосфераға радон және торий изотоптарын шығаратын жер қыртысындағы уран, актиний радионуклидтері және космос сәулелері. Космос сәулелері изотоппен және оттегімен ядролық реакциялар нәтижесінде жеңіл элементтердің радиоактивтік изотоптар қатары – берилий-7, көміртегі-14, тритий пайда болуына мүмкіндік тудырады. Әртүрлі ұзақ сақталатын және қысқа мерзімді радиоактивтік изотоптардың антропогендік көздері – ядролық жарылыстар, атом энергетикасы мен өнеркәсіп орындары. Ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын жасалынып шығарылатын радиоактивті заттардың қомақты бөлігі стратосфераға еніп, одан соң ауа ағымымен улкен қашықтықтарға тарайды. Ядролық жарылыстарда бөлінудің негізгі өнімдері барлық жер шары бойынша шөгілетін радионуклидтер – стронций-90, цезий-137, цирконий-98, көміртегі-14.
Биологиялық тұрғыда кальциймен ұқсас болғандықтан іс жүзінде адам сүйегінде шөгуіне шексіз мүмкіндігі бар ұзақ сақталатын стронций-90 мен цезий-137 де қауіпті. Атомдық энергетика қалдықтарынан атмосферада ең көп тарағандары криптон-85 және тритий.
Атмосферада радиоактивті заттар негізінен аэрозольдарда шоғырланады. Стратосферада радиоактивті өнімдер 3 тен 9 жылға дейін, ал төменгі қабаттарда – 3 айға дейін болады.
Химиялық құрамыАтмосфералық ауаның табиғи химиялық құрамы 20,95% оттегінен, 78% - азоттан, 0,03-0,04% - көмірқышқыл газынан тұрады. Тек 1% ғана инертті газдардың, озонның, метанның, азот тотығының, йод және су буларының бірге алғандағы үлесіне келеді.Ауа сонымен қатар су буы, әртүрлі заттардың бөлшектері, бактериялар, шаң және космостың шаңнан тұрады. Ауа ортасы құрамының өзгерісі болуы мүмкін салдарларын түсіну үшін ауаның құрам бөліктерінің биологиялық ролін қарастыру керек.