Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты



бет3/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#79586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Aвтoкөлік газдармен бірге ауаға 200 әртүрлі химиялық қосылыстарды шығарады. Бұл құрамға көміртегі тотықтары, азот тотығы, қорғасын қосылыстары, ыс, альдегидтер, канцерогендік заттар кіреді.
Автокөлік двигателінде 1 кг бензин жанғанда 15 кг ауа, оның ішінде 3,5 кг оттегі жұмасалады. 1 тонна отын жанғанда атмосфераға 200 ден 800кг дейін көміртегі тотығы (CO) шығарылады.
Aвтoкөлік көлігі елді мекендердің ауа басссейнін ластау көзі ретінде көптеген экономикалық дамыған елдерде қазір бірінші орын алады, бұл жағынан өнеркәсіп пен жылыту –энергетикалық шаруашылығы артта қалған. Мұндай жағдай автокөлік көлігінің қарқынды дамуының салдарынан болып отыр.
Автокөліктер саны әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында жедел түрде артып келеді. Сондықтан елді мекендердің атмосфералық ауасын санитарлық қорғау мәселесін шешу үшін көп жағдайда, бірінші кезекте автокөлік шығаратын газдардың ауа ортасын ластау деңгейін төмендетуге байланысты міндеттерді дұрыс шеше білу керек.
Aвиaция әуежай маңайындағы жерге жақын атмосфера қабатын және стратосфераны азот тотығымен ластайды. Ондағы газдар жауын-шашын арқылы жерге түспейді, сонымен қатар 1-3 жыл бойы сақталады. Ұшақтар жиі ұшатын аудандарда азот тотықтарының бұзылуы нәтижесінде озон мөлшері 2002 жылы 10-15% азаюы мүмкін деген болжам айтылған еді.
Темір жол көлігі елді мекендердің ауа бассейнін ластау көзі ретінде бұрынғы уақытпен салыстырғанда қазір аса маңызы емес. Өйткені темір жолдардың көпшілігі электрлендірілген, көптеген тасымалдауларды электровоздар атқарады. Алайда, темір жолда әлі сұйық отынмен жұмыс істейтін дизельдік машиналар бар. Олар темір жол пунктерінің, вокзалдардың, станциялардың маңайындағы елді мекендердің ауасын күкіртті газбен, азот тотығымен, ыспен ластайды.
Қазіргі кезде су көлігін пайдалану кеме жүретін өзендер және басқа ішкі су қоймаларының жағаларына орналасқан елді мекендерде, портты қалаларда отын толық жанбаған өнімдерімен ауа бассейнін ластаудың қосымша себептерінің бірі болып отыр. Шағын өзендік моторлы флотты шамадан тыс жиі қолдануға (катерлер, моторлы қайықтар) байланысты су кеңістіктерінде жағалай орналасқан елді мекендердің ауа бассейнінің ластануы арта түсуде.
Елді мекендердің ауа бассейнін басқа да ластаушы көздер болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ауа бассейнін ластау көздерінің барлығынан ең негізгісі өнеркәсіптік мекемеле, жылулық энергетикалық объектілерінің қуаттылығына, автокөліктердің дамуына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет