Тақырып: «Қазақстандағы идеологиялық жағдай»


Тақырып: «Саяси жүйелердің құрылымдары,типтері,даму заңдылықтарына талдау жасау»



бет4/11
Дата02.05.2023
өлшемі108,95 Kb.
#89247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бахадур Ақтоты саясаттану

Тақырып: «Саяси жүйелердің құрылымдары,типтері,даму заңдылықтарына талдау жасау»




Саяси жүйенің құрылымы
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.


Солардын ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол когамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалык және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, сріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, молиция. милиция және т.т.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардыңжүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекеткогам атынан оның іпікі және сыртқы саясатын атқара алады.


Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында казіргі қоғамныңса-яси омірінде еи үлкен рөл атқаратындар — саяси партиялар. Олар мемлскеттік билікті жүзеге асыруга, саяси жүйені, идеология-лар мен доктрпналарды, қоғамдык пікірді, саяси сана мен мәдениетгі калыптастыруга атсалысады.


Қоғамнын ең бұкаралык ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардын ыкпалы әр елде әр түрлі. Біздін елімізле олар халык. шаруашылығын өркендетудін манызды міндеттерін шеіпуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек зандарының катаң сакталуын кадағалайды. Олардың денсаулыгын сактауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге камкорлык жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу. балабакшасына орналастыру, мектеп окушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қазір оның ыкпалы төмендеп кетті.


Қоғамнын саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе, феодалдык қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондыктан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінін заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция ұйымы — инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарынын әсері әлдеқайда бәсеңдеді, біраксаяси өмірде ыкпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар катты кудаланған болатын. Казіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күндеде соңында миллиондаган дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.


Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардын қатарына жастар одағын, еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен катар биліктен алшақ, де-генмен, белгілі бір жағдайларда оған ықпал да жасай алатын ұйым-дар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қоғамдар. көптеген ерікті, спорт, мәдени жәие т.б. ұйымдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет