Тақырып: «Қазақстандағы идеологиялық жағдай»



бет6/11
Дата02.05.2023
өлшемі108,95 Kb.
#89247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Саяси жүйе қоғамдык өмірдің барлык салаларыньщ дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айкындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалык, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Әдетте, мақсаттарды саяси партиялар зерттеп дайын-дайды. Парламенттік сайлауда жеңген партиянын саяси бағыты мемлекеттің еріксіз мәжбүр ететін күштеріне (әскер, милиция) сүйеніп жалпыға міндетгі мемлекеттік жарлык сипатын алады. Мемлекетгік басқару органдары қоғамды кабылдаған шешімдерді орындауға жүмылдырады, қоғамдык. процестерге әсер ететін негізгі тетікке айналады.


Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады.
Тақырып: «Саяси режимнің түрлері мен оларлың ерекшеліктерін ашып көрсету»


Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе. Бұл жағдай қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көрсетеді. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі «саяси режим» ұғымымен белгіленеді.
Қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдеделерін қалай біріктіруге болады деген әлеуметтік проблемалар «мәңгілік» болып қала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерделенген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің авторитарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі (дифференциясы) және нақты түрі(модификациясы) бар.
Демократиялық режим дегеніміз - мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.Сондай ақ барлық азаматтардың заң алдында тең праволық фактілеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет