Тақырып: «Қазақстандағы идеологиялық жағдай»



бет2/11
Дата02.05.2023
өлшемі108,95 Kb.
#89247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бахадур Ақтоты саясаттану

Қорытынды
Әрбір саланың дамуы үшін қаншалаған адамдар еңбек етүі керек дәл сол сияқты Саясаттану саласының дамуы үшінде өте көп ғалымдар еңбек етті Мәселен олардан бірі ең алғаш саясатттану саласының дамуы үшін еңбек еткен адамдар Аристотель Платондардың өте көп еңбегі тиді жалпы Саясаттану ғылымының дамуында ғалымдардың еңбегі өте үлкен болып есептелінеді.


Тақырып: «Саяси билік пен мемлекеттің биліктің ара жігін ашып талдаңыз»


Билік ұғымы түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, ата-аналар билігі, экономикалық, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік т.б. Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті.
Саяси билік мемлекеттік және қоғамдық деп бөлінеді. Мемлекеттік билік саяси институттар (парламент, үкімет, сот органдары т.б.) тәртіп сақтау органдары (полиция, армия, прокуратура т.б.) және юридикалық база арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық билік партиялық құрылымдар, қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық пікір арқылы қалыптасады. Саяси билік негізінен екі нысанда (формада) өмір сүреді: ресми (жария билік) және ресми емес (жария емес) билік — ықпалды топ, адамдардың, қысымшы топтардың билігі.
Билікті жіктеу түрлері — қызмет атқару саласы бойынша: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, заңдық, зайырлы, діни билік; субъектісі бойынша: парламенттік, үкіметтік, соттық, таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билігі; төтенше құзырларының көлемі бойынша: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық билік және т.б.; басқару режимі бойынша: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық т.б.; әлеуметтік түрі бойынша: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік билік және т.б.; ресурстары бойынша: экономикалық, әлеуметтік, рухани-хабарламалық; функциясына қарай — заң шығарушы, атқарушы, сот.
Саяси биліктің ең жоғарғысы, ең толық дамыған түрі, оның өзегі — мемлекеттік билік. Бірақ мемлекеттік билік пен саяси билік тең емес. Кез келген мемлекеттік билік — ол саяси билік, ал кез келген саяси билік бұл мемлекеттік билік бола бермейді. Саяси биліктің ауқымы мемлекетік билік ауқымына қарағанда кеңірек. Мемлекеттік билікке — белгілі бір аумақтағы барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) сияқты саяси жүйенің басқа да элементтері арқылы да көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет