Тақырып: Бас ми физиологиясы



бет4/5
Дата30.01.2023
өлшемі10,98 Mb.
#63882
1   2   3   4   5

Адам миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу бас терісінің үстінен, кейде операция кезінде ашық ми бетінен немесе миға енгізілген микроэлектродтар көмегімен жүргізіледі. Тіркеуші электродтардың орналасуы әртүрлі болады: униполярлы, биполярлы және мультиполярлы. Солардың ішіндегі белсенді электродтармен мидың белгілі бір аймағындағы биопотенциалдар тіркеледі.

Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық немесе спонтанды электрлік белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі

Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық немесе спонтанды электрлік белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі

Альфа-ырғағы - жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 30-70 мкВ по-тенциалдардың синхронды тербелістері. Олар көбіне, тыныштық жағдайда көзді жұмып отырғанда, мидың артқы бөлімдерінде байқалады.

Бета-ырғағы - жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 10-30 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар организмнің белсенді әрекеттерінде (эмоциялық қозу, ойлық және физикалық жүктеме) мидың маңдай және орталық аймақтарынан тіркеледі.

Тета-ырғағы - жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 100-150 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар қалғуда, ұйқының бастапқы кезеңінде, жеңіл наркоз берілгенде және кейбір науқастарда байқалады.

Дельта-ырғағы - жиілігі 1-4 Гц, амплитудасы 250-300 мкВ потенциал тербелістері. Олар терең ұйқы кезінде, қажуда және терең наркоз берілгенде тіркеледі.

МИДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯСЫ (КТ)

КТ-рентген сәулелерін қолдана мидың ішкі құрылысы, ми сауытының сүйегі, бастың басқа да тіндерін зерттеледі. КТ арқылы мидың жұқа кесінділері жасалып, математикалық модель түрінде мидың ішкі құрылысының суреттері жасалады. Компьютерлік томография пациент денесін айналып тұратын рентген аппарат. Аппарат денені әр түрлі бұрыштан түсіріп, математикалық компьютерлік өңдеуден өткізіп үш өлшемді мидың моделін жасап көрсетеді.

МАГНИТТЫ РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯ (МРТ)


Қазіргі кездегі ми құрылысын зерттеуге арналған ең көрненті, объективті әдіс. Бұл әдісте рентген сәулелері қолданбайды, бұнда сутек атомдарының магнитты резонансы қолданылады. МРТ- да организмге ешқандай сәулелердің әсері болмайды (тек кардиостимуляторы бар адамға істеу болмайды). МРТ арқылы мидың құрылысын зерттеу үшін пациентті күшті магниттік өріс ішіне орналастырады. Адам денесіндегі сутек атомдары магнитті өріске параллельді бағытта сапқа тұрғандай орналасады. Сол кезде аппарат негізгі магнитті өріске перпендикулярлы электромагнит сигналдарын жібереді. Сутек атомдары қозып, жауап ретінде өз сигналдарын жібереді. Сигналдарды аппарат қабылдайды. Әр түрлі тіндерде сутек атомдарының саны әр түрлі, сондықтан олардың жауаптары әр түрлі болады.
МРТ - оларды танып, жіктеп, әр түрлі суреттер құрастырады. МРТ кеңінен неврологияда, нейрохирургияда қолданады. Ми ісіктерін, тұқым қуалайтын кемшіліктерді, мидағы қабыну процестерді, шашыраңқы таралған склероз ауруларын және басқаны анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет