Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ал білім беру жүйесіндегі жаңалықтың негізі – әрбір білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдай отырып, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу.
Есеп шығару кезеңінің әр сатысы міндетті түрде негізделіп, дәлелденіп отыруы қажет. Яғни әрбір жаңа ой қорытындысы қандай тұжырымнан туындалды, не себепті олай деп пайымдауға хақымыз бар деген сұрақтарға мұқият жауап берілуі керек.
толық шығару
Теңдеудің бір шешімі дұрыс табылды делік, ал оның әлі екі шешімі бар. Бірден түсінікті, есеп толық шығарылған жоқ , немесе кейде иррационал теңдеулерді шешкенде бөгде түбірлер пайда болуы мүмкін. Егер табылған шешімдердің бәрін тексеріп болмай, теңдеудің түбірі десек, есептің толық шығарылмағаны.Зерттеулерге арналған есептерде (әсіресе, геометриялық) мүмкін болатын барлық жағдайлар қарастырылған жағдайда ғана, есеп толық шығарылады деп айта аламыз.